Шолу

Үкімет отырысы: IV деңгейдегі бюджеттің тиімділігі

Бүгін Үкімет отырысында IV деңгейдегі бюджет пен жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін енгізу барысы талқыланды. Екі бағыт бойынша өкілетті органдардың өкілдері атқарылған іс-шаралар бойынша есеп берді. Толығырақ Strategy2050.kz АА дайындаған материалдан оқи аласыздар.
Астана қаласы15 Мамыр , 12:26

Ұлттық экономика министрі   Тимур Сүлейменов   «100 нақты қадамның»  98-қадамы шеңберінде  жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті  2018 жылдың  1 қаңтардан бастап  халық саны  2 мың адамнан  асатын  1062 ауылдық округте енгізілгенін айтты.

Ал  2020 жылдың  1 қаңтарынан  бастап  барлық аймақта енгізіледі. Дербес бюджетті енгізу ауылдық округтердің  қаржылық  мүмкіндіктерін кеңейтуге және  салықтарды  тікелей өз бюджетіне  аудару  арқылы  жергілікті маңызы бар мәселелерді  шешуде   жергілікті өзін-өзі басқару рөлін күшейтуге мүмкіндік берді.

«2018 жылғы  түзетілген жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттер кірістерінің   жоспары  114 млрд теңгені құрады.  Оны  заңнамалы түрде сапалы іске  асыру мақсатында жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу бойынша  іс-шаралар   жоспары бекітілді.  Жоспарға сәйкес,  ауыл әкімдері мен олардың   аппараттар  қызметкерлерін оқыту жергілікті  өзін-өзі басқарудың дербес  бюджеті   мен коммуналдық меншікті  енгізуге органдардың  ақпараттық жүйелері мен деректер базасының   дайындығын   қамтамасыз ету, ауылдық әкімдерді компьютерлермен қамтамасыз ету  бойынша шаралар көзделген. Іс шаралардың көбі  орындалды», - деді Т.Сүлейменов.  

Оның айтуынша,  биылғы жылдың   екінші жартысында   бюджеттің төртінші деңгейі енгізілген  өңірлерде оқыту   жалғасын табады.

«Тіркелмеген  жылжымайтын   нысандарды тіркеу. Олардың саны  88,2 мыңнан  13,6 мыңға азайды. Ресімделмеген жылжымайтын мүлік  нысандары меншік иесінің Қазақстаннан тыс жерге кетуі, құқық белгілейтін құжаттарының  болмауы немесе қаражаттың болмауы. Заңнамаға сәйкес, адамды мемлекеттік тіркеуге  мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Осыған байланысты  әкімдерге  әділет органдарымен бірлесіп,  заңнаманы халық арасында түсіндіру қажет», - деді министр.

Министрдің айтуынша,  қазіргі уақытта ауылдық округтерде  бюджет пен коммуналдық  меншіктің жаңа деңгейін енгізуге  талдау жүргізілуде.

Оның  нәтижесі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару институтын  дамыту оның ішінде  жергілікті маңызы  бар мәселелерді тиімді және дербес шешу үшін қосымша  салықтық және басқа да түсімдерді беру бойынша шаралар қабылданатын болады. Аталмыш шаралар бойынша тиісті ұсыныстар Үкіметке енгізілетін болады. 

Өз кезегінде Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов   төртінші  деңгейдегі  бюджетті   басқару   бойынша   министрлік   19 нормативтік-құқықтық актіні қабылдағанын айтты. Өңірлерде  министрлік   өкілдерінің қатысуымен топтық семинарлар өткізілді.

«Төртінші деңгейдегі бюджеттер үшін  арнайы Қаржы министрлігінің комитеттерін модификациялау жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында  төртінші деңгейдегі бюджеттің  нақты түсімдері  27,7 пайызды құрады. Оның ішінде салықтық түсімдер  5,2 млрд теңгені құрады. Салықтық емес түсімдер  3,1 млрд теңгені құрады», - деді Б.Сұлтанов.  

Сондай-ақ, министр  кірістерді асыра орындау барлық төртінші деңгейдің бюджеттерінде қол жеткізілгенін айтты.  Шығыстар 21,9 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ, өңірлер де аталмыш  тапсырмаларды орындап жатыр.  Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов төртінші деңгейлі бюджет енгізгелі  республикалық   жоспардың  13 шарасының  12 шарасы орындалғанын айтты.

«Қазіргі таңда тіркелуі қажет, жылжымайтын нысанның  99,5 пайызы тіркелді. Қараша айында жұмыс  толық аяқталады. Халық саны  2 мың адамнан артық  ауылдық округтардағы жылжымайтын мүліктердің тіркелмеген нысандарының саны   осы жылдың  бірінші жартысында  1359 нысанды құрады. Дербес бюджет енгізетін  100 округтың  64-інде жергілікті қоғамдастық   жиналысының  регламенті бекітілді. Біз жергілікті  өзін-өзі басқаруды дамыту  үшін  пилоттық режимде ауыл, аудан әкімдеріне  арнайы курстар ұйымдастырдық», - деді Д.Ахметов.

Өз кезегінде,   Премьер    Бақытжан   Сағынтаев   тұжырымдамаға   сәйкес  өзін-өзі басқару кезеңініің біріншісі аяқталды деп айтуға болатынын айтты.

 Ұлттық экономика министрлігіне жергілікті өзін-өзі басқаруға тұрақты түрде мониторинг жасап, талдауды тапсырды. Ал, қаржы министрлігі ауылдық округтердің бюджетімен жұмыс істеуі үшін барлық   дайындық   іс-шараларын   аяқтау қажеттігін жеткізді.

Аягөз Құрмаш 

 

 




Яндекс.Метрика