• Басты
  • Коронавирус: 17 шілдедегі жағдай
17 Шілде, 2020 09:35

Коронавирус: 17 шілдедегі жағдай

Соңғы бір тәулікте Қазақстанда коронавирус ауруын жұқтырған 1707 адам анықталды. Ауру таралуынан көш бастап тұрған - Алматы қаласы. Қалада соңғы 24 сағат ішінде 282 адамда ауру бары белгілі болды. Індетке қатысты соңғы оқиғалармен Strategy2050.kz дайындаған материалдан білуге болады.

Коронавирус: 17 шілдедегі жағдай

Соңғы бір күнде тіркелген науқастардың ішінде ауру белгілерімен – 925, ал ауру белгілері жоқ - 782 адам.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 66 895- ке жетті.

Оның ішінде:

Атырау облысында - 8696 (+181),

Алматы қаласында - 8541(+282),

Нұр-Сұлтан қаласында -7567(+214),

Қарағанды облысында - 6672(+128),

Батыс Қазақстан облысында - 4435 (+108),

Шымкент қаласында - 4306(+55),

Шығыс Қазақстан облысында - 3639(+130),

Алматы облысында - 3436 (+57),

Ақтөбе облысында - 2649 (+51),

Жамбыл облысында - 2522 (+89),

Түркістан облысында - 2391 (+20),

Маңғыстау облысында - 2205 (+53),

Павлодар облысында - 2110 (+83),

Қызылорда облысында -2066 (+93),

Солтүстік Қазақстан облысында - 2005 (+65),

Ақмола облысында - 1857 (+45),

Қостанай облысында - 1798 (+53).

Соңғы тәулікте 1190 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 98,

Алматы қаласында - 144,

Шымкент қаласында - 179,

Ақтөбе облысында - 9,

Алматы облысында - 202,

Атырау облысында -44,

Шығыс Қазақстан облысында - 105,

Жамбыл облысында - 18,

Батыс Қазақстан облысында - 79,

Қарағанды облысында - 92,

Қостанай облысында - 37,

Қызылорда облысында - 39,

Маңғыстау облысында - 76,

Павлодар облысында -5,

Түркістан облысында - 63.

Қазақтанда індетке қатысты статистиканы есептеу өзгереді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі реми парақшасында былай деп жазды:

«Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр».

Президент Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді міндеттеді.

Коронавирус әлемде

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) соңғы тәулікте әлемде коронавирусты жұқтырудың 187 719 жаңа жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Осылайша дүние жүзінде осы күнге дейін барлығы 13 38 364 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Пандемия салдарынан 579 мыңнан астам адам көз жұмды.


Израиль денсаулық сақтау министрі Юлий Эдельштейн Израильге елді толықтай жауып тастауды ұсынды. Себебі күн сайын 2 мың адамның ауру жұқтыруы елдегі ахуалды күрделендіріп барады.

Жапонияда кеше 600-ден астам адам коронавирус жұқтырған. Бұл – елдегі соңғы үш айдағы ең көп көрсеткіш. Kyodo агенттігінің мәлімдеуінше, тек Токионың өзінде бір күнде – 286 жағдай тіркелген. Бұл апония үшін рекорд! Мамыр айында төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін індет қайта өршіп тұр. Жапонияда пандемия кезінде жалпы 23 600 коронавирус жұқтырған.

Қырғызстанда шілде айында Covid-19-ға шалдыққандар саны 4,5 есеге өскен. Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты ауруханаларда төсек пен дәрі-дәрмек жетпей жатыр. Елдің ең ірі үш қаласында – Бішкек, Ош, Джалал-Абадта және бірнеше ауданда төтенше жағдай және коменданттық сағат жарияланды.

Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар
66.249.70.68, 192.168.88.100