• Басты
  • Коронавирус: 22 шілдедегі жағдай
22 Шілде, 2020 09:00

Коронавирус: 22 шілдедегі жағдай

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1685 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ВАК – ға сілтеме жасап.

Коронавирус: 22 шілдедегі жағдай

Тіркелген науқастардың 942-сі ауру белгілерімен, ал 743 науқаста ауру белгілері жоқ.

Жалпы Қазақстанда осы күнге дейін коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 75 153- ге жетті.

Оның ішінде:

Алматы қаласында - 9635(+241),

Атырау облысында - 9392 (+109),

Нұр-Сұлтан қаласында -8832(+213),

Қарағанды облысында - 7401(+175),

Батыс Қазақстан облысында - 4932 (+87),

Шымкент қаласында - 4518(+38),

Шығыс Қазақстан облысында - 4488(+238),

Алматы облысында - 3733 (+54),

Жамбыл облысында - 2999 (+42),

Ақтөбе облысында - 2803 (+50),

Павлодар облысында - 2515 (+68),

Түркістан облысында - 2513 (+16),

Қызылорда облысында -2464 (+115),

Маңғыстау облысында - 2397 (+49),

Солтүстік Қазақстан облысында - 2352 (+82),

Ақмола облысында - 2108 (+54),

Қостанай облысында - 2071 (+54)


 Қазақстанда 1414 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында - 424,
Алматы қаласында - 129,
Шымкент қаласында - 26,
Ақмола облысында -29,
Ақтөбе облысында - 61,
Атырау облысында -80,
Шығыс Қазақстан облысында - 129,
Жамбыл облысында - 33,
Батыс Қазақстан облысында - 192,
Қарағанды облысында - 92,
Қостанай облысында - 3,
Қызылорда облысында - 75,
Маңғыстау облысында - 26,
Павлодар облысында -16,
Солтүстік Қазақстан облысында -58,
Түркістан облысында - 41.

Елімізде барлығы 46 790 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 Коронавирус әлемде

Дүние жүзі бойынша ауру жұқтырғандардың саны 14,8 млн адамға жетті. 614 мың науқас қайтыс болды. 8,43 млн адам дерттен емделіп шықты.

Қытайда өткен тәулікте инфекция жұқтырған 14 жағдай тіркелді, ауру белгілері жоқ тағы 22 науқас тіркелді, ал 23 емделуші айығып, ауруханадан шықты.

Адам тығыз шоғырланған Қытайда осы күнге дейін барлығы 83 707 адам ауру жұқтырған, оның ішінде 78 840 адам жазылып шықты, 233 адам ауруханада ем алып жатыр, ал 4634 қытайлық жұқпалы дерттен көз жұмған.

Мексиканың денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, елде бір тәуліктің ішінде өлім-жітім саны 915-ке дейін өскен, ауру жұқтырудың 6859 жаңа жағдайы тіркелген. Эпидемия басталғаннан бері Мексикада 40 400 өлім жағдайы тіркелген. Ал ауру жұқтырғандардың жалпы саны 356 255 адамды құрап отыр. Мексика коронавирустан адам өлімі жөнінен әлем бойынша төртінші орында. Бірінші орында АҚШ, мұнда 140 957 адам COVID-19-дан мерт болды, Бразилия екінші орында, 80 120 адам қайтыс болды, үшінші орында Ұлыбритания, 45 397 өлім жағдайы тіркелген.

Барселона жағажайларында адамның көп шоғырлануы байқалады. Қалада дүйсенбіден бері шектеу шаралары жарияланған. Тұрғындар үйлерінен тек қажеттілікке қарай шығып, 10 адамнан артық жиналуға болмайтыны ескертілген. Егер Испанияда жағдай тұрақтылық деңгейіне өтпесе, билік карантиннен де қатаң ереже тағайындайтынын мәлімдеді.

Иранда соңғы тәулікте 229 адам қайтыс болды. Эпидемия басталғаннан бері Иранда 14 634 адам көз жұмған, ал COVID-19-дың 278 827 жағдайы тіркелген.


Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар