• Басты
  • Кибер жаттығу кезінде қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет

Кибер жаттығу кезінде қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет

7 Желтоқсан, 2020 11:40

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов Нұр-Сұлтан қаласында кибер жаттығулар өткізіліп жатқанын айтты. Осы орайда комитет төрағасы кибер жаттығулары барысында қауіпсіздік сертификаты не үшін қажеттігін түсіндірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Комитет төрағасының пікірінше, тәжірибе көрсеткендей, пандемия кезінде әлеуметтік медиада елдің заңнамасын бұзатын нақты емес ақпараттың мөлшері көбейген. Осыған байланысты қауіпсіздік сертификаты тек дұрыс ақпаратты тарату үшін, діни экстремистердің бұрыс ақпарат таратпауына жол бермеу мақсатында мемлекеттік органдардың оны уақытында анықтап, локализациялау үшін керек. Сонымен бірге бұл, оның сөзінше, бүкіл интернет-ресурстың тұрақты жұмысына кедергі келтірмейді.

«Осы мақсаттар үшін қауіпсіздік сертификаты қолданылады, ал егер сіз оны пайдаланудан бас тартсаңыз, шетелдік интернет-ресурстардың жұмысын сақтау техникалық тұрғыда мүмкін емес», - деді ол.

Бұдан бөлек, ол ақпарат саласындағы уәкілетті орган жыл басынан бері шетелдік интернет-ресурстардың иелері мен әкімшіліктерінің заң бұзушылықтарын жою бойынша ұсыныстар берілгенін атап өтті. Оның дерегінше, 23 мыңнан астам заңсыз материалды жою бойынша шаралар қабылдауға қатысты 7 мыңнан астам хат жолданған.

«Алайда, бүгінге дейін іс жүзінде тек 30% немесе 7 мыңға жуық материал жойылды. Атап айтқанда, 21 мыңнан астамы терроризм, діни және этникалық экстремизм идеологиясының таралуымен, 731-і порнографияны, суицидті насихаттаумен, сонымен бірге, 137-сі есірткіні насихаттау және таратумен байланысты болды», - деді ол.

Сонымен қатар, «Байланыс туралы» заңда белгіленген тәртіппен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі пайдаланушыларға ҚР аумағынан 3500-ден астам материалға қол жеткізуді шектеген. Бұдан бөлек, жыл басынан бастап сот шешімдерімен пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының аумағынан 32 заңсыз материалға қолжетімділік шектелген. Олардың ішінде, 8-і терроризм, діни және этникалық экстремизм идеологиясын тарату, 7-еуі есірткіні насихаттау және тарату, 6-уы «Ойын бизнесі туралы» заңды бұзғаны үшін, 5-еуі қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш құрылғыларды насихаттау, 4-еуі порнографияны насихаттау және 2-еуі авторлық құқықты бұзуға қатысты болған.

Сонымен қоса ол электронды үкіметтің әртүрлі кибершабуылдардың ықпалында болатынын, яғни жыл сайын миллиардтаған ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары тіркелетіндігін, мәселен, биыл шамамен 4 миллиард оқиға және миллиондаған кибершабуылдың, атап айтқанда, 200 миллионға жуық шабуыл тіркелетіндігін атап өтті.

«Бұдан басқа пандемия кезінде және қашықтан жұмыс істеп, оқуға көшкен кезде цифрлы инфрақұрылымға жүктеме күрт өсіп, біздің оған дайын емес екенімізді көрсетті. Қазіргі уақытта өткізіліп жатқан кибер жаттығулардың мақсаты - мемлекеттік органдардың, ақпараттық қауіпсіздік басқармаларының, маңызды объектілердің жедел ақпараттық қауіпсіздік орталықтарының туындайтын қатерлерге қарсы тұруға дайындығын тексеру», - деді комитет төрағасы.

Сонымен қоса ол соңғы іс-шара киберді оқыту жоспарына сәйкес сәл ертерек басталғанын, көптеген мемлекеттік қызметкерлер жұмыс орындарында фишинг-тесттің зиянды бағдарламасымен ұшырасуға мәжбүр болғанын атап өтті.

«Цифрлық даму министрлігі ұйымдастырған жаттығуларға Ұлттық қауіпсіздік комитеті, «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ және заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестігі - «Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы» өкілдері қатысып жатыр. Жаттығу жоспары негізінде әрқайсысының өзіндік рөлі бар. Мәселен, «Қазақстанның кибер қалқаны» жүйесімен қамтамасыз етілетін қорғаныс техникалық тетіктерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен «ГТС» АҚ-ның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығы қызметкерлері қолданады, шартты құқық бұзушының рөлін ЦАРКА кәсіби тобы орындайды, мүдделі мемлекеттік органдармен сектораралық өзара әрекеттесу және цифрлық даму министрлігі үшін киберлік тапсырыстарды жалпы үйлестіреді», - деді Руслан Абдикаликов.

Барлық жаңалықтар