• Басты
  • Үкімет коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр - Ералы Тоғжанов
2 Наурыз, 2020 12:09

Үкімет коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр - Ералы Тоғжанов

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтің коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауында ұстап, тиісті шараларды қабылдап жатқанын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Үкімет коронавирусқа қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр - Ералы Тоғжанов

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайда тіркелген коронавирустың Қазақстан аумағында таралмауына жол бермеу жөнінде Үкіметке нақты ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырған еді. Бұл мәселені Президент жеке бақылауында ұстап отыр. Үкімет отырысында Премьер-Министрдің қатысуымен күн сайын қаралуда. Арнайы іс-жоспарлары бүгін де бекітілген. Аталған мәселені жіті қадағалауда ұстау мақсатында құрылған үкіметтік ведомствоаралық комиссияның тұрақты жұмысы атқарылып, күнделікті қажетті шаралар бойынша нақты шешімдер іске асырылуда», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында.

Үкімет басшысының орынбасары атап өткендей өңір басшыларына да тиісті тапсырмалар беріліп жатқанын жеткізді.

«Мәселенің маңызды екені айдан анық. Неге десеңіз әр азаматтың өмірінің қауіпсіздігін қамтамамыз ету – бәріміздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Вирустың таралу аймағы қысқа мерзімнің ішінде тез өсуде. Бүгінгі таңдағы мәліметке сәйкес коронавирус 88,4 мыңдай адамға жұққан. 3 мыңға жуық адам қайтыс болған. 42,8 мыңнан астам адам жазылып кеткен», - деді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды