• Басты
  • ҚХА мүшелерінің дауыс беруі басталды

ҚХА мүшелерінің дауыс беруі басталды

11 Қаңтар, 2021 12:22

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы және ҚХА атынан Парламент Мәжілісіне үміткерлерді сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру пункті 7:00-ден бастап жұмысқа кірісті. ҚХА съезі мен дауыс беру қалай өтіп жатыр, дауыс беруге кімдер келді. Бұл сұрақтардың жауабы Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалында.



Сессия ашылған соң ҚХА мүшелері дауыс беруді бастады. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын 9 үміткер бар. Бұған республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің өкілдерінен ҚХА мүшелерінің делегациясы, қоғам қайраткерлері, ғылым және шығармашылық зиялылар сондай-ақ ҚР-нда аккредитацияланған халықаралық бақылаушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

image-11-01-21-11-59-2.jpeg

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сайлау комиссиясының төрайымы Светлана Телемісова айтуынша, Сайлау турала Заңға сәйкес барлық ереже сақталған.

«Олардың үстелдерінде үстел нөмірі мен өңірлердің атауы көрсетілген нұсқаулық бар. Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының бюллетень беру құқығы жоқ», - деді ол.

ҚР Парламенті Мәжілісіне ҚХА атынан 9 кандидатты ұсынып отыр.

 1. АБДРАХМАНОВ Сауытбек Абдрахманұлы - VІ шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаты, ҚХА мүшесі.

2. АМИРХАНЯН Аветик Рубенович – Батыс Қазақстан облыстық «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.

3. БУЛАРОВ Ильяс Юсупович – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Сортөбе селолық округінің әкімі.

4. ДЕМЕНТЬЕВА Наталья Григорьевна – Көкшетау облыстық білім бөлімі «Техникалық лицей» КММ директоры.

5. ЛИ Юрий Виссарионович – «Қазақстан коллекторларының ұлттық палатасы» төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер ассоциациясының мүшесі.

6. НАБИЕВ Вакиль Гусейнович – «Күрдтердің «Барбанг» ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі.

7. ОСИН Шамиль Абзалетдинович – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының жетекшісі, ҚХА мүшесі.

8. ТОХТАСУНОВ Владимир Имтахунович – «Жетісуоблгаз» ЖШС бас директоры.

9. ХАМЕДОВ Абилфас Муслимович – «Әзербайжандықтар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі.

Бейбітшілік және келісім сарайына халық жиналған соң ҚХА съезі басталды. Жиынды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев ашты.

Түймебаев алғы сөзінде 5 қаңтар күні жарияланған ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы бірлік пен келісімнің маңыздылығын айтты.

«2021 жылды біз маңызды саяси науқан – елдің жоғарғы заң шығарушы органының депутаттарын сайлаудан бастағалы отырмыз. Бұл қадам біздің қоғамның бірлігін нығайтуға, этностардың мүдделерін білдіруге, олардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын жандандыруға бағытталған болатын. Аталған норма Біріккен Ұлттар Ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың халықаралық пактілері мен конвенциялары аясында Қазақстанның адами өлшемдер, азаматтық және саяси құқықтар саласындағы халықаралық міндеттемелерін орындауымен ұштасып жатыр», - деді Жансейіт Түймебаев.

ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымы жұмысы кезеңінде депутаттық топтың 28 мүшесі 12 заң жобасы бастамашылық етсе, 200-ге жуық заң жобасын қарауға қатысқан. Сондай-ақ заң жобаларына екі мыңнан астам түзетулер енгізіліп, 226 депутаттық сауал жариялаған.

Нұр-Сұлтан қаласының қалалық сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруді өткізу тәртібін түсіндіргеннен кейін Ассамблея мүшелері дауыс беруге арналған пунктке шақырылды.

Бүгінгі дауыс беруге 504 сайлаушы қатысып жатыр. Олардың ішінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев, Елбасы Н.Назарбаев, ҚР Премьер-министрі А. Мамин, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматуллин, Мемлекеттік хатшы Қ.Көшірбаев, Премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжанов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы, сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары да бар.

image-11-01-21-12-01-2.jpeg

image-11-01-21-12-03-1.jpeg

image-11-01-21-12-03.jpeg

image-11-01-21-12-03-4.jpeg

image-11-01-21-12-03-6.jpeg

image-11-01-21-12-03-7.jpeg

image-11-01-21-12-03-2.jpeg

Съезге қатысқан ҚХА мүшесі Асылы Осман өз сөзінде тәуелсіздіктің 30 жылдығы туралы айтты.

«Тәу етіп жүрген Тәуелсіздікті ата-бабамыз сан ғасыр бойы армандады. Сол арманға жеткенімізге биыл 30 жыл толады. Біз бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымыз ұзағынан, елім мәңгілік болсын. Сол елімнің мемлекеттік тілі де мәңгілік болсын. Бастысы Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекеттік тіліміз ғұмырлы болуын тілеймін. 30 жылғы арманым осы. Ісіміз бен сөзіміз сай келіп, қазақтың тілі мемлекеттің ұлтаралық тіл болса екен деп соны армандаймын», - дейді Асылы Осман ҚХА мүшесі.

Барлық жаңалықтар