- Басты
- Жаңалықтар
- Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады
Бүгін үкімет отырысында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов елімізде ұлттық халық санағы аяқталғанын мәлімдеді. Оның мәліметінше, онлайн сауалнамадан халықтың 42,5%-ы, ал жаппай аралап шығу арқылы санақпен 57,5% адам қамтылған. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ұлттық халық санағы ел тұрғындарының барлық санаттарын қамтығанын жеткізді. Оның мәліметінше, онлайн сауалнамадан халықтың 42,5%-ы, ал жаппай аралап шығу арқылы санақпен 57,5% адам қамтылған.
«Көріп отырғандарыңыздай, ел тұрғындары онлайн форматтағы халық санағынан өтуге белсене қатысты. Бұл осындай қиын уақытта халықтың санаққа белсенді қатысуын көрсетеді», - деді Нұрболат Айдапкелов.
Сондай-ақ, ол бұл көрсеткіш онлайн форматта санақтан өтудің орташа еуропалық көрсеткішіне жақындағанын атап өтті. Оның айтуынша, халық санағына 25 мыңға жуық санақ персоналы, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің және бюроның орталық аппаратының қызметкерлері тартылған. Сонымен қатар, ол ел тұрғындарының көптеген сұрауы бойынша онлайн санақтан өту мерзімі санақ аяқталғанға дейін ұзартылғанын айтып өтті.
Бюро басшысының сөзінше, халықты ақпараттандырудың барлық арналары бойынша ұлттық санақты жария ету бойынша ауқымды бұқаралық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Оның мәліметінше, бүкіл ел бойынша 3 500-ден астам халық санағын өткізуге арналған арнайы пункттер жұмыс істеген.
«1446 нөмірі бойынша арнайы call-орталығы тәулік бойы жұмыс істеді. Ел тұрғындарынан 500 мыңнан астам өтініш түсті. Респонденттерге 25 ммиллионнан астам SMS-хабарлама жіберілді», - деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.
Ол өз сөзінде деректерді өңдеуге кірісті және алдын ала деректерді биылғы желтоқсан айында ұсынуды жоспарлап отырғанын айтып өтті.
«Санақтың қысқаша қорытындылары 2022 жылдың ортасына жоспарланған және 2023 жылдың 1-тоқсанында санақтың толық қорытындысын жариялауды жоспарлап отырмыз», - деді Нұрболат Айдапкелов.

-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді
-
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады
-
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді
-
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі
-
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары
-
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр
-
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер
-
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады
-
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді
-
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды
-
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде
-
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды
-
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері

