• Басты
  • «Халық үні» жобасы халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен айналысады
16 Қазан, 2020 18:38

«Халық үні» жобасы халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен айналысады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Халық үні» атты әлеуметтік жоба таныстырылды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі хабарлады.


«Халық үні» жобасы халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен айналысады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдаманы іске асыратын уақыт жеткенін айтқан болатын Соған сәйкес, «Халық үні» әлеуметтік жобасының жұмысы басталды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтың айтуынша, елімізде әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған қоғамдық ұйымдар көп, алайда іс жүзінде әлеуметтік мәселелерді шешіп жүрген топтар бірең-сараң.

Елімізде 22 мыңнан астам әлеуметтік мәселелермен айналысатын қоғамдық ұйым тіркелген. Бірақ олардың ішінде тек 5000-ға жуық ұйым ғана нақты іспен айналыады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі еліміздегі кез келген азаматтық бастамаларды қолдайды. Үкіметтік емес ұйымдармен, қоғам белсенділерімен бірігіп атқарылып жатқан шаралар жетерлік. Азаматтық қоғамды дамыту концепциясы қабылданнан бері осы бағытта елеулі жұмыс жасалды, - деді вице-министр

Вице-министр елдегі біраз әлеуметтік мәселелер қоғамдық ұйымдар мен азаматтық белсенділердің құзыраны өткенін хабарлады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тікелей қолдауымен, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, құқық қорғаушы Айман Омарованың бастамасымен және «Altyn Qyran Foundation» қайырымдылық қорымен әріптестікте «Халық үні» әлеуметтік жобасы өз жұмысын бастады. Осы жоба арқылы қоғам мен мемлекеттік орган арасында диалог құрудың, шалғай елді-мекендердегі қарапайым халықтың мәселелерін шешудің, осы арқылы Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының орындалуының бірден бір үлгісі болмақ. Бұл істің жүзеге асуына кәсіпкерлердің атсалысуы маңызды, - деді Болат Тілепов.

Белгілі адвокат Айман Омарова «Халық үні» жобасы кездейсоқ пайда болған жоқ.

Халық арасында жүріп, олардың өмір салтымен танысу барысында көпшіліктің құқықтық сауаты төмен екенін байқадым. Халықпен кедергісіз байналыс орнату әрі азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыруды мақсат еттім. Адамдар сауатсыздықтың салдарынан болмашы жерде қателесіп, әр түрлі қиындыққа тап болуда. Әсіресе, бюрократтық кедергі салдарынан мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмай қиналады. Оларға құжат дайындауда, бағдарламаларды түсінуде көмек қажет, - деді ол.

«Халық үні» жобасының алға қойған алты түрлі міндеті бар. Олар:

-         билік пен бұқара арасындағы ынтымақтастық байланысты нығайту,

-         мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік төлемдерді алу тәртібін тұрғындарға кенінен түсіндіру,

-         әлеуметтік әл-ауқатын арттыру мақсатында жүзеге асып жатқан мемлекеттік саясатты жан-жақты түсіндіру,

-         шалғай аймақ тұрғындарының құқықтық ақпараттандыру жұмысын жетілдіру,

-         халық арасындағы түрлі әлеуметтік мәселелерді талдап таразылап, мониторинг жасау, с

-         мемлекеттік орган жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету арқылы халықпен ұдайы кері байланыс орнату

Айман Омарованың айтуынша, «Халық үні» жобасы арқылы тұрғындарға әлеуметтік желінің көмегімен халықпен тығыз байланыста болудың жолын іздейді.

Әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізу, тақырыптық бейне роликтер көрсету немесе басқа да контент түрлерін жасап, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеруді жоспарлап отырмыз. Бізге қойылған міндет халық үшін дайындалған мемлекеттік бағдарламаларға, олардың нақты өңірдегі ашықтығына, халықтың осы бағдарламаларды пайдалану мүмкіндігіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ, шалғай өңірлердің тұрғындарын құқықтық ақпараттандыру, мониторинг, барлық қызмет салаларында халықтың әлеуметтік проблемаларын анықтау, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қолжетімділігі мен жариялылығын қамтамасыз ету, - деді құқық қорғаушы.

«Халық үні» жобасының белсенділері халықтың әлеуметтік проблемаларына құлақ түріп, құқықтық көмек көрету мақсатында Абайдың туған жері Семейге аттанады. Биыл Абайдың 175 жылдығы аясында бұл бастама символдық мәнге ие болып отыр. Айман Омарованың айтуынша, халықты кедергісіз коммуникациямен қамтамасыз ету жұмыстары жергілікті әкімдіктермен байланыс орнатудан басталады.

Халықтың өтініштерін, ұсыныстарын және хаттарын жинау мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы жүргізіледі. Оларды талдау онлайн түрде жүзеге асырылады. Келіп түскен кез келген өтініштің орындалуын, нәтижеге қол жеткізілуі бастан аяқ бақылауда болады.

Әлеуметтік желілерде Президенттің атына хат жазған жағдайлар өте көп. Айман Омарова бірнеше мысал келтірді.

Статистикаға сәйкес, 2019 жылы мемлекеттік тілді ана тілі деп санайтын азаматтардың саны ел халқының 80% құраған. Олардың басым бөлігі ауыл тұрғындары.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелер туралы айтып, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынған болатын.

Барлық жаңалықтар