• Басты
  • Үкімет пен Ұлттық банк макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірлескен үндеу жасады
10 Наурыз, 2020 08:45

Үкімет пен Ұлттық банк макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірлескен үндеу жасады

ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің мұнайдың әлемдік  нарығындағы жағдай және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы бірлескен үндеу жасады. 
Үкімет пен Ұлттық банк макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша  бірлескен үндеу жасады

ОПЕК+ мұнайдың негізгі экспорттаушы елдері арасындағы мұнай өндіруді шектеу жөніндегі келіспеушіліктер мұнайдың әлемдік бағасының айтарлықтай төмендеуіне алып келді. Бүгін, 2020 жылғы 9 наурызда Brent маркалы мұнай әлемдік нарықтарда 30%-дан астам төмендеумен, барреліне $31-33 көлемінде саудалануда.

Осы жағдайға байланысты Үкімет пен Ұлттық Банк жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың басымдықтары макроэкономикалық тұрақтылықты және салық-бюджет саясатының тиімділігін қамтамасыз ету, инфляциялық процестерді басқару және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау болып қалатынын мәлімдейді.

Сыртқы нарықтардағы қалыптасқан ахуалға және оның Қазақстан экономикасына әсер етуіне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Қажетті шешімдерді жедел қабылдау және оларды жүзеге асыру үшін Премьер-Министрдің басшылығымен Штаб құрылды.

Үкіметтің бюджет саясатының шаралары әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауға бағытталатын болады. Басым емес бюджет шығындарын қысқарту шаралары қабылданады.

Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бағаның негізсіз өсуін, әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуін болдырмауға ерекше назар аударатын болады.

Қызметкерлердің санын қысқартуға жол бермеуді және еңбекақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына қатаң бақылау қамтамасыз етіледі.

Өз мандаты аясында Ұлттық Банктің тиісті ресурстары бар және базалық мөлшерлемені арттыру және адекватты бағамдық саясатты жүргізу арқылы монетарлық саясатты қатаңдату жолымен бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қажетті қадамдарды қабылдайтын болады. Аталған шаралар инфляцияның жеделдеуін шектейді, ұлттық валюта бағамының шамадан тыс құбылмалылығына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық Банк валюта нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз ету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажетті валюталық интервенциялар жүргізетін болады. Ұлттық банктің теңгенің айырбас бағамымен алып-сатарлық операцияларды болдырмау үшін алтын-валюта активтерінің жеткілікті көлемі, сондай-ақ реттеуіш құралдарды қоса алғанда, барлық қажетті құралдары бар.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

Үкімет пен Ұлттық Банк теріс салдарларды азайту және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарға ие.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды