• Басты
  • Үкімет Бірыңғай бизнес тізілімін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр – Т.Құлыбаев
11 Қазан, 2019 16:00

Үкімет Бірыңғай бизнес тізілімін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр – Т.Құлыбаев

Бас прокуратура «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, «Прокуратураның кәсіпкерлік саласындағы қадағалауы» жөнінде бизнесті қорғаудың IV форумын өткізді.

 

Үкімет Бірыңғай бизнес тізілімін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр – Т.Құлыбаев

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, отырысты ашқан Бас Прокурор қатысушылардың назарын қабылданып жатқан құқықтық және ұйымдық шараларға аударды.

Ол бірлесе жұмсаған күш-жігердің көмегімен үш жол картасы жүзеге асырылып, маңызды бағыттар бойынша үш жүзге жуық іс-шара аяқталғанын атап өтті. Атап айтқанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз ететін сандық технологиялар енгізілді. 

Прокуратура органдары Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне (ӘІЖБТ), Субъектілер мен тексерулер объектілерінің бірыңғай тізіліміне (СТОБТ) және басқа да жобаларға арналған автоматтандырылған жүйелерді әзірледі.

Қылмыстық процесс жетілдірілуде, әкімшілік кедергілер мен тексерулердің саны азайды.

Кезең бойынша ізгілендіру кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау аясына негізсіз тарту санын 4 есеге жуық қысқартуға мүмкіндік берді (2015 жылы 13,600-ден 3549-ға дейін).

Сонымен бірге, Ғизат Нұрдәулетов кәсіпкерлерді негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғаудың және «көлеңкелі» экономикаға қарсы тұрудың тиімді моделін құруға мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдірудің қажеттілігін мәлімдеді.

«Атамекен» ҰКП Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев Бас Прокурорға жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдірді және Ұлттық палата қазірдің өзінде тұжырымдамасы Үкімет тарапынан қолдау тапқан Бірыңғай бизнес тізілімін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Мемлекеттік органдармен бірге өзара кірігу және оны жүргізу үшін қажетті ақпараттарды алу мәселелері пысықталуда.

Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жалпы жұмыстың тиімділігін атап өтіп, партияның облыстық филиалдарының басшыларын өңірдегі бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға белсене қатысуға шақырды. 

Форумның соңында Жол картасы бекітілді. Онда бірқатар бірлескен іс-шаралар қарастырылған. Жол картасында  атап айтқанда бизнестің маңызды міндеттері – сәулет-құрылыс пен жер қатынастары салаларындағы және бақылаушы-қадағалаушы органдардың тәуекелдерді басқару жүйелеріндегі мәселелер қамтылды.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды