• Басты
  • ӨКМ Операторы қайта өңдеу саласына қолдау көрсетеді
1 Сәуір, 2020 10:48

ӨКМ Операторы қайта өңдеу саласына қолдау көрсетеді

Коронавирус індеті кезінде шағын және орта бизнесті қолдауға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ӨКМ Операторы қалдықтарды жинайтын, оларды қайта өңдейтін кәсіпорындарға ерекше қаржылай қолдау көрсету шарасын жүргізуді қолға алды, деп хабарлады Strategy2050.kz оператордың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 
ӨКМ Операторы қайта өңдеу саласына қолдау көрсетеді

Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің келісімімен ӨКМ Операторы келісім шарт аясында  осы жылдың бірінші және екінші тоқсанында жиналатын және қайта өңделетін қалдық көлемі үшін алдын ала төлем жүргізуді бастайды. Аталған қаржылық көмек қалдықты жинайтын және қайта өңдейтін кәсіпорындарды қолдауға, әрі  сондағы жұмыс орындарын сақтап қалуға бағытталып отыр. 

«Қаржылай қолдауға ӨКМ Операторы тендерін жеңіп алған, қайта өңдеу нарқында өзін жақсы жағынан таныта білген ұйымдар үміт арта алады. Аталған қолдауға шамамен 50-ден астам кәсіпорын ие болмақ», - деді ӨКМ Операторы» ЖШС Басқарма Төрағасы Медет Құмарғалиев.

 Алдын ала берілетін төлемді алу үшін кәсіпорындар ӨКМ Операторына өтінім беріп, келісімдегі міндеттемелерін орындау бойынша сондай-ақ оны толығымен атқаратындығына кепілдік беретін қосымша келісім жасаулары   қажет. Айта кету керек осы жылдан бастап қалдықтарды жинау, қайта өңдеу қызметін атқаратындарды ӨКМ Операторынан бөлек, жаңадан құрылған қоғамдық топ бақылауға алып, мониторинг жасайтын болады. 

Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға зор үлес қосу бағытында Оператор Қарағанды облысы, Балқаш көлінің жағасындағы «Дарьял-У» нысанында  жиналған улы полихлордифенил заттардан тазартуға қаржылай қолдау көрсететін болады.   

«Балхаш көліне жақын жатқан аса қауіпті ПХД улы қалдықтар мен сол жердегі апатты қоймалардың жағдайына төтенше назар аударылып, аталған қалдықтарды қайта қаптап және мамандандырылған алаңдарда уақытша сақтауға қатысты ӨКМ Операторы 31 наурызда 110 млн. теңгеге тендер жариялады. Аталған жұмысты орындау нәтижесінде Қарағанды аймағандағы экологиялық өзекті проблемалардың бірі өз шешімін табатын болады», - дейді ӨКМ Операторының басшысы. Аталған жұмыстар Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігімен келісілген және Қарағанды облысының әкімдігі қолдау білдірген.   

ӨКМ Операторы қызметінің стратегиялық бағыты қалдықтарды кешенді басқаруды дамыту. Сол арқылы қоршаған ортаға келетін зиянды азайту, қалдықтарды кәдеге жарату және оларды энергия көзіне айналдыру болып саналады. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды