• Басты
  • Халық денсаулығына қанша қаржы жұмсалып жатыр

Халық денсаулығына қанша қаржы жұмсалып жатыр

12 Мамыр, 2021 18:01

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметінің нәтижелері мен халықтың МӘМС жүйесіне қатысуы туралы айтылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Қолжетімді медицинаның құны қанша?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежановтың мәлімдеуінше, 2021 жылы халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) – 1,1 трлн теңге, МӘМС – 700 млрд теңге қарастырылған. 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қор 1,46 трлн теңге сомасына 1 363 жеткізушімен халыққа медициналық қызмет көрсетуге шарттар жасаған. Солардың ішінде 688-і жеке меншікті клиникалар, өткен жылы олардың саны 635 болды.

«Биыл қорға түсетін қаржыны 150 млрд. теңгеге ұлғайтамыз. Бұл ақша сосын қайда жұмсалады деген сұрақ туындайды. Пациент медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан кез келген клиникада, мекенжайына қарамастан, сапалы медициналық көмек алуы тиіс», - деді ол.

Халыққа медициналық қызмет көрсету үшін тартылатын жеке меншік жеткізушілердің өсу үрдісі сақталуда. Бұл пациенттің ең жақсы клиниканы таңдау мүмкіндігі. Медициналық қызметтерді жеткізушілердің тізімі Қордың Fms.kz сайтында жарияланған.

Б.Төкежанов мәлім еткендей, биыл қазақстандықтар үшін амбулаториялық-емханалық және стационарды алмастыратын көмек қолжетімді болады.

«Ауылдық жерлерде медициналық қызметтерді алу оңай болу үшін өткен жылы 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды, биылғы жылы барлық ауыл тұрғындарына 149 ЖМК қызмет көрсетеді, олардың ішінде бейінді мамандардың консультацияларын алуға, скринингтерді қоса алғанда, диагностикадан өтуге, зертханалық талдаулар тапсыруға, вакцинация жасауға, ауруханаға жатқызуға жолдама алуға және медициналық көмектің бірқатар басқа да түрлерін алуға болады», - деді ол.

Осы жылы ауыл тұрғындарына 231,9 млн.теңгеге 120 мың медициналық қызмет көрсетілген.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық оңалту - ЭКО және «Қамқорлық» квоталарын ұлғайту бойынша «Аңсаған сәби» бағдарламаларын іске асыру. Қосымша қаражат антенаталды бақылауды жүргізуге – 29,7 млрд теңге, 0-ден 5 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеруді жүргізуге - 12 млрд теңге, сондай-ақ мектеп медицинасын дамытуға - 22,5 млрд теңге бөлінді. Айтпақшы, 80% жағдайда консультациялық-диагностикалық қызметтерге ақы төлеуді Қор МӘМС қаражаты есебінен жүргізеді. Ең алдымен, бұл жоғары дәлдіктегі диагнозға қатысты - КТ және МРТ.

Дәрі-дәрмекке қанша ақша бөлінді?

Мақсатты топтағы пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылы амбулаториялық дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етуге 152,4 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 122,3 млрд. теңге, МӘМС-30,1 млрд. теңге.

"Нысаналы топтардағы пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылы амбулаториялық дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етуге 152,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 122,3 млрд теңге, МӘМС-30,1 млрд теңге. Қор қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алудағы кідірістерге жол бермеу үшін алдын ала аванстық төлемдер түрінде дәрі-дәрмектерді сатып алуға қаражат бөлетіні туралы атап өткен жөн", - деп айтты спикер.

Жалпы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттер саны 1,5 есеге ұлғайды. Егер 2020 жылдың I тоқсанында бұл 74 мың пациент болса, биыл қажетті дәрі-дәрмектермен 190 мың адам қамтамасыз етілді. Қор Денсаулық сақтау басқармаларының алдында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын барлық пациенттерді қамту туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Биылғы жылы осы проблеманы шешуде ілгерілеу байқалады және алдағы уақытта да осы мәселеге мониторинг жүргізілетін болады, себебі Қор СҚ-Фармация және пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру бойынша медициналық ұйымдар алдындағы өз міндеттемелерін толық орындайды.

Медициналық сақтандыру Қоры консультациялық-диагностикалық көмектің қолжетімділігін жақсарта отырып, ауылдық медицинаны дамытуды қолдайды. Өткен жылы шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындары үшін 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Осылайша, бүгінгі күні ауыл тұрғындарына барлығы 149 ЖМК қызмет көрсетеді, олардың ішінде бейінді мамандардың консультацияларын алуға, скринингтерді қоса алғанда, тексерулерден өтуге, зертханалық талдаулар тапсыруға, ауруханаға жатқызуға жолдама алуға, вакцинация жасауға болады. Бірінші тоқсанда «жылжымалы емханалар» деп аталатын мобильді медициналық кешендер арқылы ауыл тұрғындарына 231,9 млн теңге сомасына 120 мың қызмет көрсетілді.

Қорға салынған жарна көлемі қандай?

Биылғы алғашқы тоқсанда МӘМС жүйесіне 183 млрд теңге көлемінде жарна төленген.

Ең көп соманы мемлекеттің жеңілдік берушілер үшін жарналары құрады – 95,4 млрд теңге немесе барлық түсімдердің 52%. Өз қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің аударымдары жалпы сомада 44,4 млрд теңге (24%), қызметкерлердің жарналары – 35,2 млрд теңге (19%) қалды. 

"Жеке кәсіпкерлер, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін дербес төлеушілер жарналарының үлесі 5% құрады. 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының 84,4% - ы медициналық сақтандыруға қатысушы болып табылады, бұл 15,9 млн адам», - деді ол.

Биыл коронавируспен күреске қанша қаражат жұмсалды?

Спикер коронавируспен күресте МӘМС жүйесінің коронавируспен күрес кезіндегі қызметі туралы айтты. Айтуынша, Қаржының көп бөлігі алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрген дәрігерлерге жұмсалған. Мәселен, қаңтарда 50,5 мың медицина қызметкері 13,9 млрд.теңге сомасында үстемеақы алды, ақпанда 51,7 мың қызметкер 13,8 млрд. теңгеге үстемеақы алды. Наурыз айында төлемдер сомасы 53,2 мың қызметкерге 14,7 млрд теңгені құрайды.

«Коронавирус пандемиясымен күреске арналған шараларға 71,6 млрд теңге жұмсалды. Оның ішінде: медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге – 15,6 млрд теңге, карантиндік және инфекциялық стационарларда 95 мыңнан астам адам емдеуге жатқызылды және емделді; ПТР диагностика қызметтеріне – 10,3 млрд теңге, 1,3 млн. ПТР-тест өткізілді; мобильді бригадалардың шығуларына – 3 млрд теңге, 526,9 мың шығу жүргізілді; үйдегі стационарлардың қызметтеріне – 33,3 млн. теңге, үйде 1057 пациент емделді», - деді ол.

Өтініштер ен шағымдар үшін қайда хабарласады?

Төкежанов байланысу жолдарын айтты. Олар: 1406 байланыс орталығы, «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы, Қордың www.fms.kz сайты Telegram-қосымшасындағы Saqtandyrybot сияқты Қордың ресми кері байланыс арналары.

«Осы байланыс арқылы 2021 жылдың бес айында біз 250 мыңнан астам өтініш алдық. Оның 2475 халықтан түскен шағым», - деді ол.

Шағымдар медициналық көмектен бас тарту, көмек сапасы, жолдамалар алу, ақпараттық жүйенің қызметі, дәрі-дәрмек ала алмауға байланысты. Басқарма бұл мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін өңірлер деңгейінде денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуін арттыру, кадрлық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу, сондай-ақ барлық медициналық ұйымдарда бар пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің жұмысын күшейту қажет екенін және олардың міндеті пациенттің құқықтарын қорғау екенін атап өтті. 

Қор сарапшылары бірінші тоқсанда 203,6 мың ақау тапқан, айыппұлдарды есепке алғанда сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.  Оның ішінде нақты көрсетілмеген қызметтер айыппұлдарды есепке алғанда 29,3 млн теңге сомасына 3 823 жағдайды құрады.

«Биылдан бастап, жеткізушілер тарапынан бұзушылықтардың алдын алу үшін Қор проактивті мониторинг енгізді. Енді ақаулықты анықтаған кезде, жеткізуші 45 күн ішінде қателерді жоюы керек. Әйтпесе, оны айыппұлдар күтіп тұр. Бұл жаңалық медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және жеткізушілермен сенімді қарым - қатынас жасауға көмектеседі», - деп атап өтті Қор басшысы.

Осылайша, жыл басынан бері 610 млн теңге сомасына 61 362 әлеуетті ақау анықталды. Проактивті мониторинг қорытындысы бойынша 61 мың ақаулықтың тек 10,4 мыңы бойынша медициналық ұйымдарға айыппұл салынды.  

«Бірінші тәжірибе медициналық ұйымдар жағдайды түзетуге және одан әрі ақауларға жол бермеуге мүдделі екенін көрсетті, ақауларды жасырудың  «қатал» практикасы еңсерілді, ол ақауларды талдауға, себептерін анықтауға және жағдайды жоспарлы түрде түзетуге мүмкіндік бермеді», - деді ӘМСМ басшысы Болат Төкежанов.

Барлық жаңалықтар