- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті
Үкімет денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті
ҚР денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов өткен кезеңде қол жеткізілген нәтижелер және жаңа Мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыттары туралы, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың басқарма төрағасы Ю.Пя медициналық қауымдастықтың позициясы туралы баяндады.
3 жыл ішінде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға шамамен 513 млрд теңге бөлінді. Елімізде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарды, орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жасқа жетті.
«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев медициналық көмектің сапасын жақсарту, алғашқы медициналық-санитариялық көмекке жұмсалатын шығыстарды 60%-ға дейін ұлғайту бойынша нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша шаралар қабылдауды, медициналық ұйымдардың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды», — деді А. Мамин.
Үкімет басшысы жаңа Мемлекеттік бағдарлама аясында халықты салауатты өмір салтына бейімдеу үшін қоғамдық денсаулық сақтау қызметі жаңғыртылатынын атап өтті. Жалпы салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шараларды кеңейту жоспарланған.
«Медициналық көмек сапасын арттыру, денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құруды аяқтау бойынша шаралар қабылданады. Ол үшін ауруларды ерте анықтауға ынталандыру мақсатында емханалар мен ауруханаларды қаржыландыру жетілдіріледі», — деді А. Мамин.
Премьер-Министр барлық өңірлерде медициналық қызмет көрсетудің жаңа технологиялары енгізіліп жатқан алғашқы медициналық көмек көрсетудің озық тәжірибе орталықтарын дамыту жалғасатынын атап өтті.
Медицина қызметкерлерінің статусын арттыру үшін медициналық кадрлық ресурстардың ұлттық жүйесі құрылады.
«Дәрігерлер мен мейірбикелердің жалақысы орта есеппен 2 есе артып, оларды әлеуметтік қолдау шаралары күшейтіледі, сондай-ақ кәсіби жауапкершілік шаралары да күшейтіледі. Жалпы бір дәрігердің жүктемесі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының деңгейіне дейін азаяды (1500 адамға 1 дәрігер)», — деді А. Мамин.
Үкімет басшысы медицина саласындағы инвестициялық ахуалды түбегейлі жақсарту және жобалық басқаруды енгізу жоспарларын атап өтті.
«Алғаш рет салаға 2,8 трлн теңге қаржы бөлу жоспарланған, соның ішінде, 2,2 трлн жеке инвестициялар. Осы қаражат есебінен 431 денсаулық сақтау объектісі салынады, оның ішінде 10 мың орынға арналған, халықаралық деңгейдегі 19 көпсалалы аурухана мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы салынады. Бұл ауруханалардағы емдеу орындарын 50%-ға ұлғайтуға, медициналық нысандарының тозуын 56%-дан 38%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.
Премьер-Министр осы шаралардың барлығы медициналық инфрақұрылымды жақсартуға және ауру-сырқаудың деңгейін азайтуға және қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 2025 жылға қарай 75 жасқа дейін жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты