• Басты
  • Коронавирус: Қазақстанда өлім жағдайы тіркелген жоқ
20 Наурыз, 2020 10:37

Коронавирус: Қазақстанда өлім жағдайы тіркелген жоқ

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан ауырғандар арасында өлім жағдайы тіркелген жоқ. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов баспасөз мәжілісінде мәлім етті, деп  Strategy2050.kz хабарлады тілшісі.

Коронавирус: Қазақстанда өлім жағдайы тіркелген жоқ
"Бүгінгі күні елімізде 49 факті тіркелді. Алматы қаласынан – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам, Қарағанды қаласында -  2 адам. Алайда мессенжерлерде, басқа да әлеуметтік желілерде түрлі жалған ақпараттар тарап жүр. Оның ішінде өлім шығыны да бар. Шегелеп айтқым келеді, республикада өлім жағдайлары бүгінде жоқ", - деді ол. 

Оның сөзінше қазіргі таңда қазақстандаықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында үкімет тәулік бойы жұмыс істеуде.

"Мемлекет басшысының тапсыруымен  Қазақстан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін еліміде төтенше жағдай енгізілді. Осы бағытта жасақталған мемлекеттік комиссия өз жұмысын істеуде. Қазіргі күні үкімет тәулік бойы қызмет етуде. Маңызды әрі нақты шешімдер бір-екі күннің ішінде қабылдануда. Жасалып жатқан шаралар коронавирус індетінің басқа өңірлерге таралуына жол бермеу, оның алдын алу. Сондықтан осында нақты шаралар қабылдап отырмыз", - деді Ералы Тоғжанов.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды