• Басты
  • Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді

Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді

19 Мамыр, 2021 18:28

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары келіп дәл қазіргі уақыттағы коронавирустық инфекцияның таралу жағдайы туралы есеп беріп, сұрақтарға жауап берді. Халыққа салынып жатқан вакциналар, вакцинадан кейін орын алған өлім мен бүгінгі эпидахуал туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалынан біліңіз.



19 мамырдағы эпиджағдай

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша 19 мамырдағы жағдайға сәйкес 36 617 адам коронавирус инфекциясынан (36 108 КВИ+ және 509 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың 13 452-і стационарда емделіп жатыр, ал 23 165 пациент амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 761 адамның жағдайы ауыр,

• 185 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 110 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылғы 19 мамырдағы мәлімет бойынша 124 жаңа жағдай тіркелді. Коронавирустан ем алып жатқан 70 адам жазылып шыққан. Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бастап коронавирусқа шалдыққан науқастар саны 54 277. Ал сауығып шыққан пациенттер саны 52 903 адамды құраған.

Бүгінгі брифингте в ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният және ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова баяндамасыз келген. Олар халықты алаңдатқан сұрақтарға журналистер алдында тікелей жауап берді. Сұрақтардың басым бөлігі вакциналар туралы болды. Сонымен қатар вакцина алған азаматтардың қайтыс болуы туралы сауалдар болды.

Вакцинадан кейінгі өлім жағдайларын арнайы комиссия тексеруде

Вакцина алғаннан кейін өлім құшқан азаматтардың оқиғасы туралы мәселеге ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ресми жауап берді. Оның айтуынша, жағдайдың бәрі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тікелей бақылауында. Ол өлімге себепті созылмалы аурулармен байланыстырды.

«Алматы облысындағы жағдай туралы айтар болсам, науқас біздің әріптесіміз еді. Ол қалалық перзентханада жұмыс істеген. Арнайы комиссия қүрылып бұл жағдай толығымен зерттелді. Қазіргі уақытта комиссия жұмысты аяқтады. Әріптесімізде жүректің созылмалы ауруы болған. Диспансерде тіркелген. Ол ауырғанына қарамастан, дәрігерге барып қаралмаған, сонымен қатар жүрек ауруына берілетін ауыр препараттар қабылдамаған, - деді Ажар Ғиният.

Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша вакцинаның дұрыс сақталғаны және тасымалданғаны белгілі болды. Вице-министрдің сөзінше, олар вакцинадан медициналық сараптама бойынша вирусты да, органдық вирусты да таппады.

«Өлімге себеп болған вакцина емес, жүрек ауруы болып отыр. Ал екінші рет тіркелген жағдай туралы айтар болса, қайтыс болған азамат вакцина салардан бұрын дәрігер қарауында болмаған және ешбір диспансерде тіркеуде тұрған жоқ. Ол Алматы қалалық емханада «Спутник» вакцинасының екінші компонентін алған. Бұл жағдай комиссияның арнайы тексеруінде. Нақты қорытынды әлі шықпады», - деді ол.

Ал үшінші жағдай Ақтөбе облысында орын алған болатын. Вакцина салғаннан кейін бірнеше сағатта көз жұмған марқұм ишемиялық инсультке тап болған. Ғиният бұған да вакцина себеп болмағанын алға тартып отыр. Себебі, науқаста бұрыннан созылмалы ауру болған.

Төртінші жағдай бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Комиссия зерттеу мен сараптама қорытындыларын әлі ұсынбапты. Ажар Ғиният айтқандай, төртінші жағдайда көз жұмған азаматтың екінші компонентті алғаннан соң 12 күннен кейін жүрегі тоқтаған.

Коронавирустан келген өлім-жітім статистикасы неге бұрмаланған?

Ажар Ғиният коронавирустан келген өлім-жітімнің есебі мен статистикаға байланысты есеп берді. Оның айтуынша, ҚР денсаулық сақтау министрлігі өлім-жітім себептеріне дербестендірілген арнайы талдау жасаған.

«Біз комиссия ұсынған деректерді қарап, өлімге әкелген жағдайларды зерттеп, патологоанатомиялық және сот-медициналық сараптамалардың хаттамаларын ескердік. Сөйтіп, ведомтствоның ресми сайтында коронавирустан болған өлім-жітім туралы нақты деректерді жарияладық. 2020 жылы коронавирус инфекциясынан болған өлім-жітім көрсеткіші бойынша түпкілікті деректер 4729 адамды, оның ішінде коронавирустық инфекциямен сәйкестендірілген - 1 783 адамды, сәйкестендірілмеген - 2 946 адамды құрады», - деп хабарлады Ажар Ғиният.

Ол өткен жылы статистика жедел түрде жасалғандықтан асығыс болғанын жеткізді. Соның салдарынан ауруға шалдыққандар мен қайтыс болғандар туралы даулы мәселе жиі орын алған болд. Елді жайлаған індетті еңсеруге арнайы штаб жұмысы үшін қажет болды. Ал осы жылғы статистикалық мәліметтер Ұлттық статистика бюросымен салыстырылатын болады.

«COVID-19-дан болатын өлім-жітім туралы мәліметтер әр тоқсан сайын жаңартылып, деректер Ұлттық статистика бюросымен салыстырылатын болады. ҚР Денсаулық сақтау жүйесіне тиісті барлық дерек «Е-статистика» Ұлттық статистика бюросы жүйелерімен, «Тіркелген халық тіркелімі» жүйесімен біріктірілген», - деді ол.

Ғинияттың жауабын нақтыласақ, ковидтан қайтыс болған марқұмның туыстары медициналық ұйымнан барып арнайы анықтаманы қағаз тасығыш арқылы алып, жергілікті АХАЖ бөліміне апарып тіркеп, қайтыс болу туралы куәлік алады. Жоғарыда айтқан денсаулық сақтау жүйесіне тіркелген деректерді жүйелерде біріктірген уақытта медициналық ұйымдарда тіркелетін қайтыс болу туралы деректер тікелей АХАЖ органдарына және Ұлттық статистика бюросына түсетін болады.

Журналистер дәрігерлер мен өзге де денсаулық сақтау саласындағы жауапты қызметкерлердің өлім-жітімге қатысты статистикалық мәліметтерді бұрмаланғаны туралы сұрақ қойылды. Ғинияттың түсіндіруінше, бір орталыққа барлық аймақтан жылдық есептер белгілі мерзімде жіберіліп отырады.

«Арнайы комиссия бұл жағдайларға тексеру жұмыстарын жүргізді. Комиссияның тексеру нәтижелері көрсеткендей, көп жағдайда науқастың коронавирус екені анық жазылса да, жалпы есепке пневмониядан көз жұмды деген дерек берілгені анықталды. Дәрігерлер комиссиялық тұрғыда өздері қарап, қайта есептеуді жүргізді» - деді спикер.

Қанша қазақстандық коронавирустан көз жұмды

Вице-министр бұл қателіктің болуы өткен жылы дәл осы уақытта барлық медицина қызметкерлері жаппай науқастарды емдеумен ғана айналысқанымен байланыстады. Оның айтуынша, инфекциялық дәрігерлер, ОСМС дәрігерлері, ауруханалардың әкімшілік бөлімінде қызмет ететін мамандар да жұмыс істеді.

«Осындай статистикалық мәліметтерде ауытқу болған жағдайларға байланысты қателік жіберген қызметкерлерді жазалау туралы бұйрық бар. Бірақ біздің қызметіміз жазалаумен шектелмейді. Бұрын-соңды болмаған пандемия жағдайында дәрігерлерге жаза қолданғаннан гөрі үйреткен тиімдірек болып отыр. Сондықтан біз осы тақырып аясында ауқымды семинарлар мен вебинарлар жүргіздік», - деді ол.

Қазіргі уақытта ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік статистикамен бірлесіп, халық тіркелген регистрді барлық медицина ұйымы қарауға рұқсат алып, жұмыста пайдаланатын болды. Барлық статистикалық мәліметтер бір жүйеге енгізіліп, жаңа мәліметтер бірден тіркеліп отырады.

Өткен жылы коронавирустан қайтыс болғандардың нақты саны 4 729 адамды құрады. Оның ішінде коронавирус инфекциясы анықталған 1783 адам, ал анықталмаған 2946 адам.

Вакцина салып, ковид жұқтырған жағдайларға түсінік берді

Вакцина салса да ауру жұқтырған науқастарға қатысты түсінікті ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова берді. Оның айтуынша, вакцина салғаннан кейін вирус жұқтыру бойынша мониторинг жүргізіліп жатыр.

«Нақты айтар болсам, біз мониторингті вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін де, екінші компоненті бойынша да жасалады. Қазіргі уақытта елімізде вакцинаның бірінші компонентінен кейін 541 адам вирус жұқтырған. Ал екінші компоненттен кейін вирус жұқтырғандар саны – 104 адам», - деді Айжан Есмағамбетова.

Ол мұның себебін былай түсіндірді:

«Мәселен, «Sputnik V» вакцинасының тиімділігі 92 пайызды құрайды. А қалған 8 пайызында иммундық жауап болмайды. Сол 8 пайызы коронавирусты қайта жұқтырады. Азаматтардың бірінші және екінші компонентпен алған екпелерінің санын есептейтін болсақ, онда бірінші компоненттен кейінгі үлес салмағы 0,02%-ды, ал екінші компоненттен кейін - 0,03%-ды құрайды. Бұл сандар вакцинацияның тиімді екенін дәлелдейді», - деді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы.

Брифингте берілген мәліметке сәйкес вакцинацияланған 1,8 млн адамның 541-і ғана ауырған, яғни 0,02%. Ал өндірушінің өзі болжаған көрсеткіш 8%, яғни 100 адамның 8-і ауырып қалуы мүмкін, бірақ ауыр жағдайлардан қорғау да маңызды. Айжан Есмағамбетова, вирус жұқтырған вакцина салдырушы оны жеңіл өткізетінін және өлім жағдайына соқтықпайтынын айтып сендірді.

Отандық вакцина неге тапшы?

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов вакцинаның тапшылығы туралы айтты. Оның айтуынша, вакцинаны алғаш рет алатын адамдарда таңдау бар.

«Тіпті екінші рет салатын компонентке де таңдау бар. Вакцина салушыға біріншідегідей вакцина дозасын салдыруы керек. Қазіргі уақытта Қазақстанда алғашқы компонент бойынша 2-3 млн дозадан астам вакцина жеткізілді. Ол қор әлі біткен жоқ. Екінші компонент бойынша 800 000 вакцина дозасы бар. Оның 400 000-ы «Спутник» вакцинасы болып табылады. Қалғаны өзге вакциналар, - деді Шоранов.

Журналистер Шорановтан қазақстандық «QazVac» вакцинасы туралы сұрады. Марат Шоранов айтқандай, бүгінгі таңда «QazVac» вакцинасының айына 50 мың дозасы өндіріледі. Вакцина шығаратын зауыт icке қoсылғaн сoң бұл көpcеткiш арта түспек.

«Жaлпы, зayыттa «QazVac»-тaн бaсқа вaкцинaлap да өндipiлетін болады. Оның қуaттылығы жылына 60 000 000 доза вакцинаны құрайды. Ал экспортқa кeлсeк, көpшi мeмлекeттep қызығушылық танытып жатыр», - деді ол.

Азия мен Еуропа eлдepі отандық екпeге қызығyшылық тaнытуда. Марат Шорановтың айтуынша, вакцинаны экспортқа шығару үшін оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы тіркеуіне өткізу шарт.

"Егер де осы сұрақтар шешілсе, «QazVac» шетелге экспортқа шығарылады», - деді Марат Шоранов.

Алматы тұрғындарының басым бөлігі отандық вакцинадан өзге вакцина салуға келіспей отыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының бұл мәселеге қатысты түсінік берді. Айжан Есмағамбетованың айтуынша, отандық вакцинаның келуін күтпеу керек.

«QazVac» вакцинасының 50 мың дозасы бүкіл Қазақстанның барлық өңіріне жіберілді. 50 мың доза вакцина 25 мың адамға жетеді. Алматыға 6000 доза жеткізілді. Бұл мөлшер 3 000 адамға салынады. Солай есептелген. Ақпарат жүйелерінің мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда 2800 адам вакцинацияланған, «QazVac»-тың 200 дозасы әлі де бар», - деді ол.

Қазақстанда барлығы неше вакцина түрі қолданылып жатыр?

Қазіргі уақытта кей аймақтарда ғана «QazVac», барлық өңірлерде «Синофарм» және «Спутник» вакциналары жеткілікті. Егер тұрғындар «QazVac» вакцинациясын салдырғысы келсе, онда, келесі екінші партины күтуге мәжбүр.

«Мен Қазақстанда қолданыстағы барлық үш вакцина да тиімді және қауіпсіз екенін айтқым келеді. Қaндaй дa бoлмaсын бip вaкцинaны күту турaлы шешім қабылдaғaндa, уақытты өткізіп алу қауіпі туралы ойланған жөн. Өйткені вирустың таралуы әлі тоқтаған жоқ. Вирустың таралуын тоқтатудың бір ғана жолы бар. Ол –ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Ал ұжымдық иммунитетті вакцина ғана қалыптасыра алады», - деді Айжан Есмағамбетова.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері «Pfizer» немесе «QazVac» екпелерінің қашан түсетінін күтпей, қолда бар және қолжетімді вакцинаны салдыруға кеңес берді. Қазақстанның барлық өңірінде қазіргі таңда «Спутник» пен «Синофармвакциналары бар. «QazVac» вакцинасы да екі рет алынады. Яғни арасына 21 күн салып екі бірдей компонентті алады.

Айжан Есмағамбетованың дерегінше, қазіргі таңда республикада «Hayat-Vax» вакцинасының 800 мың дозасы бар. Вакцинаның бұл түрі де екі рет салынады.

«Осы есепке сәйкес 400 мың адам аталған вакцинаны салдырта алады. Бүгінгі таңда әртүрлі өңірде 100 мыңға жуық адам «Hayat-Vax «вакцинасының алғашқы компонентін алды. Және айтқым келеді, вакцина салу үшін ПТР сараптама сұралмайды. Мұндай талап ешбір мемлекетте жоқ», - деді ол.

Жаппай дезинфекциялау жұмыстары тоқтады

Бүгінгі брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов дезинфекциялау жұмыстарына қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, өткен жылы коронавирус пандемиясы басталған уақытта вирус толық зерттелмеді. Оған орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша жаппай дезинфекциялау жұмыстары жасалды. Мұндай дезинфекциялау жұмыстары қазақстанда ғана емес, Қытайда, Еуропа елдерінде өтті.

«Өткен жылы Денсаулық сақтау министрлігі адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарды, қоғамдық көліктерді, аялдамаларды, барлығын дезинфекциядан өткізу, дезинфекциялық тоннель орнату туралы бұйрық берген еді. Ал қазір зерттеу жұмыстарының нәтижесі вирус контактілі беттерді дезинфекциялаудың басқа шараларға қарағанда тиімдірек екенін көрсетіп отыр. Осыған орай, ведомство ғимараттарды, көшелерді, қоғамдық орындарды дезинфекциялауды тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл шешім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының осыан байланысты талабына толық сәйкес келеді, - деді Марат Шоранов.


Барлық жаңалықтар