• Басты
  • Үкімет дағдарыс жағдайында тез әрекет етуі қажет – Ә.Смайылов
17 Наурыз, 2020 11:09

Үкімет дағдарыс жағдайында тез әрекет етуі қажет – Ә.Смайылов

Үкімет дағдарыс жағдайында тез әрекет етуі қажет. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Үкіметте өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Үкімет дағдарыс жағдайында тез әрекет етуі қажет – Ә.Смайылов
«Корнавирус пандемиясына байланысты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және вирустың таралуына іс-қимыл шараларын күшейту қажеттілігіне байланысты елімізде төтенше жағдай жариялау бойынша Жарлыққа қол қойды. Президенттің жарлығымен төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. Кеше осы комиссияның бірінші отырысы өтті. Онда коронавирусты болдырмаудың шаралары қарастырылды. Қазір елімізде осы вирусқа шалдыққан 13 адам бар. Оның 11 – Алматыда, 2- Нұр-Сұлтан қаласында.Әлемде коронавирус жағдайы қиындауда, осыған байланысты Қазақстанда коронавирусқа қарсы іс-шаралар күшейтіледі», - деді Ә.Смайылов.

Ә.Смайылов айтып өткендей, мемлекеттік сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі қоданылады.

«Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін мемлекеттік сатып алу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы Қазақстан аумағында өндіретін тауарлар мен оларды өндіруші тауарлар тізбесін айқындайтын болады. Мұндай тауарлар мемлекеттік тауарлар жедел және тек отандық өндірушілер арасында жүзеге асырылатын болады. Бұл шара істеп тұрған бизнесті қолдап қана қоймай, жаңа өндірістерді ашуға да ынталандырады», - деді ол.

Сонымен қатар, ол Үкімет дағдарыс жағдайында тез әрекет ету қажеттігін айтты.

«Мысалы, маска немесе қорғау құралдарын сатып алу және ауруханаларды салу. Бұл ретте конкурстық рәсімдер 60 күнге дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты жұмыс тобына бір көзден алу тәсілі мен мемлекеттік сатып алу үшін тауарларды, қызметтерді алу, жұмыстарды алу бойынша өкілеттіктер берілетін болады. Бұл ретте ірі және маңызды сатып алулар ҚР Президентімен келісілетін болады. Қалған барлық мемлекеттік сатып алу жалпыға бірдей тәртіп бойынша жүзеге асырылатын болады», - деді ол.

Сонымен қатар, Ә.Смайылов айтып өткендей, республикалық бюджетті орындау кезінде қажетті жеңілдіктер қолданылады.

Аягөз Құрмаш  

Барлық жаңалықтар
3.237.66.86, 192.168.88.100