• Басты
  • ҚХР-дың құрылғанына 70 жыл толды
27 Қыркүйек, 2019 18:59

ҚХР-дың құрылғанына 70 жыл толды


ҚХР-дың құрылғанына 70 жыл толды. Осыған орай, Қытайдың Қазақстандағы елшілігі өзге ел өкілдері мен Қазақстанның ресми тұлғаларының қатысуымен салтанатты қабылдау өткізді,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
ҚХР-дың құрылғанына 70 жыл толды

Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяо бұл мереке қытай халқы үшін маңызды әрі тарихи мәнге ие екенін жеткізді.

"Қытай халқы 70 жылда өте күрделі жолды бастан кешірді. Біз бұл тарихи кезеңге үлкен жетістіктер мен толағай табыстармен келдік. Әрине, мақтан тұтамыз. "Қытай елінің 70 жылда жеткен жетістігі неге тәуелді?" деп сұрайды.Мен бұл сұраққа: бізде қуатты әрі дұрыс басшылық бар деп жауап беремін. Бұл саяси билік біртұтас ұлтты ерен еңбек пен қалтықсыз күрес үшін біріктіретін күш. Біздің халықтың жетістігі еңбек пен даналықтың нәтижесінде ие болған сыйлық. Ешкімнің қолдауынсыз, көмегінсіз өзіндік қайраттылық пен еңбекқорлықтың арқасында жеткен жетістігіміз баршылық", - деді Ч.Сяо.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Владимир Божко ҚХР-дың 70 жылдығымен құттықтады.

"Қытаймен достастық көршілік қарым-қатынас біздің елдің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Қытай - Қазақстаның маңызды әр сенімді көршісі. Бұл жақсы қарым-қатынастың орнатылу негізі - Елбасы Нұрсұлтан Назарбааевтың үлесі. Тұңғыш Президентіміз Қытаймен қарым-қатынастың стратегиялық деңгейінің маңыздылығын әрқашан еске салады. 27 жыл дипломатиялық қарым-қатынастың төңірегінде екі ел арасында жоғары экономикалық және жылдам дамып жатқан өзара ынтымақтастық орнатылды. Жақында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға алғашқы сапары болды. Бұл тағы бір мәрте Қазақстанның сыртқы саясатындағы Қытаймен қарым-қатынасқа ерекше назар аударатынын дәлелдеді. Бұл өзекті мәселелерді одан әрі дамытуға мүмкіндік береді", - деді В.Божко.

Айта кетейік, елші Чжан Сяо Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары туралы кеңінен айтып берген болатын.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды