- Басты
- ҚХА: «БАҚ және қоғамдық келісім» медиа форумы өтті
ҚХА: «БАҚ және қоғамдық келісім» медиа форумы өтті
Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық медиа форумы шетелдік сарапшылар мен отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен биыл «БАҚ және қоғамдық келісім» деген тақырыппен төртінші мәрте өтті. Форум қорытындысында БАҚ арасындағы «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Strategy2050.kz тілшісі.

Бүгінгі форумның күн тәртібіндегі басты мәселе – қоғамдағы тұрақтылық пен этносаралық келісім, әлеуметтік бірлікті нығайтуда журналистер қауымы алдында тұрған міндеттерді ортаға салу екенін ҚХА төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев атап өтті.
«Тұңғыш Президент- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ассамблеяның қызметін тұрақты түрде ақпараттық қолдау туралы арнайы тапсырмасы бар.Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісімді нығайту туралы тапсырма берген болатын.Осы орайда отандық журналистика үшін қоғамдық келісімді дамыту, арандатушы ақпараттарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және қоғам бірлігін сақтау тақырыптары өте маңызды», - деді Ж.Түймебаев.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесінде де қолына қалам ұстаған ағайынның атқаратын рөлі айрықша екенін айтты.
«Бұдан бөлек, алдағы жылы Қазақстан жұртшылығын мерейлі даталар күтіп тұр: Ассамблеяның 25 жылдығы, хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы. Осындай айтулы шаралар көсемсөз шеберлерінің мұқият назарында болады деген сенімдемін», - деді Ж.Түймебаев.
«Әуелі Отан» газеті Ақпарат бөлімінің редакторы, халықаралық сарапшы Кемал Саллы (Түркия) ақпарат саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті.
«Журналистика саласында жұмыс істеп жатқаныма 58 жыл болды. Осы аралық ішінде цифрлық технологиялар мен әртүрлі жаңашыл үрдістердің тілін үйреніп,меңгердім. Бүгінде журналистиканың мәні мен мағынасы қатты өзгерді. Ақпарат құралдары қоғамға ақпарат таратудан гөрі,белгілі бір жағдайға ықпал етуге жұмыс істей бастады.Сондықтан да тәуелсіз журналистиканың жағдайы әлсіреп келеді»,-деді ол.
Сондай-ақ, ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәжірибесін әлем елдерге таныту үшін бірнеше мақала әзірлегенін айтты.
Өз кезегінде Баку славян университетінің профессоры Нурида Наурызова (Әзербайжан) Қазақстан мен Әзербайжан тарихи дос екенін атап өтті.
«Біздің негізіміз ортақ, бауырлас елміз. Өте тығыз қарым-қатынасты ұстанып отырмыз. 2019 жылдың 10-қазан күні ҚР Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев Бакуде болды. Түркі әлемінің жоғары орденімен мараптталды. Бұл ұлт көшбасшысы үшін үлкен мәртебе. Әзербайжандықтар Қазақстанды өз отаны деп есептейді. Өз басым осы туыстық, достық қарым-қатынасымыз сақталады деген үміттемін. Қоғамдық келісімді сақтау үшін әсіресе, БАҚ-тың маңызы рөл. Жаһандық даму кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдары өте қуатты қару болып табылады», - деді Н.Наурызова.Ал Қарақалпақ мәмлекеттiк университети профессоры, филология ғылымдарының докторы Шамшетдин Абдиназимов Қазақстан мен Өзбекстан қиын-қыстау сәттерде бір-бірін қолдап-қуаттап, бір-біріне демеу болып, қол жеткен табыстарына шын пейілмен қуанып, достық қарым-қатынасын сақтап келе жатқан көрші мемлекеттер екенін атап өтті.
«ХХ ғасырдың басында екі ел ақын-жазушыларымен кездесулер ұйымдастырып, сұхбаттар жүргізіліп, түрлі жанрлардағы шығармалары аударылған. Бұл туралы сол кезеңнің бұқаралық ақпарат құралдары баяндап отырған.Бүгінгі таңда да Қазақстанда, Өзбекстанда атқарылып жатқан мемлекеттік саясатты БАҚ уақытылы таратып отырады.Өзбекстанда республика деңгейінде қазақ тілінде «Нұрлы жол» газеті шығады. Бұл басылым осы Өзбекстандағы шығып жатқан қаулылардың, жарлықтардың, үкімдердің басқа да түрлі жаңалықтардың барлығы қазақ тіліне аударылып, қазақ өкілдеріне жеткізілуде», - деді Ш.Абдиназимов.

Сондай-ақ, ол Өзбекстан теледидарының бірінші арнасында «Дидар» атты бағдарлама жүргізілетінін айтты.
«Қарақалпақстан республикасында «Алтын аймақ» ұлттық теледидар арнасы мен «Ата мекен» атты телерадиосы таза қазақ тілінде хабар таратады. Қазақстанда 2018 жылы кең тойланған Өзбекстан жылы аясында әр түрлі салаларда көптеген шаралар, түрлі фестивальдар мен шығармашылық кештер өткізілгені белгілі.Президентіміз Шавкат Мироманович Мирзияевтың 2018 жылғы 13 мартта «Ұлы қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен үйрену және насихаттау» туралы қаулысы қабылданды», - деді ол.
Сондай-ақ, жоғары деңгейде Қазақстанда сөз мүлкінің сұлтаны Әлішер Науайының 577 жылдығы ерекше атап өтілді.
«Бұл әдебиеті мен мәдениеті бір өзеннен су ішкен, ежелден туыстас болған қазақ және өзбек ұлттарының өміріндегі аса маңызды оқиға болғандығы сөзсіз.Ал 2019 жылы Өзбекстан Республикасында Қазақстан жылы аталуда.Осы шаралардың басы-қасында жүріп, халыққа жеткізген журналистер қауымы.Қазіргі таңда бір елде болып жатқан оқиғаны бүкіл әлем бір мезетте біліп отырады.Сол себепті БАҚ өкілдерінен әркім өз мемлекеті туралы, халықтар достығы, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулық тақырыбын жиі қозғап, жағымды ақпараттарды көбірек таратуды сұрар едім.Сонымен қатар, маңызды мәселелердің бірі - университеттерде білімді журналистерді дайындау. Қазіргі заманнның талабы жоғары», - деді ол.

Айта кетейік, медиа форум аясында «Ассамблеяның бір жылы» атты фотокөрме жәцне мемлекет саясатын ақпараттық тұрғыдан қолдауға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, ҚХА қызметін насихаттауға үлес қосқан журналситерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған дістүрлі «Шаңырақ» республикалық байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Аягөз Құрмаш
Фото: Артем Чурсинов
-
Бизнестегі оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдануға арналған мүмкіндіктер кеңеюде
Сенат отырысында заңнамаға оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралды.
05 Желтоқсан 2019, 18:07
-
Қазақстанда алғаш рет "Зерна" адамгершілік педагогикасының халықаралық фестивалі өтті
Алматы қаласында 5 алыс және жақын шетелдерден 1000-ға жуық қонақтарды біріктірген "Зёрна " адамгершілік педагогикасының Халықаралық фестивалі өтті.
03 Желтоқсан 2019, 10:57
-
«Астана Операда» «Коппелия» күлдіргі балетінің премьерасы өтті
«Астана Опера» театрының сахнасында орасан зор жетістікпен «Коппелия» күлдіргі балетінің премьерасы орын алды. Елорда Ролан Петидің хореографиясындағы спектакльдің француздық нұсқасын тамашалады.
25 Қараша 2019, 11:11
-
Түркістанда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық форум өтті
9 желтоқсан - «Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні» деп белгіленген болатын. Осы айтулы күн қарсаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан облысы әкімдігі және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ бірлесіп ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік халықаралық тәжірибелер» тақырыбында Түркістанда алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық Түркістан форумы» өтті.
22 Қараша 2019, 15:50
-
Қарағанды облысында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті
Қарағанды облысының әкімдігінде азаматтарды қабылдау күні өтті. Облыс басшысына өңірдің тұрғындарынан 100-ден астам сұрақ келіп түсті. Тілек білдіруші азаматтардың барлығы Жеңіс Қасымбекке және облыстық басқармалардың басшыларына тікелей хабарласу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
22 Қараша 2019, 11:30
-
Egemen Qazaqstan 100 жылдық мерейтойын атап өтті
"Egemen Qazaqstan" республикалық газетінің 100 жылдығына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
21 Қараша 2019, 12:14
-
Елордада Адам құқықтары диалогы басқосулары өтті
Нұр-Сұлтан қаласында Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы Әділсот және ішкі істер мәселелері бойынша кіші комитетінің 17-ші отырысын және Адам құқықтары бойынша 11-ші диалог басқосуын өткізді. Биыл қос кездесу Қазақстандағы саяси өзгерістер мезеті мен Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) ЕО-ға мүше мемлекеттермен толық бекітілуі аясында ЕО-Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызды кезеңімен тұспа-тұс келді. Талқылаулар сындарлы және ашық диалог жағдайында өтті.
20 Қараша 2019, 12:10
-
Қ.Тоқаев Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына барды
Мемлекет басшысы «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
19 Қараша 2019, 15:19
-
Сенатта дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері қаралды
Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
19 Қараша 2019, 14:59
-
Афинада «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Грекия Мемлекетінің астанасы Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашты. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
14 Қараша 2019, 09:40
-
Прокуратураның жас қызметкерлері кәсіби дайындықтан өтті
Академияда қызметке алғаш кірген жас прокуратура қызметкерлерінің кезекті тобы оқуды аяқтады.
12 Қараша 2019, 17:22
-
Алматы облысының аумағында мал және ет өнімдерін тасымалдауға бақылау күшейді
«Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысының тәртіп сақшылары мал және ет өнімдерін тасымалдауға, оларды саудалауға қажетті құжаттарды қатаң тексеруге алуда.
12 Қараша 2019, 15:34
-
Қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек - А.Шпекбаев
Елордада "Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі –Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ресми тұсаукесері өтті. Жиынға қатысып, сөз сөйлеген ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қоғамдық және азаматтық бақылауды күшейту керек екенін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
11 Қараша 2019, 16:54
-
Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
06 Қараша 2019, 17:54
-
Ұлы Дала көшпенділерінің көрмесі Афинада өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2019 жылғы 11 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де Грекия Мемлекетінің Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесін ашады. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 2019 жылғы 11 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
04 Қараша 2019, 15:18
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды