• Басты
  • Үкімет: Пандемия кезінде білім беру саласында қабылданған шаралар

Үкімет: Пандемия кезінде білім беру саласында қабылданған шаралар

5 Ақпан, 2021 11:26

Қазақстандық саясаттанушы Андрей Чеботарев өзінің «Қазақстан-2020: коронадағдарыспен күрес және жаңа реформалар» атты аналитикалық баяндамасында әлемдегі коронавирус пандемиясынан туындаған дағдарыс кезінде республика үкіметінің білім беру саласында қабылдаған негізгі шаралары туралы айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz.

2020 жылы іске асырылған немесе 2021 жылға жоспарланған әлеуметтік сипаттағы шаралар пандемия жағдайында қазақстандық қоғамның түрлі санаттары мен топтарын қолдауды, сондай-ақ жағдайды жақсартуды және оны тиісті салаларда қамтамасыз ететін тетіктерге бағдарлауды біріктіреді. Олар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші және үшінші отырыстарында және Мемлекет басшысының Жолдауында баса айтылды.

А. Чеботарев атап өткен ҚР Үкіметінің білім беру саласындағы шешімдерінің ішінде келесілер атап өтілді:

·  Педагог мамандығын таңдаған үміткерлерге қойылатын талаптарды арттыру мақсатында олардың осы мамандыққа бейімділігін анықтау үшін белгілі бір педагогикалық жағдайларды шешу бойынша арнайы емтихан тапсыруды енгізу. Бұл аталған адамдардың балалармен қарым-қатынас жасай білуін, гуманизм, шыдамдылық, әділдік, оның ішінде ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға бейжай қарамау деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

·  1.09.2020 ж. бастап болашақ педагогтер үшін шәкіртақы мөлшерін 26 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін, ал докторанттар үшін 102 498 теңгеден 150 мың теңгеге дейін арттыру.

·  ЖОО оқытушыларының жалақысын арттыру мақсатында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім гранттарының құнын арттыру.

·  ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқулықтарды цифрлық оқу басылымдарына кезең-кезеңімен көшіру жоспарының жобасын әзірлеуі.

· ҚР БҒМ 24.07.2012 жылғы №344 «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, апробациялау және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына ғылыми және педагогикалық сараптама мен апробацияны жүргізу сапасына қойылатын талаптарды күшейту бөлігінде өзгерістер енгізу.

· Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында академиялық дербестікті, соның ішінде білім беру бағдарламаларын жасау және кредиттік технологияны енгізу бойынша мәселені пысықтау.

· Толыққанды оқу процесіне қажетті барлық функциялар жиынтығы қарастырылған бірыңғай интеграцияланған білім беру онлайн-платформасын қамтамасыз ету.

·  2021 жылғы қаңтардан бастап келесі үш жыл ішінде осы мақсаттарға қосымша 1,2 трлн теңге бөле отырып, педагог қызметкерлердің жалақысын 25%-ға арттыру.

·  Тұрғылықты жеріне және оқыту тіліне қарамастан, сапалы білім алу үшін балаларға тең мүмкіндіктер жасау бойынша жүйелі шаралар әзірлеу.

·   Білім беру саласындағы қала мен ауыл арасындағы алшақтықты жою үшін жалпы білім беретін мектептерді қолдау шараларын әзірлеу.

·  Азаматтардың сауаттылық деңгейін, олардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға, бейресми білім берудің балама нұсқаларын белсенді енгізуге, дербес оқыту нәтижелерін мойындауға, кәсіби дағдыларын сертификаттауға және т. б. бағытталған өмір бойы оқыту (үздіксіз білім беру) тұжырымдамасын әзірлеу.

·  Барлық облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және елордада, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу және балалар үйірмелерінің жұмысын қайта бастау.

·   Ғылыми қызметі бойынша өңірлік университеттерге ірі бизнес тарапынан «қамқорлықты» қабылдау мәселесін пысықтау.

·  Әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін ғалымдарға 500 грант бөлу, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдар үшін 1000 грант ұсыну.

«Дипломатиялық тетіктер шетелдік жоғары оқу орындарында оқып жатқан қазақстандықтарға көмек көрсету үшін де қолданылды. Атап айтқанда, Ресейде білім алып жүрген 10 мыңнан астам студенттің мүддесі үшін Қазақстанның осы елдегі елшілігі ғылым және жоғары білім, ағарту министрліктерінің және Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының басшылығымен келіссөздер жүргізді. Соның нәтижесінде эпидемия ахуалына байланысты Ресейге баруға мүмкіндігі жоқ қазақстандық студенттердің қашықтан білім алуы туралы келісімдерге қол жеткізілді. Соның ішінде түлектердің дипломдық жұмыстарын қашықтан қорғау да қарастырылған» , — деді саясаттанушы.

Барлық жаңалықтар