• Басты
  • Халықаралық тәжірибе барынша зерделенді - С. Амандықова
12 Наурыз, 2020 15:04

Халықаралық тәжірибе барынша зерделенді - С. Амандықова

Заң ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Амандықова митингілерді өткізудің халықаралық тәжірибесі туралы Strategy2050.kz  ақпарат тілшісімен бөлісті. 

Халықаралық тәжірибе барынша зерделенді - С. Амандықова

"Митингілер туралы таныстырылып жатқан заң жобасы сәйкес шараларды өткізу бойынша жауапкершілікті реттеуге бағытталған. Аталған заңнаманы жасақтауда халықаралық заңнамалық класс пен халықтық құқықтық тәжірибе зерделенді. Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция және Жапония сынды елдердің тәжірибесі ескерілді",-деді ол.

Оның айтуынша, заң жобасы екі жақтың да жауапкершілігін қажет етеді.

"Мемлекет  пен халық арасындағы жауапкершілік реттеледі. Мәселен, АҚШ-та ұйымдастырушы шара өткізсе, құзырлы органдарды ескертіп қана қоймай, қауіпсізлікке қатысты бірқатар шараларды өткізуі тиіс. Ол өрт, флора мен фауна қауіпсіздігіне қатысты шаралар. Сол кезде ғана ұйымдастырушылар шараны құқықтық алаңда өткізетін болып саналады",-деді С.Амандықова.

Сондай-ақ профессордың айтуынша, ҚР Конституциясында республиканың басты құндылығы адам құқығы мен бостандығы екені анық көрсетілген.

"Сондықтан да шараға қатысушы барлық адамдар құқығының сақталуы мемлекеттің де,ұйымдастырушының да мойнында болады",- деді ол.

Сәуле Амандықованың айтуынша, аталған заң жобасында осы тетіктер ескерілген.

"Халықаралық тәжірибе тыңғылықты зерделенді, қаралды. Заң жобасы шығарушының халықаралық зерттеуіне қатысты  барлық зерттеуіне сүйемелденіп жасалды",- деді ол. 

Айта кетейік, мәжілісте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "ҚР-да бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамалық тәсілдерін таныстырды.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды