- Басты
- Келесі жылы Үкімет Парламент қарауына 16 заң жобасын ұсынады
Келесі жылы Үкімет Парламент қарауына 16 заң жобасын ұсынады
2020 жылы Үкімет Парламент қарауына 16 заң жобасын ұсынады. Бұл туралы үкімет отырысында Әділет вице-министрі Н.Пан айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Н.Панның айтуы бойынша, аталған жоспар жобасы президент пен мемлекеттің стратегиялық құжаттарында айқындалған міндеттер негізінде әзірленген.
"Жоспар жобасы 16 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Олар әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары, ерекше тауарларды бақылау, көрнекі ақпарат және басқа да салаларды одан әрі дамытуға бағытталған", - деді вице-министр.
Сондай-ақ оның айтуынша, бұдан басқа алдағы жылы Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарынан туындайтын 2 заң жобасы Парламентке енгізіледі.
"Бұл халықтың барлық жас топтары арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытуға, балалар үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған заң жобасы. Және жергілікті маңызы бар әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде аудандық, қалалалық, ауылдық деңгейлердің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейтуді көздейтін заң жобасы әзірленетін болады", - деді.
Сонымен қатар Н.Пан келер жылы ұсынылатын жоспар жобасында көзделген 16 заң жобасының ішінен Парламентке 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында - 4, ал екінші жартыжылдығында - 12 заң жобасын енгізу жоспарланғанын айтып өтті.
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 3 заң жобасын әзірлейді. Қорғаныс, Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Мәдениет және спорт, Экология, геология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері 2 заң жобасынан әзірлейтін болады. Ал Қаржы министрлігі бір заң жобасын дайындайды", - деді вице-министр.
Бұдан бөлек Панның сөзіне сүйенсек, алдағы жылы екі жаңа заң жобасын әзірлнеді. Олар - ерекше тауарларды бақылау туралы және өсімдік әлемі туралы заң жобалары.
"Ерекше тауарларды бақылау туралы заң жобасы жаңа редакцияда әзірлеу, экспорттық бақылау жүйесін жетілдіру және ұлттық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Ал өсімдік әлемі туралы заң жобасы өсімдіктер әлемі әртүрлілігін қорғау және пайдалану саласындағы қатынасты реттеуді қамтамасыз ету, оларды тиімді басқару үшін жағдай жасау мақсатында қажет", - деп атап өтті ол.
Назерке Сүйіндік
-
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
2021 жылы төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгерді
-
Мәжілістің жаңа сессиясы аясында қандай заң жобалары қаралмақ
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
Жаңа үкімет құрамы жасақталды
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек
-
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты
-
Заңнамадағы жаңа түзетулер: Студенттерге мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

