• Басты
  • Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың аралық қорытындылары шығарылды
19 Қыркүйек, 2019 17:47

Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың аралық қорытындылары шығарылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулиннің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында «Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асырудың 100 нақты қадамы» Ұлт жоспарының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды Strategy2050.kz.

Үкіметте «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың аралық қорытындылары шығарылды

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру Елбасының жеке бақылауында. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы құрған Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысын қайта бастауды тапсырды. “100 нақты қадам” Ұлт жоспарының орындалуын бақылау міндеті ел Парламентіндегі "Nur Otan" партиясы фракциясының алдына да қойылған. Қазіргі шынайылықтарды және өзгеріп жатқан жағдайды ескере отырып, біз барлық күш-жігерімізді үйлестіріп, Ұлт жоспарының қадамдарын іске асыру бойынша қазіргі тәсілдерді қайта қарап, жұмысты жандандыруымыз керек», — деді А. Мамин.

Бүгінгі таңда Ұлт жоспарының 100 қадамының 58-і орындалып, бақылаудан шығарылды, 3 қадам «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр және Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бақылауында.

Қалған 39 қадамды іске асыру барысы туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы А. Жайылғанова, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, сыртқы істер министрі М. Тілеуберді, сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов, энергетика министрі Қ. Бозымбаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов және Үкіметтің бірқатар мүшелері баяндады. 

Премьер-Министр кейіннен Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевқа бекітуге жіберу үшін Ұлттық экономика министрлігі ұсынған Жол картасы мен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс жоспарының жобаларын бір апта ішінде қарауды тапсырды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды