- Басты
- Жаңалықтар
- Коронавирусқа қарсы вакцина қашан егілетіні белгілі болды
Коронавирусқа қарсы вакцина қашан егілетіні белгілі болды
Коронавирусқа қарсы вакцинаны дүние жүзі елдері әзірлеп жатыр. Қазақстандық вакцинаны әзірлегендер өздеріне егіп көрді. Олардың жағдайы қалай, екпе қалай әсер етті деген сұрақтардың жауабын Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан білуге болады.
Қазақстандық ғалымдар аталған вирусқа қарсы вакцина әзірлеуге наурыз айының соңында кіріскен болатын. Вакцинаны әзірлеу іс жүзінде Қазақстанда алғашқы инфекция жағдайлары анықталғаннан кейін бірден басталды. 2020 жылғы 23 наурызда Covid-19 расталған пациенттерден патологиялық материал алынды, бір аптадан кейін ғалымдар SARS-CoV-2 вирусын бөліп алды.
Қазақстан ғалымдарының жұмыс нәтижелері ДДҰ-ның барлық параметрлеріне және елдің мемлекеттік фармакопеясының талаптарына жауап беретінін көрсетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы отандық вакцина хаттамасының ДДҰ стандарттарына сәйкестігін растады. Қазақстандық вакцина туралы ақпарат ДДҰ сайтында пайда болды.
15 мамырда зертханада ғалымдар клиникаға дейінгі зерттеулерді жануарларға жасап басталды. Тышқандарға, теңіз шошқалары, қояндарға, егеуқұйрықтарға екпе салынды.
6 шілдеде вакцина Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығына» жіберілген болатын. Орталық қызметкерлері вакцинаның Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу орталығынан келген вакцинаның клиникаға дейінгі сынақ нәтижелерінің жаңғыртылуын растаған болатын.
10 шілде күні институт резус маймылдарына вакцинаны сынауды бастады. Ig M, Ig G антиденелерінің титрі тестілеудің жетінші күні кемінде 3,5 log болған, бұл жоғары көрсеткіш. Осыған қарамастан, индикатор екі есе, яғни 7 log-ке дейін өсуі керек еді, бұл вакцинаның жоғары иммуногенді екендігін көрсетеді.
ДДҰ талаптарына сәйкес 13 тамызда макак резустың қорытынды антидене титрларын алу жоспарланып отыр. Қорытынды 7 log-тан төмен көрсетпесе, вакцинаның иммуногендік қасиетінің жоғары екенін көрсетеді.
26 шілдеде вакцинаны әзірлеген 5 маман өз еріктерімен екпе салдырды. Олар тірі вируспен тікелей жұмыс істеп жатқандықтан өздерін қорғау мақсатында екпеге келісім берді. Үш күн бойы олардың жағдайы бақылауда болды. Олардың дене қызуы қалыпты болып, вакцина аллергиялық реакция бермеген.
Клиникаға дейінгі сараптама жұмыстары 20 тамызда аяқталады. Нәтижесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі. Егер Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат берсе, қыркүйек айында Алматыда 44 еріктіге салынады. Қазан айында 200 еріктіге екпе жасалады. Қытай, АҚШ, Ресей сияқты мемлекеттердің тәжірибесіне сүйеніп, халыққа екпе салу қажеттігін түсіндіру керек.
Егер осы вакцинаның клиникалық сынамаларын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәлелдесе, Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу орталығы жанынан құрылған иммунобиологиялық зауытта вакцинаны өндіре бастайды. Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 60 млн доза вакцина шығара алады. Ал зауыттың құрылыс жұмысы 2020 жылдың желтоқсан айында бітеді.
Фото: ашық дереккөз
Айнара Байжан
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар