• Басты
  • Кепілдеме арқылы несие алу: ауылда қалай кәсіп ашуға болады
30 Сәуір, 2020 11:20

Кепілдеме арқылы несие алу: ауылда қалай кәсіп ашуға болады

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры өткен жылдың қыркүйек айынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында кепілдендіру қызметін атқарып келеді. Мысалы,тұрғындар несие серіктестерінен немесе микроқаржы ұйымдарынан несие рәсімдеп, кепілге қоятын мүлкі жетпей жатса, Қор кәсібін жаңа бастағандардың алатын несиесінің 85%-на дейін, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге алған несиенің 50%-не дейін кепілдендіреді. Ал, көп балалы отбасылар мен аз қамтылған отбасылар алатын несиенің 95 %-на дейін кепілдеме беріледі. Ауылдық жерде кепілдеме арқылы несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар туралы Strategy2050.kz әзірлеген материалдан оқи аласыздар.

Кепілдеме арқылы несие алу: ауылда қалай кәсіп ашуға болады

Индер ауданына қарасты Индербор ауылының тұрғыны Қасым Құспанов он жылдан бері құрылыс материалдарын тасымалдайтын автокөліктерді жалға берумен айналысады.

 Табысын еселеп, бизнесін кеңейту мақсатында Камаз жүк көлігін сатып алу үшін «Атырау Болашақ» несие серіктестігі арқылы 6 млн теңге несиеге өтініш берген. Алайда, несие рәсімдеу барысында бағаланған кепіл затының құны жетпегендіктен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау филиалының көмегі арқылы 1 млн тенге кепілдеме алуға өтініш тапсырды. Жобасы қолдау тауып, кәсіпкердің жоспары орындалды.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін жақсы білетін Ю.Исмагилов қолына қаржы тие салысымен іске кіріспек.

  Юрий Исмагилов Қостанайдың Қамысты ауылында тұрады. Өзі басқаратын «Ренат» шаруа қожалығы дәнді дақылдар өсірумен қатар мал шаруашылығымен де айналысады. Биыл ірі қара малының басын көбейту үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қостанайдағы филиалынан несие рәсімдеді. Оған 28 бас ұрғашы тайынша мен мал азығын сатып алмақ.

Алға ауданында тұратын жеке кәсіпкер Евгения Макаревич «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе филиалы арқылы 2,5 млн теңге несие рәсімдеп, күркетауық өсіруді қолға алған.

«Күркетауық өсіру әрқашан тиімділігімен ерекшеленеді. Себебі, оның еті жұмсақ әрі дәмді, құрамында холестерин мөлшері өте төмен болады. Мамық пен қауырсын да береді. Бұл құс ақылды болатын көрінеді, адамға тез үйреніп кетеді. Жем талғамайды және жазда көбінесе жайылымда болады. Күркетауық өсірудің отбасылық бизнес ретінде артықшылығы көп дейді мамандар. Оған арнайы жұысшы жалдаудың қажеті жоқ. Үй жағдайында бағып, өсіруге болады», - деді Е.Макаревич.

Қазір ол несие қаржысына азығы мен қажет дәрумендерін де сатып алыпты. Қазір кәсібін дөңгелетіп, табысын еселеп отыр.

Сонымен қатар, көп жігіттің қолынан келмейтін істі нәзік жандылар еңсеріп жүр.

 Мәселен, Қармақшы ауданына қарасты Жосалы кентінде тұратын Райкүл Ысқақова Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалынан 4 млн теңге несие рәсімдеп, 12 бас жылқы сатып алған.

Жылқыларын өсіріп, өнімінен табыс табуды жоспарлаған кәсіпкер қазіргі уақытта қымыз бен жылқы етіне сұраныс жоғары болғандықтан Қамбар ата тұқымын өсіруді таңдадық дейді.

Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен шағын несие алып, шаруашылықпен айналысып жатқан ауылдықтардың қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мал шаруашылығымен қатар, ара шаруашылығымен айналысатындарға да жеңілдетілген шағын несие береді.

 Бейімбет Майлин ауданына қарасты Асенкритовка ауылында ара шаруашылығымен айналысатын Алексей Куряченко деген омарташы кәсіпкер бар.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қостанай облысындағы филиалынан 2014 жылдан бері несие алып келемін. Ең алғаш 2014 жылы өсімдік шаруашылығымен айналысуға несие рәсімдеген едім. Қазіргі кәсібім ара өсіріп, бал мен бал өнімдерін сату. Биыл да ара шаруашылығын дамыту үшін несиеге өтінім берген болатынмын. Өтінімім мақұлданып, оған қажет жабдықтар мен трактор сатып олдым. Осындай жеңілдетілген несие беретін бағдарламалар бізге үлкен көмек. Мемлекеттің қолдауының арқасында шаруашылығымызды ойдағыдай жүргізіп жатырмыз»,- дейді омарташы Алексей Куряченко.

Сондай-ақ, Тараз қаласында тұратын жеке кәсіпкер Жанар Абимолдаева шетелден сапалы жиһаз тасып, еліміздің барлық аймағына тапсырыс арқылы жетікізіп береді. Осы кәсібін дамыту үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Жамбыл филиалынан 14 млн тенге несие рәсімдеген болатын.

«Несиенің көмегімен қазіргі уақытта азаматтардан тапсырыс қабылдап, қажет жиһаздарды жеткізу жұмыстарын сәтті жүзеге асырып жатырмыз», - деді ол.

 Кейінгі кездері саумалдың емдік қасиетін жақсы түсінген жұрт бие сүтіне деген сұранысты арттырып отыр.

Сондықтан, бие сауып, қымыз дайындап сататын кәсіпкерлердің өніміне сұраныс бар. Бұдан бөлек, жылқы етінің бағасы да арзан емес. Шаруалардың еңбегі ақталатын уақыт келе жатыр.

Сондай кәсіпкерлердің бірі Меркі ауданына қарасты Ақтоған ауылында тұрады. Жеке кәсіпкер Кайрат Акимов Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Жамбыл филиалы арқылы 4 млн теңге несие рәсімдеп, 10 бас бие сатып алған. Кәсіпкер сауын биелерінің санын көбейтіп, саумал мен қымыз дайындап сатуды жоспарлап отыр.

Оған қоса, мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отырған шаруалар аз емес.

Оның бірі - Қармақшы ауданына қарасты Ақжар ауылының тұратын Наурызбек Темірбаев. Ол Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қызылорда филиалынан 2,4 млн теңге несие рәсімдеп, жылқы сатып алған болатын.

Жылқының жайын жақсы білетін жігіт Қамбар ата тұқымын көбейтіп, шаруашылығын дамытпақ.

Сондай-ақ,Созақ ауданына қарасты Таукент ауылында тұратын Гүлсара Исламова төрт түліктің төресін өсіруді таңдапты.

« «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Түркістан филиалынан 3,5 млн теңге несие рәсімдеп, 10 жылқы сатып алдым. Жылқы өсіріп, өнімінен табыс табуды жоспарлап отырмын. Қазіргі уақытта қымыз бен жылқы етіне сұраныс жоғары. Саумал ішіп, денсаулығын түзейтіндер де көп», - деді ол.

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында мал, құс шаруашылығымен айналысамын дейтіндерге 6,5 жылға 6 процентпен 4 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі де бар.

Аягөз Құрмаш 

Фото: ашық дереккөз

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды