• Басты
  • Коронавирус: 14 шілдедегі оқиғалар
14 Шілде, 2020 11:04

Коронавирус: 14 шілдедегі оқиғалар

Қазақстанда коронавирус жұқпалы дертінің таралуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қадағалауымен бірқатар шешім қабылданып, маңызды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінге дейін елімізде жұқпалы аурумен 61 755 отандасымыз ауырып қалды. Індетке қатысты соңғы оқиғаларды Strategy2050.kz тілшісінің материалында ұсынамыз.

Коронавирус: 14 шілдедегі оқиғалар

Президент шешімімен карантин режимі екі аптаға созылады. Бұл туралы Қ.Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазыпты.

«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет», - делінген.

Президент Твиттерде қазір жағдайдың реттеле бастағанының көрінісі байқалғанын жазыпты. Жағдайды реттеу үшін мұқтаж азаматтарға Үкімет ай сайын 42 500 теңге жәрдемақы төлейтін болды.

f7e4c1e0-16d8-405a-9447-1ccd2063cd87.jpg

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1856 жағдай тіркелді.
Оның ішінде:
- ауру белгілерімен - 845,
- ауру белгілері жоқ - 1011.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 61 755- ке жетті.
Оның ішінде:

Атырау облысында - 8118 (+190),

Алматы қаласында - 7811(+220),

Нұр-Сұлтан қаласында -6899(+211),

Қарағанды облысында - 6346(+102),

Шымкент қаласында - 4147(+80),

Батыс Қазақстан облысында - 4128 (+138),

Шығыс Қазақстан облысында - 3237 (+225),

Алматы облысында - 3209 (+79),

Ақтөбе облысында - 2349 (+171),

Түркістан облысында - 2301 (+59),

Жамбыл облысында - 2267 (+78),

Маңғыстау облысында - 2073 (+24),

Павлодар облысында - 1876 (+73),

Қызылорда облысында -1846 (+62),

Солтүстік Қазақстан облысында - 1770 (+59),

Ақмола облысында - 1727 (+39),

Қостанай облысында - 1651 (+46).

Қазақстанда өткен тәулікте 1721 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 35 911 адам COVID-19-дан айықты.

Эпидахуалды тұрақтандыру үшін Атырау мен Маңғыстау өңірлеріне 164 дәрігер жіберіледі. Вирусолог, реаниматолог, инфекционист, пульмонолог мамандардан құралған бірнеше топ және ресейлік медицина қызметкерлері осы өңірлерге барып жұмыс істейді. Сондай-ақ еліміздің барлық аймағына қажетті дәрі-дәрмектер жеткізілді. Халықтан көмек ретінде жиналған қаражатқа Қайырымдылық қорлары алған өкпе желдеткіш аппараттары Түркиядан әкелініп, ауруханаларға жеткізіліп жатыр.