• Басты
  • Үкімет Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етіп жатыр - Президент
24 Қаңтар, 2020 12:33

Үкімет Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етіп жатыр - Президент

Үкімет Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етіп жатыр деп айтуға болады, деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Үкімет Президенттің тапсырмаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етіп жатыр - Президент

«Оған қоса, экономикалық дамудың сапасына қатысты мәселелер әлі де сақталуда. Өсімнің қозғаушы күші ресурстық әлеует пен инвестициялар болып отыр. Премьер-Министрдің баяндамасында айтылғандай, айтарлықтау өсімді құрылыс,сауда, көлік саласында байқалды. Алайда, экономиканы несиелендіру тұрақты атап өту керек. 2019 жылдың 11 айында жалпы ішкі өнімнің қарыз портфелі 23 пайыздан 22 пайызға төмендеді. Өткен жылы,өкінішке қарай, ЕАЭО елдері арасында инфляция бойынша чемпион атандық. Еңбек өнімділігінің артуының болмауы басты проблемалардың бірі болып отыр. Шикізаттық емес экспорт өсімі баяу өсуде. Көріп отырғаныңыздай, экономикалық өсіммен байланысты мәселе өте көп», - деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы оның көп бөлігі көп жылдан бері шешіліп келе жатқан құрылымдық мәселелер екенін атады.

«Елбасы халық алдында қойған мақсаттар мен міндеттер өзгеріссіз қалып отыр. 2050 Стратегиясы, 2025 жылға дейінгі елдің стратегиялық даму жоспары, «100 нақты қадам» басты бейімделетін құжаттар. Елбасы қойған стратегиялық мақсаттарға міндетті түрде қол жеткізуіміз керек. Реформаларды жүзеге асыру жолы бұзылғанын мойындау керек. Оны халықаралық және отандық сарапшылар мойындап отыр. Ел экономикасын тереңінен радикалды реформалайтын бағдарлама әзірлеу қажет. Бізге жаңа экономикалық бағыт қажет. Нақты проблемалар мен оны шешетін жолдарды қарастыру қажет», - деді Қ.Тоқаев.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев мемлекеттік аппарат жедел әрі сапалы қызмет ету керектігін айтты.

«Осылайша, біз мемлекет алдында тұрған маңызды стратегиялық жоспарларды жүзеге асыра аламыз», - деді Қ.Тоқаев.

Аягөз Құрмаш 

Барлық жаңалықтар
34.237.138.69, 192.168.88.100