• Басты
  • Корея мен Қазақстан су ынтымақтастығын ілгерілетеді
17 Қазан, 2019 15:27

Корея мен Қазақстан су ынтымақтастығын ілгерілетеді

Нұр Сұлтан қаласында Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігі екі ел арасындағы су ынтымақтастығын ілгерілету мақсатында «Корея мен Қазақстан арасындағы су ынтымақтастығына арналған іс-шараны» ұйымдастырды.

 


Корея мен Қазақстан су ынтымақтастығын ілгерілетеді

Су ынтымақтастығына арналған іс-шара таңертеңгілік семинар мен түстен кейін іскерлік кездесулерден тұрды. Семинарда қазақстандық тарап суды басқару саясатымен, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы бизнес-жоспармен, инвестициялық жүйемен таныстырып, кореялық компаниялар өздерінің жабдықтары мен технологияларымен таныстырды. Түстен кейін Корея мен Қазақстанның іскер топтарының өкілдері ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 Бұл іс-шара ерекше маңызға ие, себебі ол Корея мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықты талқылау үшін сыртқы істер министрлері деңгейінде өтетін «Корея Республикасы – Орталық Азия» ынтымақтастық форумы аясында өтті.

   «Қазақстанның Орталық Азиядағы су шаруашылығы ең дамыған ел екенін ескере отырып, біз Орталық Азия елдерінің арасында су саласындағы ынтымақтастық туралы шараны, ең алдымен, Қазақстанда өткізуді ұйғардық. Бұл шара Корея мен Қазақстан арасындағы су шаруашылығы секторындағы сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп сенеміз», - деді Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Іс-шараға Корея Республикасы тарапынан Сыртқы істер министрлігі, «K-Water» су корпорациясы, «Korea Water Partnership» Корея Су серіктестігі кеңесі, су саласындағы 9 компаниясының өкілдері, барлығы 17 делегат қатысты. Қазақстан тарапынан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, АҚ ҰК "Kazakh Invest", су ресурстарын басқару саласындағы 9 компания бар.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды