- Басты
- Үкіметте 42500 теңге қалай берілетінін айтты
Үкіметте 42500 теңге қалай берілетінін айтты
14 Шілде, 2020 12:09
ҚР
Президенті Қ.Тоқаев карантин шаралары тағы екі аптаға созылуына орай мұқтаж
азаматтарға 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы берілетінін айтқан болатын. Осы тапсырмаға сәйкес Үкімет басшысы Асқар Мамин Үкіметте шешім шығарып, жауапты министрліктерге тапсырма берді, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Үкімет басшысы Асқар Мамин бұл жәрдемақының қалай берілетіні туралы айтты.
Дәл қазір біз карантин уақытында табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдап жатырмыз. Төлем карантинге байланысты табысынан айырылған жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтушылардың жолдаған өтінімдеріне сәйкес жүргізіледі, - деді Мамин.
Премьер-министр Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне төтенше жағдай кезіндегі сияқты миллионнан астам адамға азық-түлікке ақшалай көмек беруін тапсырды.
Осы жылдың 3-тоқсанына тағайындалатын әлеуметтік жәрдемақыны беру азаматтар туралы қолда бар деректерге сәйкес тез арада орындалуын тапсырамын. Сонымен қатар қайта куәландыру уақыты карантин кезіне сәйкес кеп қалған мүгедектік мерзімдер де автоматты түрде созылсын, - деп бұйырды Үкімет басшысы Асқар Мамин.Айта кетейік, еліміздегі карантиндік шектеу шаралары 2 тамызға дейін созылды.
Фото: ашық дереккөзден
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Экология министрі су тасқыны қаупінің алдын алу шараларын айтты
-
Түзету мекемелерінде сотталғандармен жұмыс қалай жүргізіледі
-
Зейнетақы жинағын емге жұмсау қалай жүзеге асады
-
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды
-
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді
-
Қазақстанда халықты вакцинациялаудың бipiншi күнi қалай өттi
-
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді
-
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі
-
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты"
-
МИБ пен ЖС-ны құру үшін не істеу керек, қандай құжаттар қажет және ХҚО-да қалай тіркейді
-
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады
-
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі

