• Басты
  • Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады
5 Ақпан, 2020 14:36

Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «One Web» британ компаниясының бас атқарушы директоры А. Штекельді қабылдады, деп хабарлады Strategy2050.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады

А. Штекель осы жылдың 7 ақпанында Байқоңыр ғарыш айлағынан «One Web» әзірлеген жаһандық жерсерік желісі аясында 34 жерсерікті ұшыру дайындығы туралы баяндады. Биыл барлығы Байқоңыр ғарыш айлағынан 8 ұшыруды жүзеге асыру көзделген. Жаһандық жерсеріктік желі 1200 шақырым биіктікте 12 орбита жазықтығында 504 спутниктен тұратын болады. Жерсеріктік желіні толық пайдалануға беру және ҚР аумағында қызмет көрсетуі 2021 жылдың соңына болжанған.

Тараптар Қазақстан аумағын, соның ішінде шалғайдағы және жетуге жолы қиын аудандарды байланыс спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты кеңжолақты интернетпен қамту жөніндегі жобаны іске асыру перспективаларын талқылады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығының жанындағы Ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенінің базасында «One Web» үшін жерсеріктер құрастыру жобасын іске асыру мүмкіндіктері, сондай-ақ одан кейін Орталық Азия, Кавказ, Иран, Ауғанстан елдеріне «One Web» жерсеріктік интернетін эксклюзивті дистрибуциялаумен ҚР аумағында шлюз станциясын орналастыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесі қаралды. 

«One Web» компаниясы Интернет және жылдамдығы жоғары деректерді жеткізу (қолданушы терминалына 5-50 Мбит/с) желісіне қолжетімділік бойынша қызметтерді ұсыну үшін ғаламдық төмен орбиталы жерсерік желісін жасайды.  

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды