• Басты
  • Коронавирус: 21 шілдедегі жағдай
21 Шілде, 2020 09:00

Коронавирус: 21 шілдедегі жағдай

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1630 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ВАК – ға сілтеме жасап.

Коронавирус: 21 шілдедегі жағдай

Оның ішінде: ауру белгілерімен – 885 науқас болса, ауру белгілері жоқ – 745 науқас.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 73 468- ге жетті.

Оның ішінде:

Алматы қаласында - 9394(+251),

Атырау облысында - 9283 (+96),

Нұр-Сұлтан қаласында -8619(+248),

Қарағанды облысында - 7226(+168),

Батыс Қазақстан облысында - 4845 (+103),

Шымкент қаласында - 4480(+27),

Шығыс Қазақстан облысында - 4250(+163),

Алматы облысында - 3679 (+54),

Жамбыл облысында - 2957 (+61),

Ақтөбе облысында - 2753 (+17),

Түркістан облысында - 2497 (+20),

Павлодар облысында - 2447 (+67),

Қызылорда облысында -2349 (+119),

Маңғыстау облысында - 2348 (+54),

Солтүстік Қазақстан облысында - 2270 (+72),

Ақмола облысында - 2054 (+53),

Қостанай облысында - 2017 (+57)

20 шилде.jpg

Қазақстанда 1975 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласында - 288,

Алматы қаласында - 379,

Шымкент қаласында - 61,

Ақмола облысында -32,

Алматы облысында - 304,

Атырау облысында -44,

Шығыс Қазақстан облысында - 256,

Жамбыл облысында - 20,

Батыс Қазақстан облысында - 28,

Қарағанды облысында - 47,

Қостанай облысында - 179,

Қызылорда облысында - 65,

Маңғыстау облысында - 35,

Павлодар облысында -15,

Солтүстік Қазақстан облысында -140,

Түркістан облысында - 82.

Елімізде барлығы 45 376 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Нұр-Сұлтанда барлық компьютерлік томографтар тәуліктік режимге ауыстырылды.

Елордада науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсету үшін барлық компьютерлік томографтардың жұмысы тәуліктік режимге ауыстырылды. Компьютерлік томография covid-19 нәтижесінде пайда болатын пневмония мен өкпедегі басқа да патологияларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

Елордада он жеті КТ-аппараты бар. Олардың барлығы тәулік бойы жұмыс жасайды. Елорда әкімдігі қосымша тағы екі КТ аппаратын сатып алды. Олар шілде айының соңына дейін қалаға әкелінеді.

Қаладағы барлық 14 мемлекеттік және 2 жеке емханада рентген аппараттары бар. Маусым-шілде айларында барлығы 20 мыңға жуық кеуде қуысына зерттеу жүргізілді.

Коронавирус әлемде

Джордж Хопкинс университеті жүргізген зерттеу бойынша, әлемде ауру жұқтырған  14 641 789  науқас тіркелген, оның  608 637-сі көз жұмды, ал 8 222 979 - ы жазылып шықты.

Колумбияда бір тәуліктің ішінде 6727 адамнан ковид анықталған. Бұл туралы Колумбияның Денсаулық сақтау министрлігі жариялады. Бұл елде ауру жұқтырғандардың жалпы саны – 204 005 адам, 6929 науқас қайтыс болды, 94 804 адам дерттен айықты. Латын Америкасы елдері ішінде індеттің таралуынан Колумбия бесінші орында. Алғашқы төртікке Бразилия, Мексика, Перу және Чили кіреді.

Германияда бір тәулікте вирус жұқтырғандардың саны 522 адамды құрады, төрт адам мерт болды. Германияда барлығы 202 345 адам ауруға шалдықты, 9090 адам қайтыс болды, ал 180 000 адам аурудан құтылды.

Францияда науқас санының өсуіне байланысты жерглікті билік азаматтарға жабық мекемелерде бетперде киюді міндеттеді. Бетпердесіз жүрген адамға 135 евро көлемінде айыппұл салынады.

Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар