• Басты
  • ҚХР-дан Қазақстанға 25 мыңнан астам азамат келді – Е.Біртанов
28 Қаңтар, 2020 11:56

ҚХР-дан Қазақстанға 25 мыңнан астам азамат келді – Е.Біртанов

ҚХР-дан Қазақстанға 25 мыңнан астам азамат келді, деді Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

ҚХР-дан Қазақстанға 25 мыңнан астам азамат келді – Е.Біртанов

«ҚХР-ның 30 провинциясында 4515 коронавирустық пневмониямен науқастар тіркелді. Оның ішінде 106 науқас көз жұмды. Жалпы, дүниежүзі бойынша 15 елде 80 науқас тіркелген. Ең көп Гонконг -8, Тайланд-7, АҚШ, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея бар. Бұл мәселе халықаралық ұйымдардың бақылауында», - деді министр.

Сондай-ақ, министр Қытайдағы жағдай төтенше деп танылмағанын айтты.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылы 22-23 қаңтарда Женевада ұйымның төтенше комитетінің шолу отырысы болды. Ол Қытайдағы жағдайды төтенше жағдай деп танымады. Сонымен қатар, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Америка штаттарының аураларды бақылау орталығы мамандарымен, ҚХР денсаулық сақтау және Ресей денсаулық сақтау министрліктерімен бірігіп жұмыс істеп отырмыз. Президент тапсырмасы бойынша Үкімет осы жағдайға арналған арнайы жоспар қабылдады. Ол санитарлық бақылауды күшейтуге бағытталған», - деді ол.

Оған қоса, министр 6 қаңтарда Бас дәрігердің санитарлық бақылауды күшейту туралы Қаулысы шыққанын айтты.

«Оның мақсаты - инфекция тарауының алдын алу. Ол ҚХР-мен шекарадағы барлық пункттерде жүргізілуде. Сол күннен бастап ҚХР-дан келген барлық келушілерді тексеру жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 25 858 азамат келді. Оның ішінде Қазақстан және шетел азаматтары бар. Олар бойынша барлық ақпарат тіркелді, бақылау үстінде. Бүгінгі күнде осы тізімнің ішінен қызыуы көтерілген адам саны 23-ті құрап, 4 адам госпитальдандырылды. Олардан қан сынамасы алынды. 3 тәулік бойы тыңғылықты диагноистика жасалады.Үкімет резервінен қосымша қаржы сұрап жатырмыз. Бұл алдын ала сақтану шаралары үшін қажет», - деді ол.

Сондай-ақ, Денсаулық министрі ҚХР-дан келген азаматтарға үндеу жасады.

«Көп жағдайда біз барлығымен хабарласа алмай жатамыз. Біз дәрігерге барып тіркелулеріңізді сұраймыз. Бұл сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін, қажетті жағдайда дәрігерлер жәрдем бере алу үшін керек», - деді ол.

Сонымен қатар, Сыртқы істер бірінші вице-министрі Шахрат Нұрышев Қытайдағы студенттерге қатысты айтып өтті.

«Қазіргі кезде Ухань қаласында Қазақстанның 98 студенті бар. Қазақстанның Қытайдағы елшілігі студенттермен күнделікті байланыста. Студенттерде қажетті нәрсенің барлығы бар. Университтер медициналық құралдар мен бет-перделермен толық қамтамасыз етіп отыр. Премьер-Министрдің тапсырмасымен ведомствоаралық комиссия құрылды. Кеше комиссия отырысы өтті. Қазір студенттерді эвакуациялау мәселесін пысықтап жатырмыз», - деді ол.

Министр қазақстандық студенттерді Қазақстанға жеткізу барысында арнайы талаптар сақталатынына айтты.

«Министр мұндай жағдай кезінде санитарлық талаптар бар екенін айтты. Ұшақ студенттерге барған кезде арнайы тексерістен өтеді. Ухань қаласынан келетін жолаушыларға арнайы корпус әзірлеп отырмыз. Олар 2 апталық карантиндық шарадан өтеді», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар
35.153.39.7, 192.168.88.100