• Басты
  • ҚХА қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды
8 Сәуір, 2020 09:54

ҚХА қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды

COVID-19 вирусына байланысты төтенше жағдай кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің барлық өңірінде қайырымдылық көмек көрсетіп, #бізүйдеміз #мыдома, #BizBirgemiz акцияларын ұйымдастырды, деп хабарлады Strategy2050.kz ҚХА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.  


ҚХА қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды

Жұмысты өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері үйлестіріп, ҚХА-ның барлық құрылымдық бөлімдері: Қоғамдық кеңес, Аналар кеңесінің өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері, барлық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА меценаттары, ірі кәсіпорын жұмысшылары, «Волонтер_2020», «Бірлік» қозғалысының мүшелері, белсенді азаматтар қатысты. 

Бүкіл ел бойынша көрсетілген гуманитарлық көмектің құрамы мен оларды алушылардың көп айырмашылығы жоқ деуге болады. Жиналған көмектің басым бөлігі тұрмысы төмен отбасыларға, көп балалы аналарға, мүгедек жандарға, жалғызілікті кісілерге, ардагерлерге, індетпен күресте демалыссыз жұмыс істеп жүрген медицина, полиция қызметкерлеріне, зарарсыздану жұмысына тартылған әскерилерге таратылып берілді. 

Әлеуметтік пакеттер өңір ерекшеліктеріне қарай азық-түлік себетінен, маскалар мен антисептіктерден, дәрі-дәрмектен, тұрмыстық химия заттарынан, балаларға бірінші кезекте қажетті заттардан құралды. 

Келіп түскен ақпарат бойынша, бүгінгі күнге дейін республикада қайырымдылық көмек және #бізүйдеміз #мыдома, #BizBirgemiz акциялары шеңберінде  жалпы есеппен 66 025 адамға 83 385 650 теңге көлемінде көмек көрсетілген.  

Акциялардан тыс қалған өңірлер жоқ. Олар Қазақстан халқы Ассамблеясынан басқа да ұйымдар, жергілікті билік органдары, саяси партиялар ұйымдастырған қайырымдылық іс-шараларына белсене қатысып, отандастарды қолдауға үлестерін қосуда. Сондықтан бұл жазбада ерекшеленген  бірнеше өңірді атап өтпекшіміз. Олар:

Алматы облысының Аналар кеңестері елде маска тапшылығы айқындалған алғашқы күндері масканы қолдан тігу туралы үндеу жариялады. Бұл бастаманы өңір әйелдері қызу қолдады.  Нәтижесінде, алғашқы онкүндікте 10 417 маска тігіліп, адамдарға тегін таратылды.

Ақтөбе облысында  600 адамға 200-ден астам әлеуметтік пакет пен 400-ден астам маска таратылды.  

Ақмола облысында 2 000 адам 3 240 000 теңге көлемінде гуманитарлық көмекке ие болды. Бұған немістердің «Видергебурт»  қоғамдық бірлестігінің мүшелері үлкен үлес қосты.

Атырау облысында 377 адам небары 1 430 000 теңге көлемінде көмек алды.

Батыс Қазақстан облысында 15 000 адам 1 772 200  теңгенің көмегіне қол жеткізді. 

Жамбыл облысында 3667 адамға 1 546 970 теңге көлемінде көмек көрсетілуіне өңірде тіркелген 18 этномәдени бірлестік өкілдері ұйымшылдықпен қатысты.

Қостанай облысында корей этномәдени бірлестігі, поляктардың  «Nadzieja» этномәдени бірлестігі, армяндардың   «Эребуни» этномәдени бірлестігі, қырғыздардың «Асаба» қауымдастығы, шешен-ингуштардың «Вайнах» этномәдени бірлестігі, әзербайжандардың «Бирлик» қауымдастығы және «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» қоғамдық бірлестігі, облыстық волонтерлік қозғалыс орталығы  жұмыла атсалысуының арқасында 233 адамға 20 200 000  теңгеге гуманитарлық көмек көрсетілді. 

Қызылорда облысында «Қоғамдық келісім» КММ рухани бағыттағы жұмыстарға басымдық берді. #BizBirgemiz хэштегімен ұлы ақын-жазушылар шығармашылығынан үзінділер оқу бойынша акция өткізілді. Әлеуметтік желіде ұлттық тағамдар пісіру бойынша акция өтіп, тұрмысы төмен отбасыларын қолдауға басым көңіл бөлінді.   

Маңғыстау облысында Аналар кеңесінің мүшелері өздері маска тігіп, оны  6656 әскери бөлімінің сарбаздарына таратып берді. Оның сыртында 440 адамға 2 000 000 теңгеге көмек көрсетілді.

Павлодар облысында аптасына екі, үш рет 4532 адамға ыстық тамақ жеткізіліп берілуде. 

Түркістан облысында өңірде тіркелген этномәдени бірлестіктердің қатысуымен 2510 адамға 32 471 850 теңге гуманитарлық көмек жасалды. 


Шығыс Қазақстан облысында гуманитарлық көмек жасауға бүкіл аудандық «Қоғамдық келісім» КММ-дары  жұмыла кірісті. Олардың белсене қатысуының арқасында шалғай ауылдардағы адамдар неғұрлым кеңірек қамтылды. Нәтижесінде 7 037 адам 8 037 630 теңге көлемінде көмекке қол жеткізді.

Алматы қаласында акцияға ҚХА құрылымдарынан басқа  кәсіпорындар мен жеке азаматтар да ықыласпен атсалысты. Қайырымдылық акциясына «Металл Пром Групп» ЖШС қатысуы 5160 адамға 1 600 000 теңге көлемінде гуманитарлық көмек жасауға мүмкіндік берді.

Шымкент қаласында 11 370 адамға 3 284 000 теңгеге гуманитарлық көмек көрсетілді. Оның сыртында 190 кг палау пісіріліп, облыстық «Қоғамдық келісім» КММ оны тұрмысы төмен отбасыларына, басқа да мұқтаж жандарға таратып беруді ұйымдастырды.

Елордада қайырымдылық көмектің ұйымдастырылуына ҚХА-ның «Парасат» Қайырымдылық қызметті үйлестіру орталығы, волонтерлер және Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген барлық этномәдени бірлестіктер белсене қатысты. Алғашқы онкүндік нәтижесінде 1190 адамға 4 898 000 теңге сомасында гуманитарлық көмек жасалды. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды