• Басты
  • Үкімет республикалық бюджетті нақтылады
1 Қазан, 2019 10:09

Үкімет республикалық бюджетті нақтылады

Осы жылдың наурыз айында түзетілген еліміздің 2019 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерінің сақталуын ескере отырып, 2019 жылға арналған республикалық бюджетке нақтыланған кірістер 7081,3 млрд теңгені, шығындар – 12028,1 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілішісі.
Үкімет республикалық бюджетті нақтылады | Strategy2050.kz

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің 2019 жылғы республикалық бюджетті нақтылау туралы айтып берді.

«2019 жылға арналған республикалық бюджетінің нақтылау шенберінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерін сақтау ұсынылады.Бұл жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,8% (үш те сегіз процент),  мұнай өндіру 89 (сексен тоғыз) млн. тонна. Әлемдік мұнайдын бағалары жоғары құбылмалылығын көрсетеді. Осыны ескере отырып мұнайдың болжамды бағасы барреліне 55 (елу бес) АҚШ доллары деңгейінде сақталды», - деді Р.Дәленов.

Министр айтып өткендей, жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4,0-6,0% шегінде сақталған.

«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы параметрлерінің сақталу келесі факторлар:сыртқы нарықтар бойынша болжамның сақталуы,тоғыз айдағы нақты көрсеткіштер динамикасы, ағымдағы жылғы наурыз айындағы түзету.Республикалық бюджет кірістерін 95 (тоқсан бес) млрд. теңгеге арттыру ұсынылады. Олар:салықтық түсімдер 12,0 (он екі) млрд. теңгеге, салықтық емес түсімдер 83,0 (сексен үш) млрд. теңгеге», - деді ол.

Сонымен қатар, салықтық емес түсімдер 83,0 (сексен үш) млрд. теңгеге девиденттер 50 млрд. теңгеге өседі және 66 млрд. теңге болады.

«33  млрд. теңгеге нақты түсімдер.Жалпы, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) 2019 жылы 7 (жеті) трлн. 81 (сексен бір) млрд.теңгені құрайды.Түсімдер түрлері бойынша кірістердің құрылымы өзгермейді.Ең үлкен үлесті қосылған құн салығы корпоративтік табыс салығы , халықаралық саудаға салынатын салықтар алады.Республикалық бюджеттің тапшылығы бұрын бекітілген 1 (бір) трлн. 365 млрд. теңге деңгейінде сақталған. Жалпы ішкі өнімге қатысты бұл 2,1% процентті құрайды», - деді Р.Дәленов.

Сонымен қатар, министр мұнай емес тапшылық, яғни мұнай кірістерді қоспағанда,  жалпы ішкі өнімге қатысты 8,5% процент немесе 5,5 (бес те бес) трлн. теңгені құрайтынын айтып өтті.

«Мұнай емес тапшылықтың параметрлері бекітілген фискалдық ережелерге сәйкес келеді.Республикалық бюджеттің параметрлері нақтылауды ескере отырып мынадай болады.Түсімдердің жалпы көлемі 95 (тоқсан бес) млрд. теңгеге өседі және 10,7 (он да жеті) трлн. теңгені құрайды.Трансферттердің түсімдері, оның ішінде Ұлттық қордан трансферттер өспейді.Шығыстар 95 (тоқсан бес) млрд. теңгеге артады, бұл кірістердің өсуімен сәйкес келеді.Республикалық бюджеттің шығыстар көлемі 12 (он екі) трлн. теңгеден асады.Осылайша, түсімдер 10,7 (он да жеті) трлн. теңгені, шығыстар 2 (екі) трлн. теңгені, тапшылық 1,4 (бір де төрт) трлн.теңгені құрайды», - деді ол.

ҚР бірінші Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов нақтылау жобасында ағымдағы жылдың бюджетін атқару шеңберінде Үкімет алдына қойылған бірқатар міндеттерді шешу көзделгенін айтты.

«Бірінші міндет. Әлеуметтік салада шұғыл қаржыландыру мәселелерін шешу.Бұл мақсаттарға 84,8 млрд теңге көзделген, оның ішінде:36,9 млрд теңге алушылар контингентінің ұлғаюына, байланысты атаулы әлеуметтік көмек төлеуге, 23,3 млрд теңге медициналық көмек көрсетуге және денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын жалғастыруға, 2,7 млрд теңге мәдениет пен спортты дамытуға бөлінді», - деді Б.Шолпанқұлов.

Сондай-ақ, кейінгі жылдары экономиканың өсу қарқынын арттыру үшін қосымша көздердің негізін қалау қарастырылған.

«Осы міндет шеңберінде нақтыланған бюджет жобасында 136,8 млрд теңге көзделген, оның ішінде:36,7 млрд теңге - жолаушылар вагондары паркін, санитарлық техниканы және машина жасау саласының жобаларын жаңартуды қаржыландыру үшін өңдеу өнеркәсібін қолдауға, 21,1 млрд теңге әуепаркін дамыту және мамандандырылған әуе кемелерімен толықтыру, 17,1 млрд теңге салымшыларға тұрғын үй қарыздарын беру және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар төлеу үшін, 8,0 млрд теңге Павлодар және Ақтөбе облыстарының талап етілген суармалы жерлерінің гидромелиоративтік жүйелерін реконструкциялауға, 7,2 млрд теңге Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға бөлінді», - деді бірінші вице-министр.

Өз кезегінде Премьер-Министр Асқар Мамин Түзетілген бюджет кірістері мен шығыстары әлеуметтік міндеттерді шешу үшін қосымша қаржыландыру қажеттілігін жабуға

«Түзетілген бюджет кірістері мен шығыстары әлеуметтік міндеттерді шешу үшін қосымша қаржыландыру қажеттілігін жабуға, экономикалық өсудің қосымша көздерін құруға мүмкіндік береді», —  деді А. Мамин.

Осы міндеттерді 199,1 млрд теңге сомасында шығыстарды қайта бөлу және осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бюджет кірістерін 94,9 млрд теңге мөлшерінде түзету жолымен қаржылық қолдау ұсынылады.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі А. Мамин тиісті мемлекеттік органдарға белгіленген тәртіпте «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын ҚР Парламентінің қарауына енгізуді тапсырды.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды