- Басты
- KazOil2019: Майлы дақылдар мәдениетін дамытудың әлеуеті мол
KazOil2019: Майлы дақылдар мәдениетін дамытудың әлеуеті мол
Елордада майлы дақылдар маусымының алдында дәстүрлі түрде өтетін KazOil2019 III халықаралық конференциясы өтті. Майлы дақылдар бизнесінің ірі өкілдерінің кездесу мақсаты жаңа маусымның басында саладағы жаңашылдықтар мен даму жолдарынан хабардар болу, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Биылғы ауа райы қазақстандық нарыққа сынақ болған. Осы жылы конференцияға қатысушылар мен шетелдік өкілдердің саны артып отыр. Халықаралық конференцияға 19 елден 200-ге жуық өкіл келген. Бұл Қазақстан мен Орталық Азияның нарығы әлемдік аренада айтарлықтай қызықты екенін көрсетеді.
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жыл санап конференцияға қатысушылар саны артып отырғаны қуантатынын жеткізді.
«Шараға шетелдік әріптестеріміз бен қонақтар қатысып отыр. Бұл біздің алдымызға ауыл шаруашылығының майлы дақылдар саласын дамыту міндетін қойып отыр. Министрлік бүгінде осы мақсатта бірқатар шараны жүзеге асырып жатыр. Қазақстан дәстүрлі мәдениетпен қоса, майлы дақылдар саласын дамытуда.Мемлекет саясаты өсімдік шаруашылығын әртараптандыруға бағытталған. Мономәдениеттен кету майлы дақылдар алаңын кеңейтуге мүмкіндік берді. 2019 жылы майлы дақылдар алаңы 1,2 млн гектарды құраса, 2019 жылы 2,9 млн гектарды құрап отыр», - деді С.Омаров.
Сонымен қатар, министр айтып өткендей, Қазақстан бүгінде майлы дақылдарды өндірумен ғана емес, оны қайта өңдеу өнімдерін де шығарады.
«Біздің өнім сұранысқа ие және жоғары сапалылығымен ерекшеленеді. Тұрақты экспорттық сұраныста майлы дақылдар экспорты жыл сайын артып келеді. Бүгінде біз 40 пайыз майлы дақылды шикізат ретінде экспорттап жатырмыз. 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы шикізат экспорты 21,6 пайызға өсті. Бұл 206 жылмен салыстырғанда 73,4 пайызға жоғары болып, 1 млн тоннаны құрады. Біздің алдағы мақсатымыз – дайын өнімді экспорттау. Республикада майлы дақылдарды қайта өңдейтін 52 кәсіпорын бар. Оның жалпы қуаттылығы жылына 2 млн тонна. Биылғы 9 айда тазартылған және тазартылмаған майлы дақылдар өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 32,1 пайызға артып, 343,5 тоннаны құрады», - деді министр.
Оған қоса, Сапархан Омаров республикаға күнбағыс майы көп жағдайда Ресей, Малайзиядан енгізілетінін айтты.
«Күнбағыс майының экспорты 2018 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге артты. Маргарин өнімдері 42 пайызға артты. Күнбағыс майы көбінесе Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстанға экспортталады. Зығыр майын көп жағдайда Қытай, соя майын Өзбекстан сатып алады.Өңірлердегі дақыл мәдениетін дамыту бойынша да жұмыстар атқарылып жатыр», - деді министр.
Министрдің айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі «Солтүстік соя» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.
«Бағдарлама солтүстік өңірдегі соя өндірудегі аграршыларды қолдауға бағытталған. Бағдарламаны жүзеге асыру 5 жыл ішінде егу алқаптарын 1,5 млн гектарға арттырып, өнімділікті арттырып, 3 млн тоннаға дейін өнім өндіруді қамтамасыз етеді. Экспорттың артуына септігін тигізіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, еңбек өнімділігін арттырады», - деді С.Омаров.
Сондай-ақ, министр Солтүстік Қазақстан облысы өсімдік саласы бойынша көш бастап тұрғанын айтты.
«Облыс жер ресурстарына да бай. Фермерлердің қызығушылығы да мол. Биыл облыста 14 мың гектар әртүрлі тұқымды соя отырғызылды. Австриядан жеткізілген асылтұқымды тұқым отырғызылды. Бұл өңірдің ауа раы ерекшелігіне бейімделе алады. Биылғы жылдың өнімділігі бойынша 1 гектардан 20 центнер алынды. Бұл республикалық деңгейде өте жақсы көрсеткіш. Майлы дақылдармен айналысатын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қолдау көрсетуді жалғастырып жатырмыз», - деді С.Омаров.
Сонымен қатар, министр «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жылына жылдық көрсеткіш бойынша 6 пайыздық несие ставканы субсидиялау бойынша берілетінін айтты.
«Тауар өндірушілердің сұрауы бойынша қазір инвестициялық көшуді қарастырып жатырмыз. Мақсатқа бірге жету үшін алдыңғы қатарлы инвестициялық жобаларды жүзеге асырған жөн. Аталған конференцияға қатысу шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді», - деді С.Омаров.
Өз кезегінде Қазақстан нарығында белсенді жұмыс істеп жүрген «Қазақстанның астық одағы» ЗТБ атқарушы директоры Шоқан Бадыхан конференция жаңа байланыс орнатуға мол мүмкіндік беретінін айтты.
Қатысушылар майлы дақылдар саласын дамытумен қатар,пікір алмасты.
Аягөз Құрмаш
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
Қазақстан және Канада: келешегі мол ынтымақтастық
-
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
-
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті
-
«Birgemiz: Bilim» жобасы: Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы ауыл балаларына қолдау көрсетілді
-
Маңғыстау облысының дамуы: экономикалық көрсеткіштер, ауыз су мәселесі, туризм әлеуеті
-
Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Табысты кәсіпкер әйелдер тәжірибелерімен бөлісті
-
Археология: қажырлы еңбек және мол мүмкіндіктер
-
COVID-19 вирусынан амбулаториялық емдеу негізінде қандай дәрі-дәрмек тегін беріледі
-
Қазақстанда мүгедек балалары бар ата-аналарға тегін психологиялық көмек көрсетіледі
-
Коронавирус: Кез келген препараттың кері және жанама әсері болады
-
Ақмола облысының әкімі: 23 адам індет салдарынан көз жұмды
-
Нұрсұлтан Назарбаев темір жол транзитінің әлеуетін арттыруды тапсырды
-
Ө.Шөкеев: Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың басым бағыттары айқын

