• Басты
  • ҚХА: Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қандай шаралар ұйымдастырылуда
29 Сәуір, 2020 18:57

ҚХА: Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қандай шаралар ұйымдастырылуда

Жыл сайын еліміздегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау мақсатында бірқатар шара өткізіледі. Бірақ, биылғы мереке елде енгізілген төтенше жағдаймен тұспа-тұс келді. Өкінішке қарай, алдын-ала жоспарланған бірқатар іс-шараны өткізу тоқтатылды. Десек те, әр аймақтағы Қазақстан халқы ассамблеясы түрлі іс-шараларды онлайн форматта өткізуді қолға алған. "Бірлік күніне" орай ұйымдастырылған, әлі де жалғасын тауып жатқан бірқатар шараға назар салайық, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

ҚХА: Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қандай шаралар ұйымдастырылуда

Сондай шараның бірі - "Берекелі дастархан" акциясы. Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынованың айтуынша, акция барысында түрлі этнос өкілдері ұлттық тағамдарын онлайн дайындап, тұрғындарға шеберлік сағатын өткізеді.

"Жыл сайын елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған бірнеше шара өткізіледі. Биыл төтенше жағдайға байланысты мерекелік шаралардың форматын онлайн режимге көшіріп, Ассамблеяның жұмысын жалғастырудамыз. Елордалық Ассамблеяның құрамында 23 этномәдени бірлестік бар. Оның әрқайсысы қазақстандықтардың бірлігінің нығаюына өз үлесін қосып отыр. Қазір мерекеге орай бірқатар шара қолға алынды. Сондай бір шара "Берекелі дастархан" деп аталады. Онлайн режимде әр этнос өкілі өз үйінде ұлттық тағамдарын дайындап, әзірлеу барысын халыққа көрсетіп, үйретіп жатыр", - деді ол.


"Берекелі дастархан" акциясы көптеген этнос өкілі тарапынан қолдауға ие болды. Соның бірі дүнген этномәдени орталғы өкілі -Мұса Камалов. Ол қазақстандықтарды "Бірлік күнімен" құттықтап, елімізде ең көп дайындалатын тағамдардың бірегейі лагманды дайындаудың рецептімен бөлісті. 

"Лагман тағамын дайындау үшін ет, сельдерей, болгар бұрышы, тұз, қара бұрыш, чеснок, томат, су қажет. Лагманды жасау рецепті мен дайындау жолдарында айырмашылық көп емес, алайда, соған қарамастан, дүнген, өзбек және тәжік лагманының қзінше ерекшеліктері бар. Дүнген лагманы тек қызыл етті (қой, сиыр еті) қосып, жусай өсімдігінің жапырақтары мен тёхо ұлттық дәмдеуішін қосумен ерекшеленеді. Бірақ гарнир үшін кесілген не жайылған кеспелер емес, тек қолмен ғана созылған кеспелер пайдаланамыз", - деді Мұса Камалов.


Сонымен қатар аталмыш акцияға армян, поляк, славян, әзербайжан және басқа да этномәдени орталықтардың өкілдері қолдау көрсетті. Соның бірі "Ван" армян этномәдени бірлестігінің өкілі Миян Айастан армиян халқының ұлттық тағамы хашлама әзірлеудің жолын көрсетті.

Сондай-ақ астаналық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынованың сөзінше, елордалық Ассамблея жастары Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығына орай жаңа челенж бастаған. Челленждің бір ерекшелігі Абайдың әнін әртүрлі этнос өкілдері өздерінің ұлттық аспаптарымен сүйемелдейді.

"Тағы бір челленждің қатарында Абай Құнанбаевтың "Көзімнің қарасы" әнін шырқау бар. Оның бір ерекшелігі - аталмыш әнді әртүрі ұлт өкілдері өз аспаптарында сүйемелдейді. Бұл челленжді астаналық Ассамблея жастары бастаған болатын. Бүгінде өзбек, қарақалпақ, армян, болгар, орыс, поляк, неміс этномәдени бірлестіктері тарапынан қолдау тапты. Бұл челленжге барлық астаналықтарды шақырамын", - деді ол. 

Осы орайда айта кету керек, челленжге тек қазақстандық этномәдени бірлестіктердің өкілдері ғана емес, шетелдік те музыканттар үн қосып, қолдап жатыр. Соның бірі - белгілі башқұрт музыканты Азат Бикчурин. Ол да Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған челленджге қосылып, Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін башқұрт ұлттық аспабы қурайдың сүйемелдеуінде орындады. 

"Құрметті Қазақстанда тұратын жерлeстер. "Ақбoзат" бaшқұрт этномәдени бiрлестiгiнiң өтініші бойынша қазақтың көрнекті aқыны Aбай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының челленджiне қатысуға шешім қабылдадым. Барлығыңызға бейбiтшiлiк пен мейiрiм тiлеймiн", – деді өз видеосында Азат Бикчурин.

Бұдан бөлек тағы бір маңызды іс-шараны атап өткен жөн. Еске салайық, өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде "Мәміле" қазақ тілі клубы жұмысын бастап, мемлекеттік тілді меңгеруге арналған арнайы сабақ кестесі әзірленген. Осының негізінде қазақ тілінде сөйлеуге, жазуға еріктілерге тамаша мүмкіндік жасалып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының бас маманы Гүлнара Тайгокованың сөзінше, төтенше жағдайға байланысты карантиндік режимнің енгізілуіне орай, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы онлайн түрінде жұмыс істеуге көшіп, "Мәміле" қазақ тілі клубының да жұмысы онлайн түрде жалғасуда.

"Елордалық Ассамблея өзінің барлық бағыттары бойынша жұмыс істеуді карантин кезінде әдеттегідей жалғастырып келеді. Осының айғағы іспеттес, "Мәміле" қазақ тілі клубының жұмысын да атап өтуге болады. Оның оқытушылары осы күндері елорда этномәдени бірлестіктері өкілдерімен онлайн түрінде сабақ өткізу үстінде. Сол кезекті сабақтың тақырыбы- "Достық мәні жасасын!" атауымен өткізіліп, жалпы достық сөзінің ұғымына ерекше мән берілді және  мақал-мәтелдер мағынасына терең талдау жасалды", - дейді бас маман.

Гүлнара Тайгокованың сөзіне сүйенсек, елордамыздағы этномәдени бірлестіктер өкілдері мемлекеттік тілді меңгеруге ерекше құлшыныс танытуда.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды