• Басты
  • Коронавирус: 17 өңірдегі медицина қызметкерлері 100 пайыз үстемақы алды
22 Сәуір, 2020 18:24

Коронавирус: 17 өңірдегі медицина қызметкерлері 100 пайыз үстемақы алды

Қазақстанның 17 өңіріндегі медицина қызметкерлері 100 пайыз үстемақы алды. Бұл туралы еліміздегі коронавирустық инфекцияға қатысты ағымдағы жағдай және эпидемияға қарсы тәртіпті ұстану бойынша баспасөз мәжілісінде ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп Strategy2050.kz хабарлады тілшісі.

Коронавирус: 17 өңірдегі медицина қызметкерлері 100 пайыз үстемақы алды

Бас санитар дәрігердің сөзінше, президенттің тапсырмасымен коронавирусқа қарсы күреске бағытталған іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және қолдау мақсатында республикалық бюджеттен 40 млрд 400 млн теңге бөлінген.

"Наурызда аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бір айда 3млрд 2 млн теңге жұмсалды. 17 өңірдегі медицина қызметкерлері 100 пайыз үстемақы алды. Наурызда медицина қызметкерлерінің коронавирус жұқтыруына орай үш топқа бөлінген. Бірінші топта - 1 366 адам, екінші топта - 7 186 адам, үшінші топта - 7 901 дәрігер тіркеліп, эпидемиологиялық шараларға тікелей қатысқан 16 453 маманға жұмыс істеген уақытына қарай үстеме ақы төленді",  деді Айжан Есмағамбетова.  

Оның айтуынша, қазіргі кез Қазақстандағы коронавирус инфекциясының асқынған шағы болып тұр. Бұған дейін де ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова еліміздегі аталмыш вирустың асқынған шағы сәуірдің соңы мен мамыр айына болжанғанын атап өткен болатын. 

"Қазіргі кезде елде коронавирус инфекциясымен сырқаттану саны көбейіп, өршіп тұр. Эпидемиологиялық тұрғыдан бізге аурудың өсу қарқыны маңызды. Өйткені бұл эпидемияның таралуын нақты көрсетеді. Сонымен қатар сәуір айынан бастап қаіпті топқа жататын адамдарға зертханалық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл да аурудың таралуына әсер етті", - деді Бас санитар дәрігер.


Оның айтуынша, бүгінде вирустың өсу қарқыны 8 пайызды құрап отыр. Алдағы уақытта оны 1 пайызға дейін азайту көзделіп отыр.

"Ауруға шалдығу фактілерінің өсуі үш ай бойына, атап айтсам, наурыз, сәуір, мамыр айларында байқалады.  Осыған байланысты біз қазір өршу кезеңіндеміз. Біздің мақсатымыз - апталық өсу қарқынын 5 пайызға дейін, одан кейін 1 пайызға дейін азайту. Бүгінде өсу қарқыны 8 пайызды құрап отыр. Мамыр айынан кейін  коронавирус жоқ болып кетпейді. Одан соң да тіркелуі мүмкін. Сондықтан профилактикалық шараларды тқрақты түрде орындап, сақтау керек", - деді Айжан Есмағамбетова.


Cонымен қоса Бас санитар дәрігер рамазан айында да карантин талаптарын орындап, коронавирусқа шалдықпау үшін бірқатар кеңес айтып өтті.

"24 сәуірден бaстап қaсиетті ораза басталады. Осы орайда COVID-19 инфекциясының  ауа, тaмшы aрқылы таралатынын тағы бiр айтқым келеді. Адаммен жақын байланыста болған кезде, түшкiру немесе жөтелу, cөйлескенде, гигиенаны сақтамай вирус жұққан заттарды ұстағанда да коронавирусқа шалдығуы мүмкін. Оразада әдетте адамдар жиналып, бiр-бiрiне ауызашарға барады. Бірақ биыл мұндай емес, ерекше болғалы тұр. Өйткенi бәрiмiз қазiр iндетпен күресiп жатырмыз. Сондықтан Рамазан айында да бiзге кoронавирустың aлдын алуға, жиналмауғa турa келеді», - деді Бас санитар дәрігер.

Бұдан бөлек Айжан Есмағамбетова елдегі коронавируспен ауырып, емделіп шыққандар саны 505-ке жеткенін атап өтті.

"Атап айтсам, Нұр-Сұлтaн қалaсы – 205, Aлмaты қаласы – 88, Шымкeнт қалaсы – 17, Ақмола облысы – 19, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 9, Атырау облысы – 29, Шығыс Қaзaқстан oблысы – 5, Жамбыл облысы – 24, Батыс Қазaқстан облысы – 2, Қарaғaнды oблысы – 19, Қостанай облысы – 1,  Қызылордa oблысы – 29, Маңғыстaу oблысы – 4, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркiстан облысы – 18 адaм жазылып шықты", - деді ол.
Назерке Сүйіндік
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды