- Басты
- Коронавирус: Елімізде аурудың таралуы азайып, карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді
Коронавирус: Елімізде аурудың таралуы азайып, карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді
Коронавирус індеті басталғалы елде 103 033 адам онымен ауырған. Ал өткен тәулікте 337 адам ковид жұқпалы дертімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Өткен тәулікте ковид жұқтырғандардың ішінде 172 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді.
Өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 34 / 12
Алматы қаласы - 51 / 31
Шымкент қаласы - 4 / 2
Ақмола облысы - 24 / 15
Ақтөбе облысы - 2 / 2
Алматы облысы - 5 / 2
Атырау облысы - 10 / 6
Шығыс Қазақстан облысы - 36 / 11
Жамбыл облысы - 10 / 5
Батыс Қазақстан облысы - 24 / 15
Қарағанды облысы - 37 / 14
Қостанай облысы - 19 / 10
Маңғыстау облысы - 14 / 14
Павлодар облысы - 22 / 7
Солтүстік Қазақстан облысы - 25 / 11
Түркістан облысы - 20 / 15
Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 18 841 адам ем қабылдап жатыр.
Олардың арасында 99 жеткіншек бала бар. Стационарларда 3 279 науқас жатыр. 15 562 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 406 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 103 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Өткен тәулікте коронавирустан 18 адам қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша қазіргі таңда аурудың таралуы бірітіндеп азайып келе жатыр. Соған орай, бүгін - 17 тамыздан бастап барлық өңірде кәсіпкерлік субъектілерінің кейбір қызмет түрлері жұмысын қайта бастайды.
Олар: СОСО, сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш. м); сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.); бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.); балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (топтарда — 5 адамнан артық емес, жазылу бойынша); мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық емес); ашық ауадағы аттракциондар (қашықтықты сақтау, маска тағы, адамдар ағынын реттеу).
Жұмыс берушілерге қызметкерлердің кемінде 80% үшін қашықтан жұмыс істеу форматын сақтау ұсынылады. Бірқатар нысанның жұмысына тыйым сақталды.
Атап айтқанда ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге, сонымен қатар үйде өткізуге;
- барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, фудкорттардың, кинотеатрлардың және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына;
- мәдениет нысандарының, музейлердің қызметіне, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге;
- бассейндер, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктердің жұмысына;
- діни нысандардың жұмысына; - қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электричкалардың қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/микроавтобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды құруға тыйым салынады.
Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.
Шілде айында карантиндік шектеу мерзімінің созылуына орай табысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған еді. Соған байланысты бүгінгі есеп бойынша 2,3 млн-нан астам қазақстандық біржолғы төлем алды. 17 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша 2 млн 564 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 341,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 328,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 564 мыңнан астам өтінімнің ішінде:
– 834,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;
– 666,5 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;
– 401,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 660,7 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;
– 0,3 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.
Азаматтардың санаттары бөлінісінде:
– 834,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);
– 252,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;
– 1 млн 477 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Төлем 2 млн 350,3 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 341,1 мың қазақстандыққа аударылды.
Фото: дереккөз
-
COVID-19: АҚШ-та жұқтырғандар саны 25 млн-ға жетті, Нидерландыда наразылық шаралары күшейді
-
Елімізде Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау басталды
-
Коронавирус әлемде: Еуропада жаппай вакцинациялау басталды, АҚШ пен Үндістанда аурудың таралуы күрт өсті
-
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі
-
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары
-
Елдегі эпиджағдай: Бірқатар аймақта карантин шаралары жеңілдетілуде
-
Жамбыл облысының дамуы: Фармацевтика, жұмыспен қамту мәселесі және коронавируспен күрес шаралары
-
СOVID-19: Әлем елдері карантин шараларын жеңілдете бастады
-
Мемлекеттік хатшы: Елімізде қайырымдылық рейтингісі жасалып, волонтерлер ынталандырылуы қажет
-
Павлодар облысындағы ШОБ-ты қолдау шаралары мен әлеуметтік-экономикалық ахуал
-
COVID-19: Германия карантин шараларын ұзартпақ, ал америкалықтар ковидке қарсы вакцинациялауды бастайды
-
ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы
-
COVID-19: Француздар карантин талаптарын жаппай бұзуда, ал Германия эпиджағдай бұдан әрі ушығатынын айтып отыр
-
Коронавирустың екінші толқыны: Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі
-
Коронавирустың екінші толқыны: Дәрі-дәрмек бағасы көтеріле ме

