• Басты
  • Коронавирус: Абаев емделіп шыққан азаматтардың жеке мәліметтерін таратпауға шақырды
26 Наурыз, 2020 16:41

Коронавирус: Абаев емделіп шыққан азаматтардың жеке мәліметтерін таратпауға шақырды

Коронавирус инфекциясын жұқтырған екі азаматтың емделіп шыққаны белгілі. Бүгін олар ресми түрде ауруханадан шығарылды. Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев емделіп шыққан азаматтардың жеке мәліметтерін таратпауға шақырды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілішсі.

Коронавирус: Абаев емделіп шыққан азаматтардың жеке мәліметтерін таратпауға шақырды
"Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам емделіп шықты. Оның бірі - Нұр-Сұлтан қаласынан, екіншісі - Алматыдан.  Бұл жаңалық жарияланғаннан кейін көпшілік науқастар туралы ақпарат сұрап, қоңырау шала бастады. Осы орайда, медициналық құпияны сақтау қажеттілігі туралы еске салғым келеді. Бұл індетпен зардап шеккендердің барлығы бірдей елге танымал болғысы келмейді. Сондай-ақ мен қазақстандықтарды емделіп шыққан азаматтардың жеке мәліметтерін таратпауға шақырамын. Олар жөнінде қандай да бір ақпарат білген жағдайда, ол туралы азаматтардың жабаша келісімінсіз таратпауды сұраймын", - деді Абаев.
абай.jpeg

Сонымен қатар министр өз сөзінде төтенші жағдайдың әсерінен табысын жоғалтқандар үшін бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы жарияланатынын атап өтті. Оның айтуынша, берілетін төлемдер екі түрге бөлінеді.


"Төтенше жағдайдың әсерінен табысын жоғалтқан адамдар үшін бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы жарияланады. Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау ережелері бейнеленген. Бұл төлемдер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан түсетінін және екі түрге бөлінетін болады", - деді министр. 

Дәупен Абаевтың сөзіне сенсек, төлемнің бірінші түрі төтенше жағдайға байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа кеткендерге төленбек. Оның айтуынша, төлем мөлшері айына шамамен 42 мың теңгені құрайды. 

"Бұл микро, шағын және орта бизнестің қызметкерлері болуы керек, соңғы жылы олар мемлекеттік қорға үш рет жарна аударуға міндетті болды. Аудандық немесе қалалық жұмыспен қамту басқармасына өтініштерді қызметкердің өзі емес, жұмыс беруші береді. Төлемдер төтенше жағдай аяқталғанға дейін берілетін болады", - деді министр. 

Ал оның айтуынша, төлемнің екінші түрі жұмыстан босатылған жұмысшыларға берілмек. Бұл төлемді 1,5 млн азаматқа беру жоспарланып отыр. 

Жұмысынан босап қалған азаматтар бір айдан алты айға дейін жоғалған табысының 40 пайызын алып отырады. Өтінім беру процесінде күрделі ештеңе жоқ, сізге жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, онлайн режимінде беруге болатын өтінімді жіберу қажет. Біз 1,5 миллион адамды осындай төлеммен қамтамасыз етеміз", - Ақпарат және даму министрі.

Айта кетейік, coronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 12 адам тiркелді. Атап айтсақ,  Алматы қаласында - 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам. 

Бүгінгі күні Қазақстанда 109 науқас тіркелді. Елорда бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарaғанды қаласында - 2, Шымкент қaласында - 2 адам, Aлматы облысында - 1 адам, Aқтөбе oблысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Сoлтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.

Назерке Сүйіндік

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды