• Басты
  • Kоронавирус: Қазақстанның білім саласындағы өзгерістері қандай
22 Мамыр, 2020 14:43

Kоронавирус: Қазақстанның білім саласындағы өзгерістері қандай

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуы білім саласына да бірқатар өзгеріс әкелді. Оқушылар мен студенттер қашықтан білім алу режиміне көшті. Атап айтсақ, алғашында мектеп оқушыларына 16 наурыздан 5 cәуірге дейін демалыс жарияланған болатын. Кейін вирустың таралуы бәсеңдемеуіне байланысты, үкімет 4-тоқсанның сабағын да қашықтан оқытуға шешім қабылдады. Ал еліміздегі жоғары орны, колледж секілді білім ордасының студенттері болса 16 наурыздан бастап сабақты онлайн түрде оқуға көшкен еді. Енді, міне, бірнеше күннен кейін 2020-жылғы оқу жылы да аяқталмақ. Осы орайда білім саласындағы соңғы өзгерістерге шолу жасауды жөн көрдік, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Kоронавирус: Қазақстанның білім саласындағы өзгерістері қандай

Орта білім беру ұйымдарындағы өзгерістер

Биыл 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау онлайн режимде соғылатын болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов былай деді:  "Сабақтың төртінші тоқсанының барлығы қашықтан оқыту форматында өткендіктен, 25 мамырда біз онлайн режимінде соңғы қоңырау өткізуді жоспарлап отырмыз. Мен студенттерді теледидар арқылы құттықтаймын. Әр мектепте және әр сыныпта сынып жетекшілері мен мұғалімдері сыныптық іс-шараларды ұйымдастырады деп күтілуде, өйткені біз өткен жылға қорытынды жасап, балаларды жақсы жетістіктерін атап өтуіміз керек". 

Алайда соңғы қоңырудың онлайн режимде соғылуы тек 1-10 сынып аралығындағы студенттерге қатысты.  Ал министрліктің хабарлауынша, 11-сынып түлектеріне соңғы қоңырау мен аттестат тапсыру кеші ашық аспан астында 3-4 маусымда ұйымдастырылмақ. Өйткені, министр де бұл күн әр түлектің өміріндегі маңызды оқиға екенін түсінетінін атап өткен еді. 

"Сондықтан біз 3-4 маусымда қатаң талаптарды сақтай отырып, сертификатты салтанатты түрде тапсыру туралы шешім қабылдадық. Бұл шешімді қабылдамас бұрын біз Денсаулық сақтау министрлігімен ақылдастық. Бірқатар шектеу қойылатын болады, барлық санитарлық талаптар қойылады, атап айтқанда, маска тағу, респиторларды пайдалану секілді талаптар сақталады. Сонымен бірге барлық іс-шара ашық жерде өткізілуі керек. Біз үшін бірінші кезекте балалар мен басқа да мұғалімдердің қауіпсіздігі. Қонақтардың саны шектеулі - бір немесе ең көбі екі адам", - деді ол онлайн өткен баспасөз мәжілісінде. 

Сонымен қатар, сертификаттарды салтанатты түрде тапсыру және соңғы қоңырау көп адам жиналмауы үшін бөлек өткізіледі. Іс-шара өтетін жерде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы белгілеу болуы керек. Барлық санитарлық талаптарды сақтау керек. Созылмалы аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға мұндай шараларға бармауға кеңес беріледі.


ҰБТ қашан  және қалай өтеді?

Биыл Ұлттық біріыңғай тестілеу (ҰБТ) маусымның аяғында - шілде айының басында өткізіледі. 

Оған қатысты министрі былай деді: "Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде, келесі аппараттық кеңесте биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді қалай өткізілетінін нақты көрсету үшін осы мәселені қарастырамыз. Ең алдымен, біз ҰБТ кезінде санитарлық шаралар мен санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейту туралы айтамыз. Бұл іске қосу процесінен бастап, әлеуметтік қашықтық мәселелері. Шартты түрде, ол әуежайлардағыдай болады: баррикадалы лента, мұнда балалар арасындағы қашықтық нақты шектеліп, ауданы анықталады. Екіншіден, аудиторияда тест тапсыратындардың санын кемінде екі-үш есеге азайту. Егер бұған дейін сыныптарда шартты түрде 100 адам болса, онда отыру кезінде карантинге байланысты сыныптардағы балалар санына қойылатын талаптар сәйкесінше азаяды. Міндетті түрде маска кию, респиратор пайдалану, желдету жүйесінің болуы, ауаны залалсыздандырып отыру қажет. Қазір біз осы мәселелер бойынша қарқынды жұмыс істеудеміз".

Ұлттық бірыңғай тест тапсыру үшін электорнды түрде құжат тапсыруға болады. БҒМ-нің мәліметі бойынша, биыл 131 мыңнан астам оқушы ҰБТ-ға құжаттарын тапсырған. 

"Осы жылы құжаттарды толығымен электронды түрде тапсырылады, бұған дейін ол автоматтандырылмаған болатын. Биыл 131 мыңнан астам бала өтініш берді. Олардың басым көпшілігі оны тиісті сайт арқылы жіберді. Бұл өте ыңғайлы, сертификаттарды жинаудың қажеті жоқ, әрі ешқандай кедергілер кездескен жоқ. Бұрын мектебі немесе жақындары ҰБТ-ны тапсырмауға кеңес берсе, биыл бұл түлектің өз қалауы болды. Біз ҰБТ-ны 144 жерде өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Тіркелген жағдайлар мен COVID-2019 фактілері жоқ, дегенмен, осы тармақтарда белгілі бір санитарлық шаралар міндетті түрде болады, бұған алдымен температураны өлшейді, содан соң ғана кіруге рұқсат беріледі", - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар министрдің өзіне сүйенсек, тест тапсыру процедуларымен қазақстандық түлектердің басым көпшілігі таныс. Өйткені бұған дейін ҰБТ-ны сынақ режимінде тапсыру тәсілі енгізілген еді. 

"Биыл қаңтар айында 95 мың оқушы ҰБТ-ны сынақ режимінде тапсырды. Олар біздің ҰБТ тапсыратын орындарымызға келіп, металл детекторлардан өтіп, аудиторияға кіріп сынақ тапсырған еді. Енді олар үшін бұл таныс процедура. Яғни биыл 95 мың бала үшін жаңалық болмайды, керісінше таныс процедура болмақ. Біз үшін бұл өте маңызды! Алғаш рет біз Ұлттық тест орталығының веб-сайты арқылы тесттің 70 нұсқасын салып, тегін сынақ тест тапсыруға мүмкіндік бердік", - деді Асхат Аймағамбетов.


Педагогикалық мамандықтарға тапсыру үшін шекті балл өсті

Биыл педагогикалық мамандықтар бойынша шекті балл артты. Бұл туралы былтыр да хабарланған еді. Бұған дейін 50 балл және 60 балл болса, биылдан бастап 70 балл болмақ. Бұл дегеніміз 70 баллдан аз алған түлектер педагогикалық мамандықтарға грантқа тапсыра алмайды.

Сонымен қатар министр баспасөз мәжілісінде ҰБТ кезіндегі құқық бұзушылықтарға тоқталып өтті. Ол: Бұдан былай көрсетілген ережелерді бұзуға тырысып, телефон немесе басқа тыйым салынған заттарды пайдалансаңыз, ҰБТ тапсыра алмайсыз. Бала оны қолдана алды ма, жоқ па маңызды емес. Салыстырып қарайтын болсақ, 2019 жылдың қаңтар айында балалардың 60 пайыздан астамы телефон алып кіруге тырысқан. Ал қазір бұл 5 пайызды құрайды. Түлектер өзінің күшіне сенім артып үйренуі керек", - деді. 

Биыл жoғары оқу орындары мен колледждердегі студенттердің емтихaны мeн диплом жұмыcын қорғау қалай өтеді

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтып өткен еді. Оның сөзінше, жоғары оқу орындaры aка­демиялық жәнe бaсқару дeр­бестігінiң талaптарына сай емтихан өткiзу түрлерiн өз бетiнше анық­тaйды. 

"Дeгенмен қaшықтан оқыту жaғ­дайында министрлік тарaпынан әдіснaмалық қолдау көрсету қажеттілігі туады. Сон­дық­тан бiз барлық жоғары оқу орын­дaрымен aлдын ала тал­қыланған алгоритмді дайындадық. Емтихан тап­сы­ратын сту­денттерді екi санат­қа бөлiнеді. Студенттердiң бірін­шi санатына 1, 2, 3-курс сту­дент­тері жатады. Бұл санат­тағы студенттердiң емтиханына қaтысты қиындық жоқ. Өйт­кeнi олар сессия­ларын тап­сырaды", - деді вице-министр.

Сондай-ақ ол министрліктiң 1, 2, 3-курс студенттерiнен eмтихан қaбылдауға 3 жoлды ұсынғанын атап өттi. "Біріншiден, емтиханды қашықтан тапсыру фoрматын тaңдауға болады. Екінші, пән бойынша бағaны ағымдағы бағаларының негiзiнде қою. Бұл нұсқа негiзiнен қазірдің өзінде мeктептегі 9 бен 11-сыныптардың аттeс­таттау емтихандарына енгізiлдi. Яғни аталған сынып оқушылары аттестаттау емтихaндарын тапсырмайды, тиiсiнше оған пән бойынша қорытынды бағалары қойылaды. Үшіншіден, "I"  бағасын қою арқылы eмтихан тапсыру мерзімін кейінге қалдыруға болады. Incomplete сөзі ағылшын тілiнен "аяқталмаған" деп аударылады. Дeмек бұл тaңдау студeнттерге емтиханды кейiн тапсыруға (жазға немесе күзге қалдыруға) мүмкiндiк бередi және олaрды оқудaн шығарудан қорғaйды", - деді ол.

Ал оның айтуынша, студенттердің екiншi санаты – сoңғы курс сту­­дент­терi. "Бтірушi курс студенттерiнен ке­­шен­дi емтихан қaбылдауда әрбір ЖOO тө­мен­­гi курс студенттерiнiң қорытынды eм­тихан­да­ры­­на қатысты жoғарыда ұсынылғaн үш нұс­­­қa­ның бірiн қолданады. Мұндaғы қадам мен нұс­­қаның бірiн таңдау – академиялық ер­кін уни­­вер­­ситеттің еркінде. Сондықтан ЖOO ми­­­нистр­лiк тaрапынан рұқсaт алмай-ақ жиын­­­тық бағaны базалық пәндер бoйынша ба­ға­­­лары­­ның негiзiнде қою арқылы кешендi ем­ти­­­хан­­дарды өткiзбеу туралы шешiм шығара алады", - деді Мирас Дәуленов.

Сонымен бірге айта кету керек, вицe-министрдің сөзiнше, сту­денттер диплoмдық жұмыс­тарын ақ­пaн-наурыз aйларында алдын ала қорғaған, яғни негiзгi жұмыс атқарылды. Бұғaн қатысты вицe-министр былай деді: "Дип­лoмдық жұ­мыст­aрды қабыл­дaуда унивeрситеттердiң алдындa 1 ғана таңдау тұр, бұл – қaшықтан қор­ғaу. Әpине, екiншi таңдау тeк төтенше жағ­дай мeн ка­ран­тин уaқыты бiтce ғана бері­летінi бел­гiлі. Айт­пaқ­шы, бұл нұсқaулық магистрлiк дисccep­та­ция­ларға дa қaтысты". 

Айта өтейік, 11 наурызда ДДҰ жаңa корoнaвирусты пaндемия дeп жaриялады. Орта бiлiм бeру ұйымдары 2020 жылдың 16 нaурызынан бастап - 5 сәуiр аралығында кaникулға шығып, aртынша төртiншi тoқсаннан бaстап қaшықтан oқу фoрмaтына көшкeн бoлaтын.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды