- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы онлайн форматта өтті. Отырыста Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2021 жылға арналған Жоспар жобасы қаралды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Экология министрі: Қазақстан су аз цикліне кірді
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану тәсілдеріне тоқталды. Оның айтуынша, Соңғы жылдары өзен ағынының нақты ресурстары жылына тоқсан-жүз куб.километрді (90-100 км3) құрады. Оның елу бірге жуық куб.километрі (50,8 км3) – жергілікті ағын, ал қалғаны Қытайдан, Орталық Азия елдерінен және Ресейден трансшекаралық өзендер арқылы келіп түседі.
«Соңғы үш жылда Қазақстан су аз цикліне кірді. 2019 жылы өзен ағысының жалпы көлемі сексен үш куб.километрді (83 км3) құрады. Бұл орташа көп жылдық көрсеткіштен жиырма пайызға (20%) аз. республика бойынша пайдаланылатын судың тоқсан жеті пайызы (97%) оңтүстіктегі төрт облысқа тиесілі», - деді ол.
Министрдің айтуынша, су тұтынудың ағымдағы үрдісі (1,5 млн.га-ға 13,3 км3) сақталса, болжамды тапшылық 2030 жылға қарай он бір бүтін оннан жеті куб километрді (11,7 км3) құрауы мүмкін. Осыған байланысты экология министрі төрт тәсілді атады:
Біріншіден: ылғал сүйгіш дақылдардың егістік алқаптарын кезең-кезеңімен азайту қажет (күріш пен мақта).
Екіншіден: жаңа су қоймаларын салу және каналдардың техникалық жай-күйін жақсарту жөніндегі жобалар жалғастырылатын болады.
Үшінші: суарудың су үнемдеу технологияларын енгізбестен суармалы жерлердің ауданын ұлғайту мүмкін емес.
Төртінші: суармалы суды ұтымды және үнемді пайдалану мақсатында 2025 жылға дейін жүз он тоғыз (119) негізгі каналдарда жаппай цифрландыруды жүргізу қажет.
Бесінші: оңтүстік өңірлердегі трансшекаралық көздерге тәуелділікті назарға ала отырып, жаңа суармалы жерлер сумен қамтамасыз етілген шығыс және солтүстік өңірлерде енгізілуге тиіс.
Ауыл шаруашылығы министрі: егістікті суаруға су тапшы
ҚР Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров Мырзағалиевтің баяндамасын толықтырып, осы жылы Оңтүстік облыстардың егінін суаруға су тапшылығы сезілгенін айтып өтті. Министрдің мәліметінше, 2020 жылы суармалы жерлердегі егіс алаңы 1,4 млн. гектарды құрады.
«Қазіргі кезде суармалы жерлерде майлы, дәнді, азықтық, көкөніс-бақша дақылдары, мақта, картоп, күріш және қант қызылшасы өсіріледі. Негізгі үлес бидай мен арпа сияқты тәлімі дақылдарға, сондай-ақ мақта мен күріш сияқты монодақылдарға тиесілі. Министрлік пен облыс әкімдіктері арасында жасалған меморандумдар шеңберінде суды көп қажет ететін дақылдар мен монодақылдардың үлесін азайту, сондай-ақ рентабельділігі жоғары балама дақылдардың (көкөніс-бақша, азықтық, майлы дақылдар) алаңдарын ұлғайту арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде», - деді Сапархан Омаров.
Әділет минстрі: 22 заң жобасын әзірледік
Отырыста Әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасап, Үкіметтің 2020 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары толық орындалғанын – 22 заң жобасы әзірленгенін хабарлады.
«2021 жылға арналған жоспар 25 заң жобасын әзірлеуді көздейді, оның ішінде 6 заң жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауынан туындайды. Бұл сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және биржалық сауданы дамыту мәселелері жөніндегі заң жобалары. 2021 жылдың жоспарына геодезия, биологиялық қауіпсіздік, әскери полиция және қоғамдық бақылау мәселелері бойынша 4 жаңа заң жобасы енгізілді», - деді Әділет министрі.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Үкімет регламентіне әзірлеуші органдардың бірінші басшыларының заң жобаларын әзірлеу мен ұсынудың сапасы, уақытында берілуі үшін дербес жауапкершілігі туралы тиісті түзетулер енгізілді.
«Министрлер заң жобаларының сапалы дайындалуын және олардың Үкімет пен Парламентке уақытылы ұсынылуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуі қажет», - деді Үкімет басшысы А. Мамин.

-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері

