• Басты
  • Коронавирус: 27 шілдедегі жағдай
27 Шілде, 2020 09:16

Коронавирус: 27 шілдедегі жағдай

Бұған дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны тәулігіне 1600-1700 адамды құраса, өткен тәулікте тіркелген науқастардың саны 1402 болды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Коронавирус: 27 шілдедегі жағдай

Соңғы күндері елдегі эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Өткен тәулікте тіркелген 1402 науқастың 813-де ауру белгілері байқалады, ал 589 науқаста ауру белгілері жоқ.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 83 122- ге жетті.

Оның ішінде:

Алматы қаласында - 10712(+221),

Нұр-Сұлтан қаласында -10070(+292),

Атырау облысында - 9988 (+37),

Қарағанды облысында - 8058(+106),

Шығыс Қазақстан облысында - 5492(+171),

Батыс Қазақстан облысында - 5394 (+88),

Шымкент қаласында - 4708(+54),

Алматы облысында - 4030 (+38),

Жамбыл облысында - 3288 (+52),

Ақтөбе облысында - 2947 (+25),

Павлодар облысында - 2880 (+54),

Солтүстік Қазақстан облысында - 2779 (+74),

Қызылорда облысында -2738 (+8),

Маңғыстау облысында - 2699 (+45),

Түркістан облысында - 2615 (+23),

Ақмола облысында - 2370 (+56),

Қостанай облысында - 2354 (+58).

 27.jpg

Қазақстанда 748 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

 Нұр-Сұлтан қаласында - 44,

Алматы қаласында-308,

Шымкент қаласында - 37,

Атырау облысында -120,

Шығыс Қазақстан облысында - 107,

Батыс Қазақстан облысында - 55,

Қарағанды облысында - 52,

Қызылорда облысында - 9,

Маңғыстау облысында - 1,

Павлодар облысында -10,

Түркістан облысында - 5.

 Елімізде барлығы 52 571 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 Коронавирус әлемде

Джонс Хопкинс университетінің мәлімдеуінше 27 шілдедегі жағдайға сәйкес әлемде 16 189 581 адам ауру жұқтырған. 647 784 науқас COVID-19 құрбаны болды. Әлем бойынша 9 344 883 адам аурудан айықты.

Ауру ең көп жұқтырған мемлекет – АҚШ. Мұнда 4 371 839 науқас тіркелді, оның 149 849-ы көз жұмды. Аурудың таралуынан екінші орында – Бразилия. 2 419 901 науқас тіркелген, оның 87 052 – сі көз жұмды. Үшінші орында Үндістан, 1 436 019 ауру тіркелсе, 32 812 науқас көз жұмған.

Соңғы ресми мәліметтер бойынша Бразилияда бір тәулікте 24 578 жаңа жағдай тіркелді. 555 адам бір тәулікте ажал құшты.

Мороккода аурудың таралуы ұлғайғандықтан билік карантин шараларын енгізді. Морокконың басты қалаларына кіруге немесе шығуға тыйым салынды. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Мороккода коронавируспен 20 000-нан астам адам ауырып қалған. Оның 16,4 мыңы жазылып шықса, 313 науқас мерт болған.

Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар