• Басты
  • Коронавирус: 15 шілдедегі оқиғалар
15 Шілде, 2020 12:30

Коронавирус: 15 шілдедегі оқиғалар

15 шілдеде көрсеткен жағдайға сәйкес елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 63 514 - ке жетті. Қазақстандағы індетке қатысты соңғы ақпаратты Strategy2050.kz материалында ұсынамыз.

Коронавирус: 15 шілдедегі оқиғалар

Оның ішінде:
Атырау облысында - 8297 (+179),
Алматы қаласында - 8040 (+229),
Нұр-Сұлтан қаласында -7149(+250),
Қарағанды облысында - 6444(+98),
Батыс Қазақстан облысында - 4226 (+98)
Шымкент қаласында - 4175 (+28),
Шығыс Қазақстан облысында - 3376 (+139),
Алматы облысында - 3291 (+82),
Ақтөбе облысында - 2545 (+196),
Жамбыл облысында - 2346 (+79),
Түркістан облысында - 2341 (+40),
Маңғыстау облысында - 2111 (+38),
Павлодар облысында - 1964 (+88),
Қызылорда облысында -1899 (+53),
Солтүстік Қазақстан облысында - 1845 (+75),
Ақмола облысында - 1769 (+42),
Қостанай облысында - 1696 (+45).

Соңғы бір тәулікте Қазақстан бойынша 2097 адам коронавирус инфекциясынан айықты.

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі түгел емдеу мекемелері дәрі-дәрмекпен толық қамтылады. Қазір 1 ай көлеміне жететін препараттар қоры бар. 14 шілдеден бастап ауыл-аймаққа таратыла бастады. Бұл жұмыстан соң тағы 3 айға қосымша қор жинауға қаржы бөлініп қойған. Премьер-министрдің орынбасары препараттар сақталатын қоймаға барып, жағдайды өз көзімен көрді. Сондай-ақ Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов «СҚ-Фармация» компаниясының жаңа басқарма төрағасына егер дәрі кіргізуде кедендік те, өзге де кедергілерге тап болса дереу шешуді тапсырды. Тағы әр тауардың қауіпсіздік сертификатына баса мән беруді ескертті.

Пандемия кезінде таралып жатқан көп ақпараттың ішінде шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар бар. Мәселен, whatsарр желісі арқылы таралған Қытайдан келген гуманитарлық көмек ішіндегі медециналық маскаларға арнайы коронавирус инфекциясын жұқтырған деген ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтерді бақылау қауіпсіздігі Комитеті өкілдері ресми түрде айтты. Шет мемлекеттен келген барлық медициналық құралдар мен дәрі-дәрмектер міндеттелген талаптарға сәйке қатаң тексеруден өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының шешімімен карантиндік шектеу шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы төленетін болды.

Фото: ашық дереккөз