• Басты
  • Коронавирус: 28 шілдедегі жағдай
28 Шілде, 2020 09:19

Коронавирус: 28 шілдедегі жағдай

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1526 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.


Коронавирус: 28 шілдедегі жағдай

Оның ішінде ауру белгілерімен – 870 адам болса,  ауру белгілері жоқ – 656 науқас тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 84 648- ге жетті.

Оның ішінде:
Алматы қаласында - 10965(+253),
Нұр-Сұлтан қаласында -10320(+250),
Атырау облысында - 10053 (+65),
Қарағанды облысында - 8176(+118),
Шығыс Қазақстан облысында - 5671(+179),
Батыс Қазақстан облысында - 5480 (+86),
Шымкент қаласында - 4733(+25),
Алматы облысында - 4115 (+85),
Жамбыл облысында - 3339 (+51),
Ақтөбе облысында - 2958 (+11),
Павлодар облысында - 2937 (+57),
Солтүстік Қазақстан облысында - 2849 (+70),
Қызылорда облысында -2807 (+69),
Маңғыстау облысында - 2743 (+44),
Түркістан облысында - 2663 (+48),
Ақмола облысында - 2422 (+52),
Қостанай облысында - 2417 (+63).

 Бір тәулікте 1833 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында - 494,
Алматы қаласында -44,
Шымкент қаласында - 13,
Ақтөбе облысында - 1,
Алматы облысында 343,
Атырау облысында -90,
Шығыс Қазақстан облысында - 240,
Батыс Қазақстан облысында - 82,
Қарағанды облысында - 79,
Қостанай облысында - 51,
Қызылорда облысында - 45,
Маңғыстау облысында - 87,
Павлодар облысында -31,
Солтүстік Қазақстан облысында -130,
Түркістан облысында - 103.

Елімізде барлығы 54 404 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 Карантин нәтижелері

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 5 шілдеден бастап, шектеу шарлары енгізілгеннен бері үш аптаның ішінде 35 951 ауру жұқтыру жағдайы тіркелген. Жалпы карантин басталғаннан бері ауру таралуы 29%-ға азайған.

Тәулігіне коронавирус жұқтыратын адам саны орта есеппен 1600-ге тұрақтаған.

Ауруханадағы орындардың толуы 43%-ға азайса, оның 27%-ы реанимациялардағы төсек-орындарға тиесілі. Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін салмақ жеңілдеді.

 Коронавирус әлемде

Джонс Хопкинс университетінің ақпаратына сүйенсек, әлемде 16 407 310 адам ауру жұқтырған. 652 531 науқас коронавирустан көз жұмды.

Ауру таралу көрсеткіші жоғары үштік: АҚШ (4 287 974 адам), Бразилия (2 442 345 адам) және Үндістан (1 435 453 адам).

Каталония билігі соңғы 10 күнде коронавирус жұқтыру деректерінің саны артса, карантин шараларын күшейтпек.   BBC агенттігінің хабарлауынша, жергілікті билік Каталонияның шамамен төрт миллион тұрғынының үйде болуы туралы өкім шығарған. Кеше Каталония президенті Квим Торра алдағы он күнде індет жұқтырушылар саны азаймаса, шектеу шаралары күшейтілетінін хабарлады. Испания билігі тұрғындарды елдегі эпидемиолгиялық ахуал қатаң бақылауда екеніне сендіріп, туристік аудандар, соның ішінде Балеар аралдарындағы шектеу шараларын алып тастауға ниетті. Испанияда 272 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 28 мыңнан аса адам көз жұмды.

 

Барлық жаңалықтар