• Басты
  • Үкімет әлеуметтік көмек көрсету шараларына 320 млрд теңге бөледі
7 Қазан, 2019 16:01

Үкімет әлеуметтік көмек көрсету шараларына 320 млрд теңге бөледі



Үкімет әлеуметтік көмек көрсету шараларын жүзеге асыру үшін 320 млрд теңге қаржы бөледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов баспасөз мәслихатында айтты.
Үкімет әлеуметтік көмек көрсету шараларына 320 млрд теңге бөледі | Strategy2050.kz

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үкімет әлеуметтік көмек көрсету шараларын, яғни, атаулы әлеуметтік көмек, көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы және бірыңғай кепілдендірілген әлеуметтік пакетті жүзеге асыру үшін 320 млрд теңге қаржы бөледі. Оны есептеудің жаңа тетіктері келер жылдың басында енгізіледі», - деді Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, министр көмекке мұқтаж отбасыларға қаржылай жәрдем берумен қатар, олардың өз бизнестерін ашуға, жұмыс табуға ықпал ететін бірнеше жоба қолға алынғанын атап өтті.

«Қазақстанның барлық өңірлерінде жауапты жəне еңбекқор азаматтар АƏК пен «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында нақты көмек алып, өздерінің отбасыларының тұрмыс жағдайын түзеп қана қоймай, жеке кəсібін құра алатындығы туралы көптеген мысал бар. Мəселен, бірнеше əйел қысқа
мерзімді оқу курсынан өтіп, кредит жəне əлеуметтік көмек алып, сұлулық салондарын, ал ер азаматтар біреулері мал сатып алып, енді біреулері шеберханалар ашты. Сонымен бірге, біз оларға мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарындағы бос жұмыс орындарын жəне жеңілдетілген микрокредиттер мен бизнес ашу үшін қайтарымсыз гранттар алуды ұсынамыз», - деді министр.

Сондай-ақ, министрдің сөзіне сүйенсек, жоғарыда аталған əлеуметтік қолдау шараларымен қатар, балалары бар аз қамтылған отбасыларға үй бизнесін жүргізу дағдыларын игеруге көмек көрсетіледі.

«Алматының барлық сегіз ауданында үкіметтік емес ұйымдар тарапынан «Бақытты отбасы» орталықтары құрылған. Онда аналары курстардан өтіп жатқан кезде балаларының қараусыз қалмауына барлық жағдай жасалған. Курстан өткен аналарға қажетті жабдықтар сатып алу үшін қайтарымсыз гранттар береміз. Бұл тəжірибені барлық өңірлерде таратуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, біз «Менің кəсібім» жобасын іске қостық, оның аясында əкімдіктердің қолдауымен демеушілер есебінен аналарға шағын үй бизнесімен айналысуға көмектесеміз», – деді министр.

Бұдан бөлек, Біржан Нұрымбетов ҚР Еңбек министрі əрбір отбасының əлеуметтік картасын жасағанын, карта мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен автоматтандырылған деректер негізінде отбасылардың нақты мəртебесін анықтауға жəне қадағалауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды