- Басты
- Жаңалықтар
- Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады – Е.Сәденов
Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады – Е.Сәденов
18 Наурыз, 2020 17:20
Коронавирусқа қатысты жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов ҚР Орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz.
«Полиция департаментінің жеке құрамы қызметтік атқарудың ерекше режиміне ауыстырылды. Қазіргі уақытта департамент коронавирус инфекциясының таратылуын, алдын алу және жолын кесу бойынша шараларды жүзеге асырылуда. Мүдделі меморгандармен бірге медициналық тексеруден, емделуден карантин режимін бұзып жүрген азаматтарды бақылауға алып, осы тәртіпті бұзған кезде жауапқа тартылатынын ескертеміз», - деді Е.Сәденов.
Ол атап өткендей, қаланың ішінде карантин режимін қатаң сақтау қажет.
«Нұр-Сұлтан қаласына автокөліктердің кіруі мен шығуына шектеу енгізілді. Қалаға кіретін барлық жерлер жабылып, арнайы 6 қадағалау бекеті қойылды. Онда тәулік бойы Қорғаныс министрлігі мен полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Бұл бекеттер елорда маңындағы Қосшы, Талапкер, Қаратүгел, Қоянды, Жібек жолы ауылдарының маңында орналасқан. Департаментте жедел штаб құрылды. Онда азаматтар тарапынан туындаған мәселелер қаралып, шұғыл түрде шешім қабылданатын болады», - деді ол.
Сонымен қатар, Е.Сәденов қазіргі кезде әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарататын фактілер тіркелгенін айтты.
«Олар жауапқа тартылатынын болады. Департамент коронавирусқа қатысты жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жариялайды. Сондықтан да азаматтардың қауіпсіздігі үшін қабылданып жатқан шараларға түсінушілікпен қарауды сұраймыз», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде