• Басты
  • Коронавирус: 16 шілдедегі жағдай
16 Шілде, 2020 11:00

Коронавирус: 16 шілдедегі жағдай

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1674 жағдай тіркелді. Ең көп ауру тараған аймақ Алматы қаласы болып тұр. Қалада бір тәуліктің ішінде 219 адамнан коронавирус анықталды. Екінші орында Атырау облысы –. 218 науқас, үшінші орында Нұр-Сұлтан қаласы – 204 науқас тіркелген. Елдегі індетке қатысты соңғы оқиғалар туралы Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан білуге болады.

Коронавирус: 16 шілдедегі жағдай

Ауру жұқтырғандар арасында 811 адамда ауру белгілері бар, ал 863 адамнан ауру белгілері анықталмады.

 Аймақтардағы аурудың таралу көрсеткіші:

 Атырау облысында - 8515 (+218),

Алматы қаласында - 8259(+219),

Нұр-Сұлтан қаласында -7353(+204),

Қарағанды облысында - 6544(+100),

Батыс Қазақстан облысында - 4327 (+101),

Шымкент қаласында - 4251(+76),

Шығыс Қазақстан облысында - 3509(+133),

Алматы облысында - 3379 (+88),

Ақтөбе облысында - 2598 (+53),

Жамбыл облысында - 2433 (+87),

Түркістан облысында - 2371 (+30),

Маңғыстау облысында - 2152 (+41),

Павлодар облысында - 2027 (+63),

Қызылорда облысында -1973 (+74),

Солтүстік Қазақстан облысында - 1940 (+95),

Ақмола облысында - 1812 (+43),

Қостанай облысында - 1745 (+49).

 Өткен тәулік ішінде 1058 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

 Нұр-Сұлтан қаласында - 201,

Алматы қаласында - 155,

Шымкент қаласында - 7,

Ақмола облысында - 34,

Ақтөбе облысында - 11,

Алматы облысында - 24,

Атырау облысында -50,

Шығыс Қазақстан облысында - 162,

Жамбыл облысында - 18,

Батыс Қазақстан облысында - 44,

Қарағанды облысында - 65,

Қостанай облысында - 58,

Қызылорда облысында - 61,

Маңғыстау облысында - 52,

Павлодар облысында -11,

Солтүстік Қазақстан облысында - 73

Түркістан облысында - 32.

 Елімізде осы күнге дейін барлығы 39 066 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

 Коронавирусқа қатысты әлемдегі жағдай

 Джонс Хопкинс университеті таратқан ақпарат бойынша әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 13 504 553 адамға жетті. Оның 7 522 796 – ы емделіп шыққан. 582 743 адам осы аурудан көз жұмды.

 Бразилияда жұқпалы дерттен қайтыс болғандар саны 76 366-ға жеткен. Соңғы бір тәуліктің ішінде 1233 науқас ажал құшты.

 Мексикада зертхана арқылы дәлелденген COVID-19 ауруын жұқтырған 6149 оқиға тіркеліпті. Елде 579 адам індет салдарынан көз жұмды.

 Үндістанда жағдай ушығып тұр. Тек соңғы тәулікте елде 28 мың адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Үндістан індеттің таралуы бойынша әлемде үшінші орында. Ал індеттен өлім көрсеткіші бойынша сегізінші орында.

Барлық жаңалықтар