• Басты
  • Кеңесте білім беру жүйесіне ерекше басымдық берілді – Р.Кенжеханұлы
27 Мамыр, 2020 14:06

Кеңесте білім беру жүйесіне ерекше басымдық берілді – Р.Кенжеханұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында айтылған мәселелер мен бастамаларға қатысты Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы сарапшылық пікірін білдірді, деп хабарлайды Strategy2050.kz.

 


 Кеңесте білім беру жүйесіне ерекше басымдық берілді – Р.Кенжеханұлы

Онлайн өткен отырысқа қоғам қайраткері өзі де қатысып мектептердің бір ауысымға көшуі мен қашықтықтан оқыту мәселелерін көтерген еді.

 «Бүгінгі өткен кеңесте білім беру жүйесіне ерекше басымдық берілді. Бұл саланы одан әрі жан-жақты дамыту мәселелері талқыланып нақты ұсыныстар айтылды. Білім беру саласындағы көп мәселелер қаржыландыруға байланысты екені анық. Ең озық 10 елдің қаражаты мен біздің бюджетті салыстырғанда 10 есе алшақтық байқалады. Нақты мысалдарды Президенттің өзі келтірді және үкімет пен білім министрлігіне тапсырма берді. Болашақта осы мәселені кезең-кезеңмен орындауды тапсырды. Бұл білім саласының дамуына, мұғалімдер мен жастардың болашағына қолдау болып табылады», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның дамыған мемлекеттер қатарынан орын алуына ештеңе кедергі болмауы тиіс екенін айтты.

 «Мемлекет басшысы кеңес мүшелерінен түскен ұсыныстарды да қолдағанын тілге тиек етті. «Мәселен, қашықтан оқытуға байланысты технологияларды кеңінен енгізу мәселесі қолдау тапты. Әрине, бір кеңеспен немесе бір жиынмен мәселенің бәрін шешіп тастау мүмкін емес. Ең маңыздысы бұл процесс жанданды. Мен осы саламен айналысып жүрген маман және кеңес мүшесі ретінде бүгінгі өткен жиынның шешімдерімен келісемін»,– деді Рауан Кенжеханұлы.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы онлайн форматта өтті. Кезекті отырыстың тақырыбы адами капиталды дамытуға,ғылым, білім беру, денсаулық сақтауға арналды.

   Фото: ашық дереккөз

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды