• Басты
  • Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқының 74,9 пайызы сенеді - сауалнама нәтижесі
22 Қазан, 2019 16:57

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқының 74,9 пайызы сенеді - сауалнама нәтижесі

Еуразиялық интеграция институты Мемлекет басшысының қызметіне байланысты қоғамның қабылдауы мен бағалауын анықтау үшін халық арасында сауалнама жүргізді.

 


Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқының 74,9 пайызы сенеді - сауалнама нәтижесі

Сауалнама 14 облыстың орталықтарында, ауылдық елді мекендерде және республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өтті. Белгіленген параметрлер бойынша оған халықтың әлеуметтік-демографиялық құрамына қарай 18 жастан асқан адамдар қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша еліміздің Президентін тікелей қолдайтындардың үлесі жоғары. Халықтың 70,3 пайызы Қ.Тоқаевты Мемлекет басшысы ретінде қолдайды.

Қоғамда ҚР Президентіне сенім білдіргендердің көрсеткіш деңгейі айтарлықтай жоғары – 74,9 пайыз. Сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметіне толық қанағаттанады.

Сауалнамаға жауап бергендердің 70 пайыздан астамы Президенттің бастамалары халықтың әл-ауқатын артыруға және елімізді дамытуға жол ашады деп санайды. Респонденттер «Жердің шетел азаматтарына сатылмайтыны туралы Президенттің мәлімдемесі»; «Тұлғаларға, әсіресе, балаларға қарсы жасалған ауыр қылмыстар үшін берілетін жазаны қатаңдату»; «Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жалдамалы пәтер беру»; «Несие қарыздарының кешірілуі»; «Қазақстанның стратегиялық серіктестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын жандандыру» және басқа да бастамалар Қ.Тоқаевтың атқарған аса маңызды шаралар деп санайды.

Сауалнамаға жауап бергендер Қазақстан халқын әлеуметтік тұрғыдан қолдау ісіне және елімізді одан әрі дамытуға байланысты Президент пен Үкіметтен еңбекақы мен зейнетақыны көтеруін, жалпы халықтың әл-ауқатының артуын, кедейшілікпен күрестің тиімділігін, халық үшін тұрғын үйдің қол жетімділігін қамтамасыз ету мәселелерінің шешілетініне сенім білдіріп, үміт артады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресу, медициналық қызмет көрсету және білім беру сапасымен жұмыс жүргізу мәселелері де шешімін табатын маңызды міндеттер қатарында.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды