• Басты
  • Конституция күніне арналған шаралар онлайн форматта өтеді
21 Тамыз, 2020 17:21

Конституция күніне арналған шаралар онлайн форматта өтеді

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған шараларға шолуды Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы Бақыт Нұрмұханов жасады. Қандай шаралар жоспарланған және қандай форматта өтетіні туралы Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Конституция күніне арналған шаралар онлайн форматта өтеді

Бақыт Нұрмұханов брифингте конституция мерейтойына арналған мерекелік іс-шараларға шақырды. Бірақ, бәрі онлайн өтеді. Атап айтқанда, Президент мұрағаты бipегей экспонаттаpы баp таpиxи-құжаттық көрмe ұйымдастыpады: Кoнституцияның түпнұсқасы, Президенттің Кoнституция туpалы Жарлықтаpы, Тұңғыш Президенттің Парламент отырыстарында, кеңестерде, референдумдарда сөйлеген сөздері, Конституция жобасын талқылау жөніндегі материалдар жарияланады. Конституцияны талқылау жөніндегі мұрағаттық құжаттар: республиканың қатардағы азаматтарынан келіп түскен ұсыныстар, әлемдік қоғамдастықтың жаңа конституция жобасын талқылау жөніндегі құжаттаpы алғаш pет ұсынылады. Бейне-көрме Пpeзидент мұрaғаты мен Конституциялық Кeңeстiң интернет pесурстарында 27 тамыздан бастап көрсетiле бастайды.

Мәдениет және спорт министрлігі Республика Конституциясының 25 жылдығына арналған онлайн концерт беруге дайын. Концертті теледидар арқылы тамашалауға болады.

Конституция күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында негізгі іс-шара ретінде халықаралық конференция өткізу жоспарланған. Оның тақырыбы: «ХХІ ғасырдың Конституциясы – құқық үстемдігі, адамның құндылығы және мемлекеттің тиімділігі». Бірақ конференция шеңберінде азиялық Конституциялық соттар қауымдастығының 4-ші конгресі, конституциялық бақылау органдарының Еуразиялық қауымдастығының және Азиялық Конституциялық соттар мен баламалы институттар қауымдастығы мүшелері кеңесінің отырыстары, сондай-ақ Азиялық Конституциялық соттар қауымдастығының Бас хатшыларының кездесуі өткізіледі. Шараға ондаған елдің азаматтары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, сондай-ақ белгілі отандық және шетелдік ғалымдар шақырылды.

«Талқылау тақырыбы үлкен қызығушылық тудырады. Қазiргi заманғы сын-қатерлер, әсіресе коронавирустық пандемиямен байланысты мәселелер халықаралық және ұлттық құқықтық базаны дағдарыс жағдайындағы талаптарға сәйкестігі, қоғамдық, мемлекеттiк және жеке мүдделердiң ақылға қонымды тепе-теңдiгiн қамтамасыз ету тұрғысынан терең түсіну қажеттілігін өзекті етті. Осыған байланысты, конституциялық әділет органдарының көпшілігіне өкілдік ететін әлемнің барлық континенттерінің жетекші заңгерлері одан әрі конституциялық-құқықтық дамудың өзекті мәселелерін талқылайтын болады», - деді Нұрмұханов.

 Конференция да онлайн түрде өтеді. Кез келген азамат кіріп қатыса алады.

Айтпақшы, Конституциялық Кеңес 24-30 тамыз аралығында «Ата заң апталығы» жобасын жүзеге асырады.

Жобаның мақсаты – қоғам мен мемлекетті жаңғыртудағы Конституцияның рөлін терең түсіну, халықтың қалың жігінің назарын Негізгі Заңға аудару, «Рухани Жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоғамның конституциялық мәдениетін арттыру. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, олардың барлығы онлайн режимде өтеді. Осы жоба аясында бүкіл ел бойынша онлайн конференциялар, дөңгелек үстелдер, тегін заң кеңестері, вебинарлар, БАҚ-қа шығу, қайырымдылық акциялары, жаңа нысандарды пайдалануға беру, пәтерлердің кілттерін, жеке куәліктерді тапсыру және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады, - деді Нұрмұханов.

Іс-шаралар күнтізбесін сайттардан және бірлескен ұйымдастырушылардан алуға болады. Конституциялық Кеңестің негізгі серіктестері Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және басқа да ұйымдар болып табылады.

Ұлттық банк жаңа мерейтойлық монеталарды айналымға шығаруды жоспарлап отыр. Графикалық композицияның негізі ретінде Конституцияның 25 жылдығының ресми логотипі қолданылды. Номиналы 200 теңгелік 3 мың монета және «100 теңге» 50 мың дайындалды. 25 тамызға мерейтойлық пошта маркасын өшіру жоспарланған.

 ҚР Конституциялық Кеңесі аппаратының басшысы Бақыт Нұрмұханов қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады.

Фото: ашық дереккөз

Барлық жаңалықтар
34.236.245.255, 192.168.88.100