• Басты
  • Келер жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасының талаптары күшейтіледі
27 Қараша, 2019 17:30

Келер жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасының талаптары күшейтіледі

Келесі жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оның талаптары күшейтілетін болады. Бұл туралы "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы" тақырыбында өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Келер жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасының талаптары күшейтіледі

"Кеше шетелде кадрлар дайындау бойынша республикалық комиссияның отырысы болды. Бағдарлама ашылған 1993 жылдан бастап 26 жыл ішінде 13 мыңнан астам азаматқа стипендия тағайындалды. 50 пайыздан астам стипендиант әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша, 30 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша, ал қалғандары медициналық және шығармашылық бағыттағы мамандықтарда білімдерін жетілдірді. Кешегі комиссияның отырысы туралы айтсам, онда 234 үміткерге стипендия тағайындалды. Айта кету керек, соңғы үш жылда биыл бірінші рет "Болашақ" бағдарламасы кең танымалдылыққа ие болып отыр", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, биыл "Болашақ" бағдарламасына азаматтардың қызығушылығы ерекше. Сондай-ақ комиссия отырысы кезінде комиссия мүшелеріне де таңдау қиынға түскен, себебі биыл конкурсқа мықтылардың мықтысы құжат тапсырыпты.

Сонымен қатар вице-министр өз баяндамасында келесі жылдан бастап аталмыш бағдарламаның талаптары күшейтілетінін атап өтті.

"Биыл жазда мемлекеттік хатшы  "Болашақ" бағдарламасын модернизациядан өткізу үшін жоспар дайындауды тапсырған болатын. осыған орай келесі жылдан бастап жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа талаптар енгізілетін болады. Басты өзгерістерге тоқталсам, келесі жылдан бастап "Болашақ" приоритеттегі мамандықтарға басымдық береді. Сондай-ақ мақсатты түрде экономикамызды дамытуға септігін тигізетін мамандарды дайындауға көп көңіл бөледі. Әлем де, мамандықтар да күн сайын ауысуда, сол себепті бізге де көштен қалмас үшін өзгерістерге бейімделуіміз қажет", - деді Рүстем Биғари.

Сондай-ақ оның айтуынша, аталған бағдарламаға тапсырған жастардың ағылшын тілі деңгейі өте жоғары. Сол себепті келер жылдан бастап Қазақстандағы не шетелдегі тілдік курстар алынып тасталмақ. Сонымен қатар осыған дейінгі көрсетілген жеңілдіктер де қысқартылады.

"Соңғы үш жылда біз қазіргі жастардың ағылшын тілі деңгейінің өте жоғары екендігін байқадық. Сол себепті келесі жылдан бастап бюджеттің ақшасын үнемдеу мақсатында дайындық курстарын, тілдік курстарды алып тастаймыз. Сонымен қатар студенттердің білімін көрсететін GPA балының көрсеткішін арттырмақ. Бұдан бөлек жеңілддіктер де алынып тасталады. Мәселен, бұған дейін мемлекеттік қызметкерлерге, инженерлік-техникалық мамандықтарға жасалған жеңілдіктер алып тасталады. Тек жалпы конкурс болады. ", - деді вице-министр.

Бұдан басқа вице-министр шетелдік жоғары оқу орнын таңдау үдерістері де өзгертілетінін атап өтті.

"Бүгінгі басымдыққа ие болған 400-ге жуық ЖОО болса, келер жылдан бастап жаңа талаптарға сәйкес жоғары оқу орындары қатаң тәртіппен таңдалады. Бұрынғыдай рейтингке байланысты емес, мамандық бойынша жетекші университеттерге басымдық беріледі. Себебі көп жағдайда универдің өзінің рейтингі жоғары болғанымен, ондағы мамандықтардың деңгейі оған сай болмауы мүмкін. Сондықтан мамандықтар бойынша жетекші жоғары оқу орындарына басымдық беріледі", -  деді ол.

Сонымен қатар рүстем Биғаридің айтуынша, бұдан былай елдің кез-келген азаматы аьалған бағдарлама бойынша кімдердің білім алып жатұанын, қандай мамандықта оқитыны секілді мәліметтерді көруге мүмкіндік алады.

"Сондай-ақ біз ашықтықты қолға алып отырмыз. Республиканың кез келген азаматы ашық профильден үміткердің аты-жөнін, қандай мамандыққа оқуға тапсырғанын және оқу үлгерімінің қалай екенін көруге мүмкіндік алады. Мәселен, докторантура бағдарламасы бойынша оқуға кеткендер тек оқуын бітіріп қана қоймай, еліміздің экономикасын қажетті мәселелерді зерттеп, нақты кейспен ғана оқуға жіберіледі", - деп атап өтті вице министр.

Бұдан бөлек айта кету керек, қазіргі таңда 6 943 түлек өздерінің шарттық міндеттемелерін орындады. Олардың ішінде еңбекпен қамту мониторингінде тұрғандары саны – 3 374 құрайды, диплом күтіп отырғандары – 388, еңбек арқылы жұмыс істеу бөлігінде шарттық міндеттемелерді орындау кейінге қалдырылғандар (оқуға, бала күтіміне және т.б. байланысты) саны – 150 адамды құрап отыр.

Ал бүгінгі күні "Болашақ" бағдарламасымен әлемнің бірнеше елінде 1199 стипендиат білім алуда. Олардың 7-еуі бакалавриат, 1016-сы магистратура, 137-сі докторантура бағдарламалары бойынша, ал 39-ы тағылымдамадан өтуде. Стипендиаттар саны жағынан Ұлыбритания мен Ирландияда – 44,8%, АҚШ пен Канадада – 41,5%, Құрлықтық Еуропа елдерінде – 6,4%, Азия және Тынық мұхиты елдерінде – 5,5%, Ресей Федерациясында – 2,2%-ға тең. 

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды